Kapshagay.gov.kz

Азаматтардың назарына! «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлiмi» ММ мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi

Главная



          «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттік мекемесімен 7 (жеті) мемлекеттiк қызметтер көрсетiледi:

  1. Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту;
  2. Жер учаскелерiн қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту;
  3. Жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру;
  4. Жер учаскелерiн iздестiру жұмыстары үшiн пайдалануға рұқсат беру;
  5. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнінде рұқсат беру;
  6. Елді  мекен шегiнде обьект құрылысы үшiн жер учаскесiн беру (2 кезең);
  7. Сауда-саттық өткiзудi қажет етпейтiн, мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарын  алу.

        
«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлiмi» ММ көрсетiлетiн   мемлекеттiк қызметтер тегiн негiзде жүзеге асырылады, оның ішінде      4 мемлекеттiк қызмет қағаз түрiнде және 3 мемлекеттiк қызмет электрондық түрінде көрсетіледі.
«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлiмi» ММ атқарылатын мемлекеттiк қызметтердің стандарттары мен регламенттерi, жалпы ережелері, өтiнiштер үлгiсi ақпараттық тақтасында (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде), сондай-ақ, барлық ақпарат Қапшағай қаласы әкiмдiгiнiң ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

         Мемлекеттiк қызметтерді алу бойынша барлық қызығушылық
      танытқан мәселелер бойынша мына мекен-жайға жүгiнуге болады:

Заңды тұлғаның толық атауы: «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі
Орналасқан мекен-жайы: 040800, Алматы облысы, Қапшағай қаласы,  Қойшыманов көшесі, 4, 2 қабат, 3 кабинет.
Байланыс телефондары: 8 (72772) 4-14-04, 4-09-59.   
Бөлім басшысы Кожабергенова Шолпан Сағымбекқызы.                         
Бөлiмнiң жұмыс кестесi:
Жұмыс күндері: Дүйсенбi-Жұма сағат 09.00-ден 18.30-ға дейiн,
Түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
Демалыс күндерi -  сенбi, жексенбi.

Бөлім басшысының азаматтарды қабылдау кестесі:
Әр аптаның сейсенбі күні сағат 10.00-ден -13.00 дейін,№1 қабинет
Мемлекеттiк қызметтерді көрсету механизмі бойынша ақпарат:

  1. «Мемлекетпен жеке меншікке сататылатын нақты жер учаскелерінің
  2. кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» қызметі

1.Мемлекеттік қызметтің стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен әзірленген.
2. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтердің нәтижелерін беру:
1) Қызмет берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті қызмет Берушіге, немесе Мемлекеттік корпорациясына құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап - 3 (үш) жұмыс күні;
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтуге берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік корпорациясына жүгінген күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету түрі: қағаз түрінде.
5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – бекітілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі немесе осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 9-1 тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну түрі: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімімен тегін көрсетіледі.

 

2. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру
жобаларын бекiту»  қызметі

1. Мемлекеттік қызметтің стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен әзірленген.
2. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтердің нәтижелерін беру:
1) Қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті қызмет Берушіге, немесе Мемлекеттік корпорациясына құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап - 7 (жеті) жұмыс күні;      
4. Мемлекеттік қызметті көрсету түрі: электрондық ( жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі
бекітілген жерге орналастыру жобасы (ары қарай бұйрық) немесе осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 9-1 тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну түрі: электрондық түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімімен тегін көрсетіледі.

 

 

3. «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызметі

1.Мемлекеттік қызметтің стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен әзірленген.
2. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтердің нәтижелерін беру:
1) Қызмет берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
3.  Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті қызмет Берушіге, немесе Мемлекеттік корпорациясына құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап – 30 (отыз) календарлық күнге дейін;      
4. Мемлекеттік қызметті көрсету түрі: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қаулы немесе осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 10 тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну түрі: электрондық түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімімен тегін көрсетіледі.

 

        4.  «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға
рұқсат беру» қызметі

1.Мемлекеттік қызметтің стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен әзірленген.
2. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтердің нәтижелерін беру:
1) Қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті қызмет Берушіге, Мемлекеттік корпорациясына немесе порталға құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап - 10 (он) жұмыс күні;      
4. Мемлекеттік қызметті көрсету түрі: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі–Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы қаулысы немесе осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 9-1 тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну түрі: электрондық түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімімен тегін көрсетіледі.

    1. «Ауыл шаруашылығы  алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде рұқсат беру» қызметі

1. Мемлекеттік қызметтің стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен әзірленген.
2. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтердің нәтижелерін беру:
1) Қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті Берушіге, немесе Мемлекеттік корпорациясына құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап - 30 (отыз) календарлық күннің ішінде;      
4. Мемлекеттік қызметті көрсету түрі: қағаз түрінде.
5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі–Қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде рұқсат беру туралы қаулы.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну түрі: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімімен тегін көрсетіледі.

    1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»  қызметі

 

1. Мемлекеттік қызметтің стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен әзірленген.
2. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтердің нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1 кезең: жер учаскесіне таңдау актісін дайындау және оларды келісім беретін органдар мен ұйымдармен оңтайлы қорытындысын алу үшін келісілуге жолдау-28 (жиырма сегіз) жұмыс күн;
2 кезең: таңдау актісін соңына дейін келісіп, Қызмет алушымен жер-кадастрлық жұмыстары қызметі үшін төлемдерін өтегеннен кейін – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы қаулы жобасын дайындау- 22 (жиырма екі) жұмыс күн;
4. Мемлекеттік қызметті көрсету түрі: электрондық ( жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі–Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы қаулысы мен оған қосымша жер кадастрлық жоспары (№1 қосымшасы) және уақытша (қысқа, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз)  жер пайдалану туралы шарты (№2 қосымшасы) немесе осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 10 тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну түрі: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімімен тегін көрсетіледі.

    1. «Сауда-саттық өткiзудi қажет етпейтiн, мемлекет меншiгiндегi   жер учаскелерiне құқықтарын  алу» қызметі

 

1.Мемлекеттік қызметтің стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен әзірленген.
2. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің нәтижелерін беру:
1) кызмет Берушінің кеңсесі арқылы жүргізіледі;
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті Берушіге құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап –                 30 (отыз) жұмыс күн (бұл мерзімге жерге орналастыру жобасын дайындау уақыты кірмейді);      
4. Мемлекеттік қызметті көрсету түрі: қағаз түрінде.
5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесіне құқық беру туралы қаулысы немесе осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 9-1 тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну түрі: электрондық түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімімен тегін көрсетіледі.

07.10.2017



«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .