КАПЧАГАЙ:: Официальный сайт города :: Нормативно-правовая база
freim_logo карта сайта написать РК
Қазақша нұсқа
Орысша нұсқа
empty
Басып шығару   Google+

Құрметті қапшағай қаласының тұрғындары!


   Сіздерді табиғат жаңарып, адамзаттың рухани жаңғыратын шағы - әз-Наурызбен шын жүректен құттықтаймын.
   Ғасырлар қойнауынан бастау алған Ұлыс күні - өзімен бірге көктемнің сәулелі шуағын ала келетін, адалдық пен тазалықтың, мейірім мен жылылықтың, достық пен сүйіспеншіліктің мерекесі. Бұл күні адамдар бір-біріне ақтарыла тілек айтып, ағайын-бауырлар төс қағыстырып, бір-біріне жүрек жарды тілектерін арнап, айналаға мейірім шуағын төгеді, көмек қолын созып, көпшілдік қасиетін паш етеді.
    Ұлыс күні терең жаңашылдық пен жарқындықтың, адамгершілік пен мейірімділіктің белгісі. Бұл күн мен түннің теңелген шағы үйлесімнің үлгісі, Қазақстан халқы бірлігінің, ырысы мен ынтымағының белгісі болып келеді.
    Әз наурыз ұлағатын халқымыз қалтқысыз қабылдап, жақсылықтың нышанына балаған. Бүгінде халықтың асыға күтетін айрықша мерекесіне айналған Ұлы күнді қапшағай қаласының тұрғындары да көтеріңкі көңілмен, аса құрметпен қарсы алуда.
            Қадірменді қауым, құрметті қонақтар !
       Әз-мереке әрқайсыңыздың шаңырағыңызға шаттық, құт пен береке әкеліп, әрбір үйге Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз құтты болсын!


Қапшағай қаласының әкімі Т.ҚАЙНАРБЕКОВ



icon Қала Әкiмі
Әкімінің блогы
Қала әкіміне сұрақ
icon Қаланың әкiмдiгi
icon Бөлiмдерi
icon Мемлекеттік қызметтер
icon Нормативтiк құқықтық актiлер
icon Жұмыс кестесі
icon Бос орындар
icon Қабылдау бөлмесi



icon Мәслихат
icon Прокуратурасы
icon Жер заңды негізінде
icon Соты
Мемлекеттiк қызметтердiң имиджi



icon Мемлекеттік сатып алу
icon Жер телiмдердiң кадастрлық құны
icon Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі
icon 2016 Жария ету



icon Сайлау 2016
icon vopros_akimu
маслихат

 

       Праздники Казахстана


 < Негiзгi
Сегодня:

жылғы 05 ақпандағы № 120 қаулысы

(Қапшағай қаласының әділет басқармасындағы 2010 жылғы
16 наурыздағы нормативтік құқықтық кесімдерді
мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2-2-103 болып енгізілді)




«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 1 тармағына, «Қапшағай су қоймасының жағалауын казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақ ретінде белгілеу туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 223 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан Қапшағай қаласында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын келесі аумақтар белгіленсін:

1) бірінші аумақ – оңтүстік көліктік жолайрығынан Алматы-Талдықорған автомагистралының батыс бойымен ені 400 метр, ұзындығы 1 500 метр; «Қара-Су» сайынан ені 400 метр ұзындығы 2 000 метр солтүстік көліктік жолайрығына дейінгі; солтүстік көліктік жолайрығынан ені 200 метр, ұзындығы 1 800 метр автокөлік көпіріне дейінгі аумақтар. Одан әрі – оңтүстік көліктік жолайрығынан автомагистраль мен темір жол аралығындағы су қоймасы жағалауына дейінгі аумақ;

2) екінші аумақ – оңтүстік көліктік жолайрығынан темір жол мен Алматы көшесі аралығындағы автобекетке дейінгі; одан әрі - Қапшағай қаласындағы темір жол өткелінен Сейфуллин көшесі бойымен солтүстік бағыттағы, яғни Сейфуллин көшесінің шығыс жағымен ені 300 метр, ұзындығы 3000 метр «Рауан» шағынауданындағы КНС бұрылысына дейінгі аумақ. Одан әрі – су қоймасының оңтүстік-батыс жағалауы бойымен темір жол көпіріне дейінгі ( «Рауан шағынауданының, мұнай базасы және өзен порты жерлерін қоспағанда»), яғни Сейфуллин көшесінің батыс жағымен ені 300 метр, ұзындығы 3 600 метр элеваторға дейінгі аумақ;

3) үшінші аумақ – Алматы-Талдықорған автомагистралының автокөлік көпірінен осы магистральдың шығыс жақ бойымен Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауындағы темір жол көпіріне дейінгі, автомагистральдың батыс жағындағы Алматы-Бақанас көліктік жолайрығына дейін ені 50-ден 500 метрге дейінгі аумақ.

2. Қоса беріліп отырған казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақтардың сызбасы бекітілсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                          Н.Таубаев




ж.


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары
ҚР Рәмiздерi
Азаматтық бюджет
Анықтамалық
Қалалық қызметтер
icon Бұқаралық ақпараттар құралдары үшiн ақпарат
Қаланың кәсiпорындары

 

opros

opros


 

 

Аудармашы-сөздiк

Сөздi қазақша немесе орысша тiлде енгiзiңiз, 3 нұсқаға дейiн аударма аласыз.

ә:2, i:3, ң:4, ғ:5, ү:8,
ұ:9, қ:0, ө:-, һ:+



Қапшағай қаласының әкiмшiлiгi, 040800
Барлық құқықтар қорғалған © 2007-2017


Сайтты кұру және қолдау -
Ақпаратты пайдаланған кезде сайтқа сiлтеме жасау мiндеттi тұрде