freim_logo
   Қаз
   Рус
ds
Басып шығару Google+

icon vopros_akimu

opros

opros

 

       Праздники Казахстана

   

«termincom.kz»
«tilalemi.kz»
«sozdikqor.kz»
«emle.kz»
«atau.kz»
«balatili.kz»
«tilqural.kz»

Капчагай новости 2016
 < Негiзгi
Бүгiнгi:

2018 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есепбі


Қапшағай қаласында реестр бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны- 99.
Оның ішінде:
1. Қала әкімі аппаратының АХАТ (ЗАГС) бөлімі –10 қызмет;
2. Қапшағай қаласының білім бөлімінде – 21 қызмет;
3. Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде – 19 қызмет;
4. Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінде – 9 қызмет;
5. Қапшағай қаласының жер қатынастар бөлімінде –7 қызмет;
6. Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінде–5 қызмет ;
7. Қапшағай қаласының ветеринария бөлімінде –4 қызмет;
8. Шеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты – 8 қызмет ;
9. Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты – 8 қызмет ;
10. Қапшағай қаласының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде – 5 қызмет;
11. Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде – 1 қызмет;
12. Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде – 4 қызмет;
13. Қапшағай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінде – 2 қызмет;
14. Қапшағай қаласының құрылыс бөлімінде - 3 қызмет;
15. Қала әкімі аппараты арқылы 8 мемлекеттік қызмет қабылданады.
16.
2018 жылдың 1, 2, 3, 4 тоқсан қорытындысы бойынша Қапшағай қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер барлығы - 38 264,жеке тұлға – 37 675,заңды тұлға – 1 406 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:
Қағаз түрінде:
1) жеке тұлға - 2524
2) заңды тұлға- 13
Қағаз түрінде, алайда Мемлекеттік корпорация (ЦОН) және электрондық үкіметтің веб порталы арқылы көрсетіле алатын мемлекеттік қызметтер:
1) жеке тұлға - 2142
2) заңды тұлға- 155
Ақпараттық жүйе арқылы электронды түрде:
1) жеке тұлға - 26 893
2) заңды тұлға- 463
Мемлекеттік корпорация арқылы (ЦОН):
1) жеке тұлға - 6067
2) заңды тұлға- 764
Электрондық үкіметтің веб порталы, «е-лицензия» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген:
1) жеке тұлға - 49
2) заңды тұлға- 11

Қапшағай қаласы бойынша 2018 жылы 5 мемлекеттік қызмет уақыттар бұзылып, көрсетілген. Олар:
1. 2018 жылдың 23 және 25 қаңтар күндері «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» мемлекеттік қызмет бойынша 2 мемлекеттік қызмет уақытылы орындалмағанға байланысты «Қапшағай қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Мұсағитов Сағынайға 2018 жылы 5 сәуірде № 6Б бөлім басшысының бұйрығына сәйкес ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2. 2018 жылы 14 ақпан күні «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет бойынша 3 мемлекеттік қызмет уақытылы орындалмағанға байланысты «Қапшағай қаласының білім бөлімі» бас маманы Сүттібаева Әсемге 2018 жылы 28 сәуір күні білім бөлімінің № 5 бұйрығына сәйкес ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Қапшағай қаласы бойынша жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі қадағалауды жүргізу бойынша 2018 жылғы бақылау іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шара жоспарына сәйкес қазіргі уақытта 13 жергілікті атқарушы органдарында ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. Бақылау нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ескертулер мен ұсыныстар жасалды. Қазіргі таңда ескертулер жойылған, ұсыныстар назарға алынды.
Осы күнге дейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында, электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша 2018 жылға бекітілген медиа-жоспарға сәйкес, 41 іс-шара өткізілді.
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін түсіндіру, цифрлық қолтаңбаны насихаттау бойынша 2018 жылдың 9 сәуірінде бекітілген кестеге сәйкес, 28 сәуірде Заречный ауылдық округінде шамамен 40 жергілікті тұрғынмен, 19 мамырда Шеңгелді ауылдық округінде 60 шақты тұрғынның қатысуымен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге Қапшағай қаласының мемлекеттік қызметтер көрсететін 13 мекемесі және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қатысты.Тұрғындарға жәрмеңке барысында электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері түсіндіріліп, ауыл тұрғындарының мемлекеттік қызмет алу саласындағы өздерін қызықтыратын өзекті сұрақтарына жауап, кеңестер берілді, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тәсілдері туралы қолжетімді түрде жазылған брошюралар мен парақшалар таратылды.
Қапшағай қаласында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ағымдағы жылдың 3 шілдесінде, халық көп жиналатын сауда орталығында өткізілді. Жәрмеңкеге мемлекеттік қызметтер көрсететін 11 мемлекеттік мекемелердің және «Халыққа қызмет көрсету орталығының» мамандары қатысты. Жәрмеңкеге 100 шақты адам келді. Қала тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы түсіндірілді. Жәрмеңкеге қатысқан мемлекеттік мекеме мамандары келушілерді қазіргі кезде электронды жүйе бойын¬ша көрсе¬тілетін мемлекеттік қызмет түрлерімен таныстырып, электронды қолтаңбаны қолдану тәртібін түсін-дірді.
Мемлекеттік қызметтердің орындалуы туралы, мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындаған мәселелер бойынша, мемлекеттік қызметтерді электронды түрге көшіру бойынша, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарын халықтын әлеуметтік әлсіз топтарына және зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыссыздар, аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік қызметтердің алу тәртібі туралы мемлекеттік мекемемелер және мемлекеттік қызмет алушылар арасында 10 дөңгелек үстелдер өтті.
Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің электронды түрде алу тәртібі, үшінші тұлғалармен мемлекеттік қызметті алу туралы және т.б тақырыптарда мемлекеттік мекемемелер және мемлекеттік қызмет алушылар (тұрғындар) арасында25 семинарлар өткізілді. Мемлекеттік мекемелер ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметтерді заңнамаларға және стандарт пен регламентке сәйкес көрсету туралы 3 жиналыс өтті.
«Egov» электронды порталымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тиімділігін түсіндіру, электронды қолтаңбаны қолдану тәртібін түсін¬діру, және мемлекеттік қызметтерді telegram – бот (egov.kzbot) приложение арқылы алу тәсілдері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес АҚ Алматы облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Қапшағай қалалық бөлімімен бірлесіп тұрақты түрде Қапшағай қаласында, ауылдық округтерде орналасқан мекемелерде оқу-семинарлар жүргізілген.
11 мақала қалалық жергілікті қоғамдық - саяси «Нұрлы өлке» газетіне жарияланды және мемлекеттік қызметтерге қатысты мақалалар, жарнамалар тұрақты түрде қала әкімі ресми сайтында жарияланады.
Жалпы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша, түсіндіру іс-шаралармен қамтылған халық саны – 13 855 адам.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша, маусым айында Қапшағай қаласы әкімі аппаратының АХАТ (ЗАГС) қызметінің жетекші маманы Талдықорған қаласында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Мамыр айында «Қапшағай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің, қыркүйек айында «Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жауапты бас мамандары Талдыкорган қаласында қайта даярлау курстарынан өтті.
Жаппай цифрландыруға көшу, электронды цифрлы қолтаңба арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуды қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтерде,білім мекемелерінде- барлығы 8 балабақшада, 15 орта білім орындарында, Қапшағай қаласынын көпсалалық колледжінде, Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылған. Қапшағай қалалық ауруханада бір кабинетте арнайы «Цифрлық сауаттылық пунктісі» ашылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2 баннер әзірленді. Қызмет алушылардың құқықтары, шағымдану тәсілдері, электронды қызметтер тақырыбында 4 бейнеролик жасалынған (Олар: «Қапшағай қаласының білім бөлімі» ММ-сі, «Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі, «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі, «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-сі)

ж.


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары
ҚР Рәмiздерi
Азаматтық бюджет
Қалалық қызметтер
icon Бұқаралық ақпараттар құралдары үшiн ақпарат
Қаланың кәсiпорындары

 

akorda

Astana20




«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына енгізілген өзгерістер



ХАБАРЛАМА Құрметті қапшағайлықтар!

«Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін Қапшағай қалалық мәслихатының «Қапшағай қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 63-227 «Қапшағай қаласының 2020-2022 жылдарға
арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы орналастырылды

Сілтемесі:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=3918394   

 

/ 21.05.2020/

ХАБАРЛАМА Құрметті қапшағайлықтар!

Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің 14.04.2020 жылғы №33-ПГВр қаулысын орындау мақсатында Қапшағай қаласы бойынша қала ішіндегі маршруттар қызметін тоқтататынын хабарлаймыз. Барлықтарыңызды қолдау мен түсіністікпен қарауды сұраймыз.

/ 21.04.2020/

Кәсіпкерлердің назарына!

ҚР-да жарияланған төтенше жағдайға байланысты (Алматы облысы аумағында) «Бизнестің жол картасы -2025» бағдарламасы шеңберінде гранттық қаржыландыруға құжаттарды қабылдау белгісіз мерзімге ауыстырылғанын ақпарат ретінде хабарлаймыз.

/ 18.03.2020/

Құрметті қапшағайлықтар!

«Қапшағай қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (БСН: 111240022022, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, № 13) таратылуы туралы хабарлайды. Шағымдар хабарлама жарияланған күннен бастап екі ай ішінде Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, № 13 мекен-жайы бойынша қабылданады. Тел: 8 (72772) 4-23-15;

/ 17.03.2020/

Қапшағай қаласында азаматтарды қабылдау туралы

2020 жылдың 6 наурызында (сағ.10.00-ден 12.00-ге дейін) Қапшағай қалалық прокуратурасының ғимаратында (Қапшағай қаласы, Степная көшесі, 6) Алматы облысы прокурорының орынбасары Е.М.Сыбанқұлов азаматтарға қабылдау жүргізеді.
Жеке қабылдауға 8 (72772) 4-64-55, 4-22-08 байланыс телефондары арқылы алдын-ала жазылу жүргізіледі.

/ 04.03.2020/

Азаматтарды қабылдау туралы

2020 жылдың 6 наурызында (сағ.15.00-ден 17.00-ге дейін) Мекемелерде қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратурасының ғимаратында (Қапшағай қаласы, Степная көшесі,6) Алматы облысы прокурорының орынбасары Е.М.Сыбанқұлов азаматтарға қабылдау жүргізеді.
Жеке қабылдауға 8 (72772) 4-17-01 байланыс телефон арқылы алдын-ала жазылу жүргізіледі.

/ 04.03.2020/

Құрметті қапшағайлықтар!

Қапшағай ҚПБ ЖПҚБ УПИ 2020 жылдың 1-ші тоқсанында халық алдында есеп беру кестесі

/ 14.02.2020/

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

2020 жылы 21 қаңтарда сағат 10.00-ден Қапшағай қаласының әкімі Т.Қ.Қайнарбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.
Азаматтарды қабылдау Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, 13-үй мекенжайы бойынша қалалық әкімдіктің ғимаратында (шағын зал, 2-қабат) өткізіледі.
Қабылдауға алдын ала жазылу 8 /72772/ 4-22-89 телефоны бойынша 2020 жылғы 20 қаңтар күні сағат 12-00 дейін жүргізіледі.
«Қапшағай қаласы әкімінің аппараты» ММ


2020 жылы 21 қаңтарда сағат 10.00-ден Шенгелді ауылдық округі әкімі С.Ж. Ченкебаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.
Азаматтарды қабылдау Шеңгелді ауылы, Сейфуллина көшесі, 34-үй мекенжайы бойынша ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында өткізіледі.
Қабылдауға алдын ала жазылу 8 /72772/ 7-13-02 телефоны бойынша жүргізіледі.
«Шенгелді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ


2020 жылы 21 қаңтарда сағат 10.00-ден Заречный ауылдық округі әкімі Б.Ф. Дүйсенбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.
Азаматтарды қабылдау Заречный ауылы, шағынаудан, 3Б-үй мекенжайы әкімдік ғимаратында (шағын зал, 2-қабат) өткізіледі.
Қабылдауға алдын ала жазылу 8 /72772/ 3-51-80 телефоны бойынша жүргізіледі.
«Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

/13.01.2020/

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

2019 жылдың 14 желтоқсан күні қалалық мәдениет үйінде 16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты іс-шаралар өткізіледі. Басталуы сағат 10.00-де.

/11.12.2019/

Қоғамдық тыңдау күнін ауыстыру туралы хабарландыру

Қоғамдық кеңестің тыңдау күнін ауыстыруға байланысты "Әкімшілік кедергілерді жою" тақырыбында қоғамдық тыңдау 2019 жылғы желтоқсан айының 12 жұлдызында өткізілмейді. Қоғамдық тыңдаудың өткізілетін күні мен орны туралы қосымша хабарлаймыз.

/ 11.12.2019/

Құрметті қапшағайлықтар!

Қала әкімдігі кіші және орта бизнес, әкімшілік-тұрмыстық, әлеуметтік ғимараттар және тұрғын үй объектілері арасында ең үздік мерекелік безендіруге конкурс жариялайды. Конкурс мерзімі – 2019 жылғы 1 желтоқсан мен 28 желтоқсан аралығында өтеді. Ең үздік безендіру объектісі Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында арнайы марапатталады. Жеңімпаз 2019 жылғы 25 желтоқсанға дейін комиссия шешімімен анықталады. Қосымша сұрақтармен 8 (72772) 4-21-21 телефоны арқылы хабарласыңыздар.

/ 04.12.2019/

Азаматтарға мәлімет үшін

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 13 мекенжайы бойынша "NurOtan" партиясының Қапшағай филиалы ғимаратында Халықаралық Адам құқықтары күні қарсаңында Қазақстанның Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросының заңгерлері Қапшағай қаласында акцияларға тілек білдірген барлық азаматтарға алғашқы көмек көрсету бойынша көшпелі акция ұйымдастыруды жоспарлап отыр . Көптеген азаматтар заңгерлерге ақылы көмек көрсетуге мүмкіндігі жоқ және осы акцияның арқасында біздің облыс тұрғындары осындай мүмкіндік алады.

/ 04.12.2019/

БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты Заречный елді мекенінде орналасқан ЛА-155/14 түзеу мекемесінде 2019 жылдың 14 қазанында Қапшағай қалалық пробация қызметінің қызметкерлерімен

/ 22.10.2019/

 

Барлық хабарландырулар>>

Қапшағай қаласының әкiмшiлiгi, 040800
Барлық құқықтар қорғалған © 2007-2020


Сайтты кұру және қолдау -
Ақпаратты пайдаланған кезде сайтқа сiлтеме жасау мiндеттi тұрде