Kapshagay.gov.kz

Қазақстан Республикасы Жер кодексіндегі өзгерістер туралы

Главная



 

          Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу  мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы келесіні түсіндіреміз.
Қазақстан Республикасы Жер кодексіне енгізілген өзгерістерде  43-1 бабына сәйкес, жеке тұлғаларға шаруа қожалығын жүргізу үшін және заңды тұлғаларға тауарлы ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін жер учаскелері конкурс тәртібімен беріледі. Заңнамалардың нормаларында жергілікті атқарушы органдардың конкурстарды өткізу тәртібін айқындаған.
Ауылшаруашылық мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және олар бойынша  қолданылатын іс-шараларға тиісті өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 145 бабына сәйкес, жерлердің пайдалануына және қорғалуына бақылауды орталық уәкілетті орган, жердің пайдаланылуы  және қорғалуына бақылау бойынша уәкілетті орган, аудандық  (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, поселкелер, ауылдар, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері,  және өз құзыретіне сәйкес басқа уәкілетті органдар жүргізеді. Осыған орай, жерлерді (оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді) тиісті тәртіпте және ұтымды пайдалануына бақылау Қапшағай қаласы әкімдігі мен ауылдық округтерінің әкіміне жүктелген.
2018 жылғы ауылшаруашылық мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерге қатысты жерлерге түгендеу (ревизия) жүргізу нәтижесі бойынша, жерпайдаланушылармен жалдау шарттарын біржақты тәртіпте бұзу және жеке меншіктегі жерлер бойынша  материалдарды  сот органдарына жолдауға қатысты  тиісті шараларды жүргізу қала әкімдігінің құзыретіне сәйкес қолданылады.

 

«Қапшағай қаласының
 жер қатынастары бөлімі» ММ

18.09.2018


«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .