Kapshagay.gov.kz

«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 2018 жылға атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Главная



     «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-сі  Қапшағай қаласы мен Қапшағай өңірі аумағында жер қатынастары саласында функцияларды атқару бойынша  уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
2018 жылғы 01 қарашадағы жер балансына сәйкес,  Қапшағай қаласының жалпы аумағының алаңы – 365403 га, оның ішінде:
-Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер – 112 851 га;
-Елді-мекен жерлері (қалалар, поселкалар және ауылдық мекендер) – 12412 га;
-Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер– 10154 га;
-Орман қорының жері – 787 га;
-Су қорының жері – 174254 га;
-Босалқы жерлер –50983 га.
Ауылшаруашылық алқаптарының жалпы аумағы – 111239 га құрайды, оның ішінде:
-Егістік – 12821 га, оның ішінде суармалы – 8448 га;
-Көпжылдық екпелер – 173 га;
-Тыңайған жер – 18598 га, оның ішінде суармалы – 4526;
-Жайылым – 79647 га.
2018 жылға жылдық жұмыс жоспарына сәкес, «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлім» ММ-мен келесі жұмыстар жүргізілді:
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің  сәйкес, Қапшағай қаласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға берілген азаматтардың арыздардын есепке алу бойынша арнайы есебі  құрылды. Арнайы кезек квартал сайын жаңартылып тұрады және 2019 жылдың                            1 қаңтардағы  мәліметіне сәйкес  кезекте   5101 азамат тіркелген.
Қазіргі уақытта азаматтарды жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесімен қамтамасыз ету үшін «Нұрлы жер» мемлекттік бағдарламасының аясында арнайы кезек бойынша Қапшағай қаласының «Самал» және «Ардагер» шағынаудандарында жер учаскелерін  бөлу жоспарланып отыр.
Заречный ауылдық округінде және Шеңгелді ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтар үшін ауылдық округтерде бөлінетін алаңдар анықталған. Жер учаскелерін бөлу «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын орындау шегінде жүргізіледі.
Бөліммен тұрақты түрде қолданыстағы ҚР жер заңнамалары және заң талаптары бойынша бұқаралық ақпараттар жүйесіне түсініктемелер беріліп отырады.  «Бизнес Дайджест Қапшағай» газетіне сауал-жауап түрінде сұхбат берілген және Қапшағай қала әкімінің сайтына 2017 жылғы жасалған жұмыстар және мемлекеттік қызмет көрсету құрылымы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру бойынша түсініктемелер орналастырылған, сонымен қатар,  ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге түгендеу жүргізу бойынша «Нұрлы Өлке» газетіне мақала жарияланған.  
Қазақстан Республикасының Президентімен ауылшаруашылық жерлерді ұтымды пайдалану бойынша қойылған бағдарламалар мен тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында, жер қатынастары Бөлімімен пайдаланылмайтын немесе ҚР қолданыстағы заңнаманы бұза отырып пайдаланған  ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ұлт жоспарын орындау мақсатында, Қапшағай қала әкімдігінің 2016 жылдың 13 сәуірінде №264 қаулысымен пайдаланылмайтын ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін  (түгендеу), жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылығы, бағбандық және коммерциялық объектілерді анықтау бойынша жұмыс тобы құрылды.  
Осы барыста Қапшағай әкімдігімен құрылған жұмыс тобымен елді мекендер жерлеріне ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге жыл сайын түгендеу жүргізіледі. Осылайша, 2015-2018 жылдар аралығында мемлекет меншігіне 10,0 мыңнан астам гектар  ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер қайтарылды.  Суармалы жерлерді пайдалануға ерекше назар аударылады.
2018 жылы 304 ауылшаруашылық  мақсатындағы жер учаскелері бойынша жұмыстар жүргізілуде, жұмыстар аяқталғаннан кейн материалдар сотқа беріледі
19 коммерциялық мақсаттағы жер учаскелері бойынша материалдар дайындалып  жер инспекциясына жолданды.   Бірнеше жер учаскелеріне қатысты  жерді алып жер қорына қосу туралы соттың шешімі шығарылды.
2017-2019 жылдар бойынша қаланың барлық санаттағы жерлері бойынша түгендеу жұмыстары жүргізіледі.  2018 жылы өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері, ұлттық қорғаныс және өзгеде ауылшаруашылық емес және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық мақсаттағы және тарихи-мәдени мақсаттағы жер учаскелері бойынша құжаттық түгендеу жұмыстары аяқталды. 
Тұрып қалған жерлерді ауылшаруашылық айналымына тарту қажеттілігіне орай, Бөліммен бекітілген Тәртіпке сәйкес, ҚР жеке және заңды тұлғаларына ауылшаруашылық мақсатындағы  жер учаскелерін уақытша өтеулі жерпайдалану құқығымен беру бойынша конкурстан ұйымдастырылады. Осылайша 2018 жылы ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін беру бойынша 1 конкурс өткізілді. Азаматтарға шаруа/фермерлік шаруашылықтарын құру мақсатында 4200 гектар жерпайдалануға берілді. Берілген жер учаскелеріне ары қарай пайдалануы бойынша бақылау жыл сайын жүргізіледі. Жер учаскелерін тиімді пайдаланбаған жағдайда жалға беру шарты бір жақты тәртіппен бұзылады.
ҚР жер заңнамасының аясында, Бөліммен азаматтардың жер сұрақтары бойынша өтініштері қарастырылады.  Осылайша, 2018 жылда Бөлімге 749 азаматтардың өтініштер қаралды.  Сонымен қатар, Бөліммен 2040 хаттар және жоғарғы органдардан түскен хаттар қаралды.
ҚР мемлекеттік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес, жер қатынастары бөлімі  бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету регламентініне сәйкес 3 түрлі қызмет көрсетеді: 

  1. Мемлекетпен жеке меншікке сатылатын жер учаскелерінің нақты кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
  2. Жер телімін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекіту;

      3. Жер учаскесінің бөлінеді (бөлінбейді) деп тану;
Сонымен қатар, Қапшағай қала әкімдігімен көрсетілетін жер саласындағы 5 мемлекеттік қызметтер бойынша, Бөлім жауапты орындаушы болып табылады.  2018 жыл бойынша, Бөліммен келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
Жер учаскесінің пайдалану мақсатын өзгерту бойынша 42 өтініш қаралды, оның ішінде 37 қанағаттандырылды, 5 өтініш бойыншы негізді бас тарту берілді;
1074 жерге орналастыру жобалары, 121 жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актілері бекітілді.
ҚР Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес, іздестіру жұмыстарына 1 рұқсат берілді, объектілер құрылысы үшін  жер-кадастр жоспарын бекітумен                       7 уақытша өтеулі жерпайдалану туралы шарттар жасалды, мемлекет меншігіндегі сауда-саттықты талап етпейтін жер учаскелеріне құқық алу қызметіне сәйкес 238 өтініш қаралды.  
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдармен заң бұзушылықтар жоқ.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-1 бабына сәйкес, 2018 жылда уақытылы  112 жер учаскесіне меншік құқығын сату-сатып алу шарттары, 589 уақытша өтеулі жерпайдалану туралы шарттары жасалды,                37 уақытша өтеусіз жерпайдалану шарты, жер учаскелеріне құқық беру туралы сұрақтарды қарастыратын жер комиссисының 671 қорытындысы берілді.
Бөлімнің негізгі міндеті, жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарының тиісті түрде орындалуын, қаланың қазынасына түсетін салықтық емес басқада түсімдердің төлемдерін бақылау болып табылады.  Осылайша, «Жер учаскелерін сату» 101303 коды бойынша  101,2% орындалды.  2018 жылда шарттық міндеттерді тиісті түрде орындамағаны үшін 3  шарттар бұзылды.

 

Бөлім басшысы                                                                   Ш. Қожабергенова

18.01.2019


«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .