Kapshagay.gov.kz

МАҚАЛА-СТАТЬЯ

Главная



        Қазақстан Республикасының Ұлт жоспары-«100 нақты қадам»  жүзеге асыру шеңберінде, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстарын жүргізу және пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылық жерлерін қайта айналымға қосу - «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басты жұмыстарының бірі болып табылады.
Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысында, Қапшағай қаласы әкімдігінің     2016 жылғы 13 сәуірдегі №264 Өкімімен нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жерлерге ревизия (түгендеу)  жүргізу үшін жұмыс тобы құрылған. Аталған жұмыс тобымен жұмыстар тұрақты негізде атқарылып, іс-шараларды жүргізу барысында жерлердің 7 алқап түрі бойынша  түгендеу үшін жұмыс жоспары өнделіп, жоспарға сәйкес жұмыс тобымен ауылшаруашылық мақсатында берілген жерлерді нысаналы мақсаты бойынша пайдалануы тексеріліп,  жерпайдаланушылармен кездесулер өткізіліп, жерді пайдалануға кедергі болған себептерін анықтап, жерлердің пайдалану мақсаты белгіленіп жатыр. Жұмыс тобының құрамындағы «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің мамандарымен жер заңнамаларының талаптарына сәйкес кеңестер мен түсініктемелер беріліп тұрады.
Жұмыс жоспарына сәйкес, Заречный және Шеңгелді ауылдық округінің  суармалы алқаптары тексеріліп, нәтижесі бойынша жалпы аумағы 5257,90 гектарды құрайтын пайдаланылмай жатқан 29 жер учаскесі анықталып, тексеру актісі, жұмыс тобының мәжіліс хаттамалары дайындалды. Түгендеу барысында пайдаланылмай жатқаны анықталған жерлер бойынша жұмыстар ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді тексеру алгоритміне сәйкес жүргізіледі.  Кәзіргі кезенде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жерлердің меншік иелері мен жерпайдаланушыларға ескертулер жолданып, жердің иелерінен түсініктемелері алынып,  қолданыстағы жер заңнамаларының нормалары мен талаптары, олардың құқықтары және пайдаланылмай жатқан жер учаскелері ары қарай  иесіз мүлік ретінде есепке қойылатыны туралы түсіндіріліп, ескертулер жолданды. Жұмыс тобымен жер заңнамаларының бұзушылығына жол берген жерпайдаланушылар бойынша өнделген материалдар тиісті шара қолдану үшін Алматы облысының жердің пайдалануын және қорғалуын бақылау басқармасына жолданады.  Нысаналы мақсаты  бойынша  пайдаланылмай жатқан 15 жер учаскесіне материалдар Басқармаға жіберілген. Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерін нысаналы  тағайындауы бойынша қайталап тексеру барысында пайдаланылмағаны анықталған жағдайда, жеке меншік құқығындағы жерлер бойынша материалдар сот органдарына беріледі, уақытша жерпайдаланушылармен жасасқан жалға алу шарттары бұзылады. Жерді өз бетімен басып алу деректері тіркелмеген.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 97 бабына сәйкес, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер айырықша қорғалуға жататынын және Жер-біздің басты байлығымыз екенін ескертеміз.

30.08.2017



«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .