Kapshagay.gov.kz

«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызметі туралы ақпараты

Главная


ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 7 мемлекеттік қызметтер түрін көрсетеді:
Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту
Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту
Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру
Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату
Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жасасу
Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу
2019 жылы бөлімге жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік қызмет көрсетуге 1028 өтініш келіп түсті, оның ішінде: Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы – 776, қала әкімдігінің қаулысымен ілеспе болып түскені 252 құрайды,  электрондық үкімет порталы арқылы түспеген.
Ақпараттық стендтерде, бөлімнің сайтында, әлеуметтік желілерде жергілікті газеттерде тұрақты негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, жер қатынастары саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларындағы өзгерістер туралы ақпарат орналастырылады.
Көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарды толтыруы үшін орындар көзделген.
«Электрондық мемлекеттік қызметтерді дербес алу үшін орын» жабдықталған.
Мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсетуге шағым алушылар тарапынан тіркелген жоқ.
 2019 жылдың қаңтар айында бекітілген кестеге сәйкес, 2019 жылдың                     30 мамырында Шеңгелді ауылдық округінде, Қапшағай қаласында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ағымдағы жылдың 29 наурызында халыққа қызмет көрсету орталығының жанында, 2019 жылдың 27 қыркүйекте Заречный ауылдық округінде, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Тұрғындарға жәрмеңке барысында электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері түсіндіріліп, ауыл тұрғындарының мемлекеттік қызмет алу саласындағы өздерін қызықтыратын өзекті сұрақтарына жауап, кеңестер берілді, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді қолжетімді түрде алуы жазылған брошюралар мен парақшалар таратылды.
Қала тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы түсіндірілді. Жәрмеңкеге қатысқан мемлекеттік мекеме мамандары келушілерді қазіргі кезде  электронды жүйе бойын­ша көрсе­тілетін мемлекеттік қызмет түрлерімен таныстырып, электронды қолтаңбаны қолдану тәртібін түсін­дірді.
Мемлекеттік қызметтердің орындалуы туралы, мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындаған мәселелер бойынша мемлекеттік  қызмет алушылар арасында  дөңгелек үстелдер өтті.
Бөліммен 1 баннер жасалып, мемлекеттік қызметтерді қолжетімді түрде алу туралы 1 видеоролик түсірілді.
«Қапшағай қаласының  жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 

19.12.2019


«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .