КАПЧАГАЙ:: Официальный сайт города :: Нормативно-правовая база
freim_logo карта сайта написать РК
Қазақша нұсқа
Орысша нұсқа
empty
Басып шығару   Google+   Google+

icon Қала Әкiмі
Әкімінің блогы
Қала әкіміне сұрақ
icon Қаланың әкiмдiгi
icon Бөлiмдерi
icon Мемлекеттік қызметтер
icon Нормативтiк құқықтық актiлер
icon Жұмыс кестесі
icon Бос орындар
icon Қабылдау бөлмесi



icon Мәслихат
icon Прокуратурасы
icon Жер заңды негізінде
Мемлекеттiк қызметтердiң имиджi



icon Мемлекеттік сатып алу
icon Жер телiмдердiң кадастрлық құны
icon Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі
icon 2016 Жария ету



icon Сайлау 2016
icon vopros_akimu
маслихат

 

       Праздники Казахстана


 < Негiзгi
Бүгiнгi:

  


 



Заречный, Шеңгелді ауылдық округтері және Қапшағай қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

 

Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 маусымдағы №384 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 23 маусымда № 2758 болып тіркелді.

 

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Заречный, Шеңгелді ауылдық округтері және Қапшағай қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Сүгіров Ілияс Сейтбекұлына жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі Н. Таубаев

 

Қосымша >>

 

/10:54 15  Шілде 2014 г./   



Қала әкімдігінің маңында қала

құрылысы кеңесін құру туралы

 

 

Қапшағай қаласын және ауыл аймағын тиімді дамыту және салу мақсатында, Қала әкімінің аумақтық бағынышындағы тұрғын үй, іскерлік, өндірістік, үзілістік және өзге де объектілерді орналастыруымен қала құрылыстық жоспарлауды реттеу, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес, Қапшағай қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қала әкімдігінің маңында құрамы №1 қосымшаға сәйкес қала құрылысы кеңесін құрылсын.

2. Қала әкімдігінің маңындағы қала құрылысы кеңесінің құрамын қалалық маслихатқа бекітуге енгізілсін.

3. Қала әкімдігінің маңындағы қала құрылысы кеңесінің ережесін №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4. Қапшағай қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қазандағы №474 қаулысының күші жойылған деп есептелсін.

5. Осы қаулының орындалуы қала әкімінің орынбасары І.Сүгіровке жүктелсін.

 

Қала әкімі Н.Таубаев

 

Қосымша >>

 

/10:54 04  Шілде 2014 г./



 

19 желтоқсандағы № 689 қаулысы.
Қапшағай қаласының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 13 қаңтардағы 2556 нөмірімен тіркелді

 

Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша

тізбесін белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2- тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:

екі және одан да көп ай жұмыс істемейтін адамдар;

бұрын жұмыс істемеген адамдар;

жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

отбасында бірде-бір жұмыс істейтін мүшесі жоқ тұлғалар;

техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер;

елу жастан үлкен тұлғалар.

2. Қапшағай қаласы әкімдігінің 2012 жылы 12 наурыздағы «Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 03 сәуірдегі № 2-2-135 болып енгізіліп, «Бизнес Дайджест Капшагая» газетінің 2012 жылдың 12 сәуірдегі № 13(186) санында жарияланған) № 120 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі Н.Таубаев


/16:54 15  Қаңтар 2014 г./   

 



Жоба

Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша

тізбесін белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1- тармағының 14) тармақшасына, 37-бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:

екі және одан да көп ай жұмыс істемейтін адамдар;

бұрын жұмыс істемеген адамдар;

жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

отбасында бірде-бір жұмыс істейтін мүшесі жоқ тұлғалар;

техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер;

елу жастан үлкен тұлғалар.

2. Қала әкімдігінің 2012 жылғы 12 наурыздағы «Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» № 120 қаулысының күші жойылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі Н.Таубаев


/10:45 22  Қараша 2013 г./   

 



 

Жоба

«Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде

тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына

квота белгілеу туралы» қала әкімдігінің 2011 жылғы 09 желтоқсандағы № 648 қаулысына өзгерістер енгізу туралы


Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына, 15 ақпан 2012 жылғы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына және 15 маусым 2012 жылғы №2-0404-12-04829 Алматы облыстық прокуратурасының хатына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» № 648

қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қала әкімдігінің 2011 жылғы 09 желтоқсандағы № 648 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 2-2-127 тіркелген, 2012 жылғы 02 қаңтардағы № 01-02 (175) «Нұрлы Өлке» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

1. Қапшағай қаласындағы меншік нысандарының барлық ұйымдарында, кәсіпорындарында және мекемелерінде жұмыс орындарының жалпы санының бес процент мөлшерінде қылмыстық- атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2.Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қала әкімі Н.Таубаев


/14:10 20 Маусым 2013 г./   



 


Қапшағай қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 106 қаулысы Қапшағай қаласы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 04 наурыздағы 2308 нөмірімен тіркелді




Қапшағай қаласы бойынша

қоғамдық жұмыстарды

ұйымдастыру туралы



Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5) тармақшасына және 20-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысына сәйкес, Қапшағай қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қапшағай қаласында қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.

2.Қосымшаға сәйкес Қапшағай қаласы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.

3.Қапшағай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 10 ақпандағы «2012 жылы Қапшағай қаласы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 28 ақпандағы №2-2-134 болып енгізіліп, Нұрлы Өлке» газетінің 2012 жылдың 08 наурыздағы №13(182) санында жарияланған) №42 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4.Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

5.Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша >>

 

Қала әкімі Н.Таубаев

/14:11 05 Наурыз 2013 г./   



 

Жоба

 

 

Қапшағай қаласы бойынша

қоғамдық жұмыстарды

ұйымдастыру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31- бабы 1- тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7- бабының 5) тармақшасына және 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоғамдық жұмыстар ұсыныс пен сұранысқа сай айқындалып, жұмыссыздар үшін уақытша жұмыс орнын ашу жолымен ұйымдастырылсын.

2.Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3.Қапшағай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 10 ақпандағы «2012 жылы Қапшағай қаласы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» № 42, (Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2012 жылы 28 ақпанда нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-2-134 нөмірімен енгізілген, қалалық «Нұрлы Өлке» газетінің 2012 жылдың 8 наурыздағы № 13(182) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4.Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

5.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша >>

 

Қала әкімі Н.Таубаев

/11:19 27 Қаңтар 2013 г./   



 

Жоба

 

 

 

«Бас бостандығынан айыру

орындарынан босатылған

адамдар үшін жұмыс орындарына

квота белгілеу туралы» қала әкімдігінің

2011 жылғы 09 желтоқсандағы

№ 648 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қала әкімдігінің 2011 жылғы 09 желтоқсандағы № 648 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 22 желтоқсанда № 2-2-127 тіркелген, 2012 жылы 02 қаңтарда «Нұрлы Өлке» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы».

Көрсетілген қаулының 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

1. Қапшағай қаласындағы меншік нысандарының барлық ұйымдарында, кәсіпорындарында және мекемелерінде жұмыс орындарының жалпы санының үш процент мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі Н.Таубаев

 

/12:32 28 Қараша 2012 г./   



Жоба

 

2013 жылы Қапшағай қаласы бойынша

қоғамдық жұмыстарды

ұйымдастыру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31- бабы 1- тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7- бабының 5) тармақшасына және 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоғамдық жұмыстар ұсыныс пен сұранысқа сай айқындалып, жұмыссыздар үшін уақытша жұмыс орнын ашу жолымен ұйымдастырылсын.

2.Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3.Қапшағай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 10 ақпандағы «2012 жылы Қапшағай қаласы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» № 42, (Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2012 жылы 28 ақпанда нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-2-134 нөмірімен енгізілген, қалалық «Нұрлы Өлке» газетінің 2012 жылдың 8 наурыздағы № 13(182) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4.Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

5.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша >>

 

 

Қала әкімі Н.Таубаев

/11:12 23 Қараша 2012 г./   



Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 1 қаулысы

 

 

 

«Қапшағай қаласында жұмыссыздықтан

әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша

шаралар белгілеу туралы»

 

Қапшағай қаласының әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қаңтардағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2-2-100 болып енгізілді.

 

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына және 2 тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Мемлекет Басшысының 2009 жылға 6 наурыздағы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, сонымен бірге жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қосымшаға сәйкес «Жастар практикасын» ұйымдастыру және өткізуге байланысты Қапшағай қаласында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгіленсін.

2.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары І.Сүгіровке жүктелсін.

3.Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қосымша №1>>

 

 

Қала әкімі Н.Таубаев


Алматы облысы Қапшағай қаласының әкімдігінің 2011 жылғы 01 наурыздағы № 103 қаулысы

 

 

 

«2011 жылы Қапшағай қаласы

бойынша ақылы қоғамдық

жұмыстарын ұйымдастыру туралы»

Қапшағай қаласының әділет басқармасында 2011 жылғы 22 наурыздағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2-2-117 болып енгізілді.

 

 

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру туралы» №836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесі негізінде Қапшағай қаласының әкімдігі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Ақылы қоғамдық жұмыстар ұсыныс пен сұранысқа сай айқындалып,

жұмыссыз азаматтар үшін уақытша жұмыс орнын құру жолымен ұйымдастырылсын.

2.Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен

нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3.Қапшағай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 2 «2010 жылға қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы», (Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2010 жылдың 22 қаңтарында 2-2-101 нөмірімен нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген, 2010 жылдың 05 ақпанында «Нұрлы Өлке» газетінің №5-6(69) санында жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.

4.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жанат Асылханұлы Асантаевқа жүктелсін.

5.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қосымша №103>>

 

 

Қала әкімі Н.Таубаев


Алматы облысы Қапшағай қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 28 сәуір № 427 қаулысы

 

«Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек

балаларға қосымша әлеуметтік көмек

туралы» қала әкімдігінің

2009 жылғы 29 мамырдағы № 469

қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

 

Қапшағай қаласының әділет басқармасында 2010 жылғы 01 маусымдағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2-2-106 болып енгізілді.

 

Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңының 28 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабына, 6 тармақтың 29 бабына, «Қапшағай қаласының 2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 173-33 шешіміне сәйкес (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 5 қаңтарда 2-2-97 нөмірімен тіркелген, «Нұрлы Өлке» газетінің 2010 жылғы 7 қаңтардағы 1 санында жарияланған), қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы» қала әкімдігінің 2009 жылғы 29 мамырдағы №469 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 маусымда 2-2-86 нөмірімен тіркелген, «Нұрлы Өлке» газетінің 2009 жылғы 13 маусымдағы 23 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1)1 тармақтағы 5 саны 8 санына ауыстырылсын.

2)2 тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:

«2.Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және де он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды өз қамқорлығына алған (толық мемлекет қамқорлығында болған мүгедек балалардан және әке-шешесі ата-аналық құқықтан айырылған мүгедек балалардан басқаларға) ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамдарға отбасының табысына қарамай, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия берген анықтамада көрсетілген мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп табылған сәттен бастап бір жылға және үйде оқыту қажет деп табылған сәттен бастап бір оқу жылына тағайындалады деп белгіленсін».

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі Н.Таубаев


Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 04 сәуірдеғі № 151 қаулысы

 

2011 жылдың сәуір-маусымында және

қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді

әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру

және өткізуді қамтамасыз ету туралы

 

Қапшағай қаласының әділет басқармасында 2011 жылғы 15 сәуірдеғі нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2-2-119 болып енгізілді.

 

 

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабының 3 тармағына, 20 бабының 1 тармағына, 23 бабына және 44 бабына сәйкес, сондай-ақ «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысын орындау мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қапшағай қаласы, Гоголя көшесі, № 6 үй мекен-жайындағы шақыру учаскесінде Қапшағай қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы он сегізден жиырма жеті жасқа дейіңгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізу 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2. Қалалық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.

3. Азаматтарды шақыруды өткізуінің кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4. Ауылдық округтерінің әкімдері 2011 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсан айларында өтетін шақыру кезеңінде әскер қатарына шақырылғандарды олардың шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабардар етіп олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін;

5. "Қапшағай қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директоры Әспет Жәлкенқызы Ербосыноваға (келісім бойынша):

1)қалалық шақыру комиссиясын білікті дәрігер мамандарымен және орта буын медициналық қызметшілерімен жасақтасын;

2)әдістемелік-нұсқау талаптарына сәйкес шақырылушылардың дер кезінде дәрігерлік іріктелуін қамтамасыз етсін;

3)әскерге шақырылушылардың амбулаториялық, стационарлық тексерілуін және емделуін қамтамасыз етіп, ауруханада кем дегенде 5 төсектің бөлінуін ескерсін;

4)әскери-дәрігерлік комиссиясын керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін.

6. Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Данияр Қамалбекұлы Қазербаевқа (келісім бойынша):

1)қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылған шақырылушылардың тізімін Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне белгілінген мерзімде тапсырсын;

2)қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жиын орыны мен шақырылушыларды жіберу пунктерін күшейтілген кезекшілермен қамтамасыз етсін;

3)мерзімді әскери қызметке шақырылудан жалтарып жүргендерді оперативті түрде іздестіруді және ұстауды ұйымдастырсын.

7.«Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Нұрғазы Аманұлы Түсіпбековке (келісім бойынша) осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты қала әкімдігіне 2011 жылғы 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде тапсырсын.

8.Қапшағай қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тізілімінде 2010 жылғы 6 мамырдағы № 2-2-105 тіркелген Қапшағай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі «1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылдың қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуін ұйымдастыру туралы" № 373 қаулысының күші жойылған деп танылсын (2010 жылдың 7 мамырда «Нұрлы өлке» газетінің 20(83) санында жарияланған).

9.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жанат Асылханұлы Асантаевқа жүктелсін.

10.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

Қосымша №151>>

 

Қала әкімі Н.Таубаев


Жекешелендіруге жататын

коммуналдық нысандардың

тізбесін бекіту туралы

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 96-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.       Жекешелендіруге жататын коммуналдық нысандардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2.       «Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» ММ осы қаулыны орындауына шара қолдансын.

3.       Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары І. Сүгіровке жүктелсін.

4.       Осы қаулы әділет органдарын мемлекеттік тіркеуден өткен уақыттан бастап және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі Н. Таубаев


Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімінің 2010 жылғы 24 желтоқсан № 12-15 шешімі

«1994 жылы туылған азаматтарды

әскерге шақыру учаскелерінде

тіркеуге алуды ұйымдастыру және

қамтамасыз ету туралы»

 

Қапшағай қаласының әділет басқармасында 2011 жылғы 12 қаңтардағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2-2-115 болып енгізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережесін бекіту туралы» № 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу мақсатында қала әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. 2011 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1994 жылы туылған және бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды Қапшағай қаласы, Гоголя көшесі, 6 мекен-жайында орналасқан шақыру учаскесіне «Алматы облысы Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2. Заречный және Шеңгелді ауылдық округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары белгіленген мерзімде «Алматы облысы Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскер жасына дейіңгілердің тізімін берсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ілияс Сейтбекұлы Сүгіровке жүктелсін.

4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қала әкімі Н. Таубаев


ж.


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары
ҚР Рәмiздерi
Азаматтық бюджет
Қалалық қызметтер
icon Бұқаралық ақпараттар құралдары үшiн ақпарат
Қаланың кәсiпорындары

 

opros

opros


 

 

Аудармашы-сөздiк

Сөздi қазақша немесе орысша тiлде енгiзiңiз, 3 нұсқаға дейiн аударма аласыз.

ә:2, i:3, ң:4, ғ:5, ү:8,
ұ:9, қ:0, ө:-, һ:+



Қапшағай қаласының әкiмшiлiгi, 040800
Барлық құқықтар қорғалған © 2007-2017


Сайтты кұру және қолдау -
Ақпаратты пайдаланған кезде сайтқа сiлтеме жасау мiндеттi тұрде