КАПЧАГАЙ:: Официальный сайт города :: Нормативно-правовая база
freim_logo карта сайта написать РК
Қазақша нұсқа
Орысша нұсқа
empty
Басып шығару   Google+   Google+

icon Қала Әкiмі
Әкімінің блогы
Қала әкіміне сұрақ
icon Қаланың әкiмдiгi
icon Бөлiмдерi
icon Мемлекеттік қызметтер
icon Нормативтiк құқықтық актiлер
icon Жұмыс кестесі
icon Бос орындар
icon Қабылдау бөлмесi



icon Мәслихат
icon Прокуратурасы
icon Жер заңды негізінде
Мемлекеттiк қызметтердiң имиджi



icon Мемлекеттік сатып алу
icon Жер телiмдердiң кадастрлық құны
icon Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі
icon 2017 Жария ету



icon Сайлау 2017
icon vopros_akimu
маслихат

 

       Праздники Казахстана


 < Негiзгi
Бүгiнгi:

  


 

Қапшағай қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 05 ақпандағы № 120 қаулысы

(Қапшағай қаласының әділет басқармасындағы 2010 жылғы
16 наурыздағы нормативтік құқықтық кесімдерді
мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2-2-103 болып енгізілді)




2010 жылғы қаңтар айында қала әкімінің Қапшағай қаласы, Шеңгелді және Заречный ауылдық округтері тұрғындарымен есеп беру кездесулерін өткізудің қорытындылары туралы қала әкімі аппаратының жетекшісі С.Ж.Шеңкебаевтың хабарламасын тыңдап және талқылай келе, қала әкімдігі бекітілген кестеге сәйкес қала әкімінің қала және ауылдық округтер тұрғындарымен 5 есепті кездесулері өткізілгендігін атап өтеді. Бұл кездесулерге 1356 адам қатысқан. Есепті кездесулер барысында 54 адам сөз алып, әлеуметтік сипатта 28 ұсыныс түскен. Қала мен ауылдық округтер тұрғындары қала әкімінің есебін оң қабылдап, 2009 жылғы өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуына қатысты атқарған істерді қанағаттанарлық деп бағалады.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

1.Қала әкімі аппаратының жетекшісі С.Ж.Шеңкебаевтың хабарламасы назарға алынсын.

2. Қосымшаға орай 2010 жылғы қаңтар айында қала әкімінің Қапшағай қаласы, Шеңгелді және Заречный ауылдық округтері тұрғындарымен есеп беру кездесулерін өткізу кезінде айтылған азаматтардың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

3.Қала әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, бөлімдер мен комитеттердің және қалалық қызмет көрсету кәсіпорындарының басшылары:

3.1.бекітілген іс-шараларды белгіленген мерзімде жүзеге асыру жөнінде толыққанды шаралар қолдансын;

3.2. материалдарды қорытындылау үшін іс-шаралардың орындалу барысы жөніндегі хабарламаны әр айдың 10-жұлдызында жалпы бөлімге тапсырсын.

4. Қала әкімі аппаратының жетекшісі (Шеңкебаев С.Ж.) іс-шаралардың орындалу барасы туралы өңір тұрғындарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ай сайын хабардар етсін.

5. 2009 жылғы 02 наурыздағы № 26 қала әкімдігі қаулысының күші жойылсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының жетекшісі С.Ж.Шеңкебаевқа жүктелсін.

Қала әкімі                          Н.Таубаев




Қапшағай қаласының әкiмшiлiгi, 040800
Барлық құқықтар қорғалған © 2007-2017


Сайтты кұру және қолдау -
Ақпаратты пайдаланған кезде сайтқа сiлтеме жасау мiндеттi тұрде