Kapshagay.gov.kz

«Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын реттеу мәселесіне сәйкес кейбір заңнамалық актілерге озгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша түсініктеме

Главная



 

       Едәуір заманнан осы уақытқа дейін Жер халықтың бас байлығы мен қасиеті болып, осы ұғымынан айырылмай келеді. Мемлекетіміздің Басшысының саясаты, заман талабы,  нарық қатынастар да осымен ауылшаруашылығын, жаңа  инновациялық тәсілдер мен технологияларды қолданып, агроөнеркәсіптік өндірісті жоғары деңгейге көтерілгенін көздеп отыр. Қазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер айрықша қорғалуға жатады. Жер заңнамасы талаптарына сәйкес,  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді түгендеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп, Алматы облысы әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында,  «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді  түгендеу жұмыстарын атқарып,  жұмыс барысында жер заңнамасын бұза отыра пайдаланып немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оларды  заңға сәйкес мәжбүрлеп алып қою жұмыстарын жалғастыруда. Жоғарыдағы аталған іс-шаралар ауылшаруашылық мақсатындағы  жерлерді ұтымды және тиімді пайдалануға, ауылшаруашылық алқаптарын қайта айналымға қосуға, жер құрамын жақсартуға және  Қазақстан Республикасының әр-бір азаматын жер ресурстарын аялауға және сана-сезім мен көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.  

2015 жылғы 02 қарашадағы «Қазақстан Республикасы Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен қабылданған Жер кодексінің нормалары қоғамдық резонанс тудырғанына байланысты,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2016 жылғы  06 мамырдағы  Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий енгізу және «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларының қолдануын тоқтату туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды. Мораторий 2021 жылдың  31 желтоқсанына дейін ұзартылды.
Осы Жарлыққа сәйкес, Премьер –Министрмен 2016 жылғы 11  мамырда  жер реформасы бойынша Комиссия құрылды. Комиссияның жұмыс барысы туындаған сұрақтардың екі жиынтығын қарастыру үшін арналды:
Бірінші жиынтық- мораторий енгізілген Жер кодексінің нормаларына тиісті сұрақтар, екінші жиынтық- қолданыстағы жер заңнамасын жетілдіру. Мораторий салынған Жер кодексінің кейбір нормаларына келсек, ауылшаруашылық жерлерін жеке меншікке беруге, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге (азаматтығы жоқ тұлғаларға, шетелдік заңды тұлғаларға, сонымен қатар, жарғылық капиталында шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың,  шетелдік заңды тұлғалардың үлесі 50 пайыздан артығын құраған жағдайда) жалға беруге мораторий салынды. Құрылған Комиссиясымен 2016 жылдың                          13 тамызында келесі шешімдер қабылданды:

  • Қазақстандықтарға ауылшаруашылық жерлерін жалға беру институтын сақтау және нормаларын жетілдіру;
  • Жалға берілетін ауылшаруашылық жерлерінің ең көп мөлшерін белгілеу;
  • Шекара аймағындағы ауылшаруашылық жерлерін беру талаптарын  қатаңдату;
  • Халықтың қажеттерін қанағаттандыру үшін елді-мекендердің айналасынан жайылымға жерлердің көлемін белгілеу;
  • Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беруді мемлекеттік мұқтажына жатқызу мәселелері.

          Комиссиясының Ұсыныстары Мемлекет Басшысымен мақұлданып, оның негізінде  Қазақстан Республикасы «Жер қатынастарын реттеу саласындағы Қазақстан Республикасындағы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы мен Концепциясы  өнделді.
Жер кодексімен бұрын регламенттелмеген ауылшаруашылық жерлерін конкурстық негізінде беруге бөлек тәртіп қолдану туралы Заң жобасымен  белгіленді.
Жерлерді ұтымды пайдалану үшін  бақылау жүргізу мақсатында жалға құқығымен берілген жерлерге мониторинг жүргізіледі: бірінші бесжылдықта-   әр жылсайын,  кейіңгі жылдары - суармалы егістік алқаптарында әр 3 жыл сайын,   телім егістіктерде - әр 5 жыл сайын.
Жерпайдаланушының жауапкершілігін арттырып, ауылшаруашылық жерлерін ұтымды пайдалануына бақылау жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарының құзыретін кеңейту жолымен мемлекет тарапынан жерлерді пайдалануын және қорғалуын бақылау жүргізу күшейтіледі 
Ауылшаруашылық жерлерін үлкен көлемде  «бір қолға» беруді жою мақсатында, жердің ең көп мөлшері белгіленеді, және,  қазақстандықтардың жалға пайдалануында әрбір облыстың әкімшілік ауданында  алқаптар түрі бойынша жерлер болуы мүмкін.
Шекара аймақтарында және белдеулерінде шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалармен некелескен (ерлі-зайыптылықта отырған) Қазақстан Республикасының азаматтарына,  шетелдік заңды тұлғаларға және  Қазақстан Республикасының  шетелдік қатысуы бар  заңды тұлғаларына жер учаскесін беруге тыйымды салу белгіленеді. Мемлекетік шекарасының  шекара аймақтарынан ауылшаруашылық жерлері Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларға ( шетелдіктердің қатысушыларсыз)уақытша жер пайдалану құқығымен беріледі. Заң жобасымен халықтың мал жайылымына және өзіндік ауыл шаруашылығын күтіп ұстау үшін  пайдалануға елді-мекен айналасынан жайылымдық алқаптарын бөлу нормаларын қарастырып, жайылым алқаптарының көлемін анықтауын көздеп отыр. Халықтың жайылымдық алқаптарында қажеттілігін мемлекет мұқтажына жатқызып, азаматтардың меншік иелігіндегі және жер пайдалануындағы жерлерін алып қоюға әкімдерге мүмкіндік берілетін болады.
Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жерлерді мемлекет мұқтажына жатқызу қарастырылып отыр. Заң жобасы Қазақстан Республикасының министрлік ведомстволары мен мемлекеттік органдарынан қолдау тауып, келісіліп, мақулданған.  Заң жобасы қабылданған жағдайда, мемлекеттік меншігіндегі ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді беру сұрақтары  заң жүзіндегі тәртіпте реттелер еді.

 

 

 

25.02.2017



«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .