Kapshagay.gov.kz

АҚПАРАТ «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-мен ағымдары 2017 жылдың 9 айдың ішінде атқарлыған жұмыстар мен мемлекеттік қызметтер туралы келесі ақпараттар жолдаймыз:

Главная



 

         «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-сі  Қапшағай қаласы мен Қапшағай өңірі аумағында жер қатынастары саласында функцияларды атқару үшін үәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Жер балансына сәйкес, 2016 жылдың  01 қарашасына Қапшағай қаласының жалпы аумағының алаңы – 365403 га, оның ішінде:
-Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер – 129 300 га;
-Елді-мекен жерлері (қалалар, поселкалар және ауылдық мекендер) – 12412 га;
-Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер– 16 649 га;
-Орман қорының жері – 787 га;
-Су қорының жері – 174254 га;
-Босалқы жерлер –26 996 га.
Ауылшаруашылық алқаптарының жалпы аумағы – 125 627 га құрайды, оның ішінде:
-Егістік – 14643 га, оның ішінде суармалы – 8470 га;
-Көпжылдық екпелер – 173 га;
-Тыңайған жер – 14 443 га, оның ішінде суармалы – 4186 га;
-Жайылым – 96 368 га.
Жер мәселесі сұрақтары бойынша азаматтарының өтініштерін қарастыру «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлім» мемлекеттік мекемесінің ең басты және маңызды міндеті болып табылады және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабының    3 тармағына сәйкес, жер саласындағы үәкілетті органның құзіретіне жер балансын жасау, жер учаскелеріне сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану туралы шарттарын жасасу және осы жасасқан шарттар бойынша талаптар мен міндеттемелердің орындалуын бақылау жүргізіледі, жер-кадастрлық жоспарды, жерге орналастыру жобаларын, кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актілерін бекітеді және мемлекеттік қызметтер көрсету Стандартына сәйкес, бірнеше қызметтер көрсетіледі.
Осыған орай, 2017 жылдың есепті қантар-қыркүйек айларының аралығында  Бөліммен келесі жұмыстар  атқарылды:
келіп түскен және қарастырылған  өтініштер, жүгінулер мен хаттар  саны – 699, оның ішінде жеке тұлғалардан, мемлекеттік органдары мен заңды тұлғалардан- 721 хат, бөлім басшысымен  қабылданғаны-240 өтінім. Мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына сәйкес,  мемлекеттік меншіктен жеке тұрғын үй құрылысы, бағбандық жүргізу үшін, объектілер құрылысы үшін 201 өтініш қарастырылды.    
Жоғарыда аталған жұмыстар бойынша «Қапшағай қаласының жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен  есепті мерзімде:
- жер учаскелеріне жеке меншік құқығын сатып алу – сату шарттары - 94 шарт; уақытша өтеулі жерпайдалану (жалға алу) шарттары - 368 шарт; уақытша өтеусіз жерпайдалану  шарттары -10 шарт жасасты.          
      Мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына сәйкес, жер-кадастрлық жоспарлары бекітіліп, уақытша өтеулі жерпайдалану (жалға) құқығымен                       29 шарт жасасқан, 657 жерге орналастыру жобасы бекітілді, жер учаскесіне құқық табыстауды беруге байланысты сұрақтарды қарастыратын комиссиясымен 538 қорытынды берілді. Жер учаскелерінің пайдалану мақсатын өзгертуге 52 өтініш қарастырылып, оның ішінде 41 өтініш қанағаттандырылып, қаулылары қабылданды, 9 өтініш бойынша уәжделген жауабы беріліп, 1 өтінім иесі қызметтен бас тартты,  жер учаскелерінің 89 кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актілері бекітілді.
Сонымен қатар, «Қапшағай-Күрті» автокөлік жолының құрылысына байланысты, осы жобаны орындау шеңберінде  мемлекеттік мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға шараларын жүзеге асыру үшін, техникалық жұмыстарды (жерге орналастыру жобаларын дайындау, кадастрлық (бағалау) құнын айқындау үшін) атқарып, жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен                    544,0 мың теңге бөлініп, толық көлемінде игеру бойынша жұмыстар жүргізіліп,  қажаттары рәсімдеу барысында. Жылдық жоспар бойынша, Қапшағай қаласы, ауылдық елді-мекен аймақтарында пайдаланылмай жатқан немесе ұтымсыз пайдаланылып жатқан жерлер бойынша іс-шараларды атқару үшін  Қапшағай қаласы әкімдігімен жеке тұрғын үй құрылысы, бағбандық, өндірістік-өнеркәсіп  аймақтарына берілген жер  учаскелерін  түгендеу үшін жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобы үнемі негізде жұмыс атқаруда. Осы шараларды жүзеге асыру үшін 2017-2019 жылдарға (жерлердің 7 санаты бойынша) ревизия жүргізуге   1 млн. теңге бөлінген. 
Қапшағай қаласы және аймақтар бойынша жер учаскелерінің базалық кадастрлық (бағалау) құнын түзету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін                     995 мың теңге бөлініп, осы  қызметтер түрін көрсетуге тиісті шарттар жасасты.
Мемлекеттің ары қарай экономикасын дамыту және индустрияландыру бағытында, «100 нақты қадам» Бағдарламасын орындау мақсатында,  Бөліммен  ауылшаруашылық мақсатындағы жерлеріне түгендеу  жүргізіп, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оларды ауылшаруашылық айналымға қосу үшін іс-шаралар атқарылуда.  Қапшағай қаласының аграрлық секторында 37 серіктестік пен акционерлік қоғам, 42 мемлекеттік емес ауылшаруашылық заңды тұлғалар, оның ішінде 10 ауылшаруашылық кооперативі, 546 шаруа қожалықтары жұмыс атқарады.
Үкімет Басшысының «100 нақты қадам» Бағдарламасын  жанжақты және толық  көлемінде жүзеге асыру мақсатында Қапшағай қаласы әкімдігімен ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді түгендеу үшін жұмыс тобы құрылған.  Жұмыс тобымен келесі шаралар атқарылады:
Ауылшаруашылық мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау, жерпайдаланушымен кездесіп, жердің пайдаланылмай жатқан себебін анықтап, жерлердің пайдалану мақсаты белгіленеді. Осы жұмыс тобының құрамындағы «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлім» ММ-нің мамандары Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес, кеңестер, түсініктемелер береді. Жұмыс тобының атқарған жұмыс нәтижесі бойынша мемлекеттік меншікке 6,5 мың гектар көлемінде жер қайтарылды.                                                                          Жұмыс жоспарына сәйкес, Заречный және Шеңгелді ауылдық аймақтарының суармалы жерлеріне түгендеу жүргізіледі. Ревизия нәтижесі бойынша, шаруа қожалықтардың ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерін иесіз мүлік ретінде есепке қою туралы хаты дайындалды. Қайта тексеру барысында пайдаланылмағаны анықталатын жерлердің жеке меншік пайдаланудағы субъектілер бойынша материалдар сот органдарына дайындалады, ал жалғаға берілген  жерлер бойынша жалға алу шарттары бұзылады.
Мелиоративтік-ирригациялық жүйелері бұзылып,  қолдануға жарамсыз болғандықтан, пайдаланылмай қалған суармалы алқаптарды қайта айналымға қосу үшін  суару жүйелерін қалпына келтіру үшін тиісті іс-шаралар жүргізілді.  Кәзіргі уақытта инвестордың есесінен іске қосу үшін №8 су сорғы станциясы тапсырылды. «ДинаРус» ЖШС инвестициялық компаниясы сорғы станциясын калпына келтіру үшін қірісіп, пайдаланудан шығып қалған жерлерді ауылшаруашылық айналымына қосу үшін атқарылған жұмыстары арқасында 550 гектар көлемінде жерлерді пайдалануға мүмкіндік береді. Су сорғы станцияларының қалпына келіп, іске қосылғанда замануи инновациялық суару тәсілдерін көздейді.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 бабына сәйкес, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерінен шаруа қожалығын және тауарлы ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін конкурс 2017 жылдың 10 тамызында өткізілді. Қолданыстағы жер заңнамалары мен нормаларына сәйкес, алдағы түгендеу (ревизия) жұмыстарының барысында пайдаланылмай жатқаны анықталған жер учаскелері конкурсқа шығарылып, ауылшаруашылық айналымына қосылды. Аграрлық секторын ұлғайту мақсатымен шаруа қожалығын жүргізуге жер учаскелеріне сұраныстың өсуіне байланысты, алдағы қазан-қараша айлардың аралығында конкурс өткізу жоспарланып отыр. 
Қапшағай қаласындағы Индустриальная көшесін қайта жабдықтау жобасына сәйкес, құрылыс аймағына түсетін объектілердің иелерімен алып қою немесе орнына теңбағалы жер беру, немесе жер учаскелерінің пішінін өзгерту жөнінде жұмыстар жүргізіліп, Қапшағай қаласын дамыту жоспары бойынша қосалқы көшесі құрылысы ретінде Индустриальная көшесін қайта жабдықтау туралы шешім қабылданды. Кәзіргі уақытта жерге орналастыру жобасы бекітілді, сонымен қатар мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға жататын жер учаскелерінің  тізімі құрастырылды. Жер учаскелері тек қана мемлекеттік мұқтажы үшін керекті көлемінде алынады. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 тарауына сәйкес, Қапшағай қаласы әкімдігімен мемлекеттік мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюды бастау туралы қаулысы қабылданды. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес аталған қаулы «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен белгіленген мерзімде баспасөз органдарында орналастырылды. Кәзіргі уақытта құрылыс аймағына түсетін объектілердің иелерімен заң тәртібіне сәйкес, келіссөздер рәсімдері жүргізіліп жатыр. «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тарапынан туындаған мәселелерді жанжақты қарастыру бойынша шаралар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес, Қапшағай қаласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға азаматтардың арнайы кезегі 2015 жылы құрылған. «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50 бабына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері кезек бойынша бөлу қарастырылады. Арнайы кезек квартал сайын жаңартылып тұрады және қала әкімінің сайтында орналастырылған. 2017 жылдың 01 қыркүйекке кезекке тіркелген азаматтардың саны 4950 құрайды.               
Қапшағай қаласына қарасты Заречный ауылдық округі кешендік жоспарына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы, өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелерін беру бойынша құзыреті шеңберінде жұмыстар атқарылуда. Шеңгелді ауылдық округінің Шеңгелді ауылының кешенді  жоспарына түзетулер енгізуіне байланысты, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру уақытша тоқтатылған. Округте  құзыретіне сәйкес, арнайы кезек құрылған, Шеңгелді ауылының түзетілген жоспары Қапшағай қалалық мәслихатының қарастырылуына ұсынылып, мақұлданды. «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жер учаскелері беріледі.
Жер кодексінің талаптарын, заңнамалар мен нормаларды  түсіндіру мақсатында жергілікті БАҚ–«Нұрлы Өлке» газетінде екі мақала жәрияланған.  «Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен Қапшағай қаласында жеке тұрғын үй құрылысы үшін қолайлы аудан қарастырылып жатыр. Алаң қарастырылғаннан кейін, «Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» ММ-мен инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар атқарылады. Жер учаскелеріне құқық табыстау Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43, 44-1, 50 баптарына сәйкес жүргізіледі.
Алматы облысы прокуратурасы мен облыс әкімдігімен бірлескен                   2017 жылғы   15 мамырдағы бекітілген Қапшағай қаласы бойынша ағымдағы 2017 жылы жеке тұрғын үй құрылысы, өзіндік қосалқы шаруашылығын, бағбандық жүргізу, коммерциялық мақсаты үшін берілетін және жер учаскелерінің нысаналы тағайындауын өзгерту жөнінде бақылау жүргізу бойынша  іс-шара жоспарын орындау мақсатында, Бөліммен тиісті іс-шаралар атқарылып, коммерциялық мақсаты үшін берілген жер учаскелеріне (10 уч.)  және ауылшаруашылық мақсатындағы жерлеріне (15 уч.)  түгендеу жүргізіліп, шара қолдану үшін жинақталған материалдар «Алматы облысы бойынша  жердің пайдалануы мен қорғалуына бақылау басқармасы» ММ-не жолданды. Басқармамен өз құзыретіне сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр. Бөлім басшысымен жүктелген міндеттемелер мен жұмыс жоспарын уақытылы орындау мақсатында бақылау жүргізіледі.

 

06.10.2017



«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .