Kapshagay.gov.kz

МАҚАЛА-СТАТЬЯ

Главная



  

   

Қапшағай өңірінің ауылшаруашылық мақсатындағы желеріне ревизия (түгендеу) жүргізу туралы

           Ауылшаруашылық пайдалануындағы жерлерін сақтап қалуға және оларды жақсартуға бағытталған Қазақстан Республикасының бірқатар мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу жүргізу үшін берілген немесе сатып алынған жерлерінің пайдалануын анықтау үшін Қапшағай қаласы әкімдігімен барлық ауылшаруашылық санатына жататын жерлеріне ревизия (түгендеу) жүргізу үшін іс-шаралар атқарылуда.  Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер санатына қожалық-фермерлық шаруашылығының, шаруашылық серіктестіңктер мен өндірістік кооперативтерінің жерлері жатады.
2017 жылдың 01 қарашасындағы жағдайға сәйкес, Қапшағай қаласының ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерінің жалпы аумағы 105 459 га құрайды, оның ішінде:  егістік – 12 780 га, жайылым – 73 908 га.   
Бүгіңгі таңда  ауылшаруашылық алқаптарын ұтымды пайдалану– өте үшкір тұрған мәселенің бірі болып келеді. 2017 жылы жүргізілген ревизия нәтижесі бойынша пайдаланылмай жатқан 5707,58 гектар ауылшаруашылық жерлері анықталды, оның ішінде 3165,38 гектар егістік жерлері.
Қапшағай қаласы әкімдігімен нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жерлерге ревизия (түгендеу) жүргізу үшін құрылған жұмыс тобының жұмыс барысында бірталай уақыт аралығында берілген жерлерін пайдаланылмағаны анықталған жерлер бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, жерпайдаланушыларға ескертулер жолдау және заңбұзышылықты жою туралы ұйғарымдар беру  арқылы іс-шаралар қолданылды. Жерлерді пайдаланылмай жатқанына объективтік себептері де бар, мысалы, бұзылған ирригациялық жүйелер, тозығына жеткен агрегаттарға байланысты су сорғы станцияларының нашар жұмыс істеуі (немесе істен шығуы) және ол станциялардың жөндеу-жабдықтау жұмыстарының жүргізілмегені және т.б., сонымен қатар, объективтік себептермен қоса жер ресурстарына жауапсыздық  таныту жағдайларының орын алғандығы.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 65 бабына сәйкес,  жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерді пайдалану жөніндегіі  міндеттері белгіленген – жерді оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға және мемлекеттік органдарға жерді пайдаланылуы туралы мәліметтерді уақытылы табыстауға. Егістік жерлерінің найдаланылмағандығына байланысты, басым бөлігі  тынайған жерлеріне ауыстырылған. Қапшағай өңірі бойыша тыңайған алқаптарының аумағы 18 598 гектарды құрайды. Тыңайған жерлерінің ұлғайған көлемі ауылшаруашылық өндірісінің қарқындығының төмендегенін көрсетіп, карантиндік арам шөптер мен зиянкестердің таралу ареалының кеңейіп кетуіне әкеледі.
Мемлекет алдында кәзіргі кезенде тұрған екінші кешенді мәселелерді шешу шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жылсайыңғы Қазақстан халқына        2018 жылғы 10 қантардағы Жолдауында ерекше орын экономиканың Аграрлық секторына бөлінді. Ел Басымен «Аграрлық секторы экомиканың драйвері болуға тиіс» деп айтылды, Мемлекет басшысымен берілген тапсырмаларының орындалуы Қазақстанның аграрлық өнімдерінің ірі экспорттаушысына айналуға мүмкіндік береді. Қойылған тапсырмаларды орындау жолының бірі - ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерін пайдалану тиімділігін арттыру. Ел басының Жолдауында «...5 жыл ішінде  агроөнеркәсіп  кешенінде пайдаланылатын жерлерінің суармалы алқаптарының аумағын  40 % молайтып,  оны 2 млн. гектарға дейін ұлғайту керек» деп айтылған. Алда қойылған тапсырмаларды орындау, сонымен қатар, ауылшаруашылық жерлерінің пайдалану ұтымдылығын және тиімділігін арттыру мақсатында Қапшағай қаласы әкімдігімен жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерін анықтау бойынша жұмыстарын жалғастырады.

Және 2017 жылы пайдаланылмай жатқан жерлер ретінде  анықталған жер учаскелерінің меншік иелері мен жерпайдаланушыларға тиісті Қапшағай қалалық мәслихатының шешімі негізінде  жер салығын 10 есе көбейтілген мөлшерінде салу түрінде әкімшілік жаза қолданылатына атап өтеміз. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 97 бабына сәйкес, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер айырықша қорғалуға жататынын және Жер-біздің басты байлығымыз екенін ескертеміз.

 

                  «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлкеттік мекемесі

 

28.03.2018



«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .