freim_logo
Қазақша нұсқа
Орысша нұсқа
Басып шығару Google+

icon vopros_akimu

opros

opros

 

       Праздники Казахстана

   

«termincom.kz»
«tilalemi.kz»
«sozdikqor.kz»
«emle.kz»
«atau.kz»
«balatili.kz»
«tilqural.kz»


Негiзгi
 > Әкiмдiк  > Бөлiмдер  > Автомобиль жолдары
Бүгiн:

«Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»


 

Бөлім бастығы

Абауов Мұрат Қанибекұлы

 

«Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Мұрат Қанибекұлы Абауов 1983 жылы 15 қарашада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Тұрмағамбет ауылындағы қазақ орта мектебінде аяқтап, 2007 жылы Қызылорда облысындағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Өнеркәсіптік азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы» мамандығы бойынша оқып, аяқтаған.

Еңбек жолын 2007-2012 жылдар аралығында Қапшағай қаласының «Қапшағай ГеоСәулет» МКК-ның маманы қызметі, 2012-2016 жылдар аралығында «Қапшағай қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметтерін атқарды.

2016 жылдың шілде айынан бастап «Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.

 

  2018 жылғы табыстары туралы
Мәлімет
1.Табысы
- еңбекақысы  2 661 511 тг,
Ұсталған салық сомасы –174 727 тг

 


Деректемелер

 

«Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

Мекен-жайы: Алматы облысы, 040800: Қапшағай қаласы ,Жамбыл көшесi ,13 / 415 каб.

Тел/факс: 8 (727) 727-90-17 
E-mail: transport@kapshagay.gov.kz


Демалыс Жұмыс уақыты Үзіліс уақыты Демалыс
Дүйсенбі - Жұмa 9.00-18.30

с 13.00 до 14.30

Сенбі - Жексенбі


Бөлiмнiң құрылымы
Лауазымы Аты-жөні Тел: офис
Бөлім бастығы Абауов Мұрат Қанибекұлы 79-017 415
Бас маман Алимжанов Ахан Тажикович 4-14-63 403



Лауазымдық нұсқаулық

«Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

1.     Жалпы ережелер 

1.1. Бөлім басшысы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының  "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерiнiң Ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi), Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі міндетті. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, аппараттың Ережесі мен регламентін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

2. Бөлiм басшысының құқықтары

2.1.         Бөлiмнiң жұмысын үйлестiреді және басқарады;

2.2.         Мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманы сақтау бақылауын қамтамасыз етеді;

2.3.         Құзыретіне жататын мәселелері бойынша жиындар және әдістемелер өткізу;

2.4.         Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен қызметтік хат жазысу;

2.5.         Қала әкімдігінің отырыстарына, мемелекеттік органдардың және ауылдық округтердің жиындарына қатысу;

2.6.         Кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарына қатысуға.

3.      Бөлім басшының міндеттері

3.1.         Қазақ тiлiнiң iс жүргiзуiн зерттеу және енгiзу бойынша жұмысты ұйымдастыруы;

3.2.         Электрондық құжат айналымының бiрыңғай жүйесiнің жұмысын бақылау;

3.3.         Әкімнің, жоғары органның нормативтік-құқықтық актілерінің және бөлімнің құзырына кіретін бағдарлама жобаларының орындалуын қадағалау;

3.3. Қызметкерлердi тағайындау, орын ауыстыру, жұмыстан шығаруға мiнездемелер, ұсыныстарын әзiрлеуге;

3.4.         Пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

3.5.         Бөлiмнiң құзыры шектерiндегi өтініш, арыз хаттарын қарастыру;

3.6.         Келген құжаттарды дер кезiнде қарастыруды ұйымдастыру, басшылыққа қол қоюға жіберілетін құжатты рәсiмдеулерінің үстiне бақылауды жүзеге асыруы;

3.7.         Қала және қала маңы аймағын тиісті жол белгілерімен қамтамасыз ету, егжей-тегжейлі жоспарлау және жол құрылысын салу жобаларын бекіту және іске асыру;

3.8.         Қала ішіндегі және аудан ішіндегі жолаушылар тасымалын тұрақты ұйымдастыру, олардың маршруттарын белгілеу, қызмет көрсету құқығына конкурс ұйымдастыру және жүргізу, маршруттар бойынша қозғалыс кестесін бекіту;

3.9.         Қаладағы автомобиль жолдарын және елді мекендер жолдарын қайта жаңалау, пайдалану, жөндеу және ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

3.10.       Қаланың автомобиль жолдарында және қаладағы елді мекендер жолдарында жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын қайта жаңалау, жөндеу, орнату және ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;

3.11.       Бөлімге жүктелген функциялардың, міндеттердің құқықтарының орындалуы үшін, күшіндегі заңға сәйкес осы көрсетілген міндеттердің үлестірілуіне қарай тәртіптік жауапкершілік жүктеледі.

3.12.       Қала және қала маңы аймағындағы автомобиль жолдарының құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;

3.13.       Инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы жобалар дайындау;

3.14.       Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету;

3.15.       Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуі.

4. Бөлім басшының жауапкершілігі  

4.1. Әкімшілік мемлекеттiк қызметшi өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы №321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану туралы ережесіне сәйкес тәртiптiк жазаға тартылады.

Лауазымдық нұсқаулық

«Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы

1. Жалпы ережелер

1.1. Бас маман өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының  "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерiнiң Ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi), Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі міндетті. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, аппараттың Ережесі мен регламентін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

1.2. Бөлім бастығы болмаған жағдайда оны алмастырады.

2. Бас маманның құқықтары 

Лауазымдық міндетті атқару үшін әкімшілік мемлекетік қызметшіге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 8 бабымен белгіленген құқықтар беріледі, сонымен қатар:

2.1. кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарына қатысуға;

2.2.         облыстық басқармалардан, аудан және қала әкімдерінің аппараттарынан бөлімнің жұмысына қажетті мәліметтерді сұрауға және алуға;

2.3.         келіп түскен өтініштер мен шағымдарды қарастыру ісіне қатысуға.

3.      Бас маманның міндеттері

     3.1.     Жоғарғы мекемелерден түскен тапсырмалар бойынша мәлiметтердi дер кезiнде беру;

     3.2.     Бөлімдегі құжаттар жұмысының әдістерін және формаларын жетілдіру;

     3.3.     Осы қызмет жүктелген функциялар орындау үшiн келесідей арнайы дағдылар қажет: Word, Excel бағдарламалары бар компьютерде жұмыс iстей білу, мемлекеттiк және шет тiлiнiң бiлiмi болғаны дұрыс;

     3.4.     Жоғарғы инстанциялардан және тағы басқа мемлекеттiк органдарға берiлетiн мәлiметтердiң дер кезiнде орындау;

     3.5.     Пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

     3.6.     Азаматтардың өтініштерін қарап, жауаптарының жобасын әзірлеу;

     3.7.     Келген құжаттарды дер кезiнде қарастыруды ұйымдастыру, басшылыққа қол қоюға жіберілетін құжатты рәсiмделуін жүзеге асыру;

     3.8.     Инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы жобалар дайындау;

     3.9.     Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;

    3.10.   Автомобиль жолдарының құрылысы қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;

    3.11.   Қаланың инженерлік инфрақұрылым және көліктік объектілерін пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

    3.12.   Бөлімге жүктелген функциялардың, міндеттердің құқықтарының орындалуы үшін, күшіндегі заңға сәйкес осы көрсетілген міндеттердің үлестірілуіне қарай тәртіптік жауапкершілік жүктеледі,

    3.13.   Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету;

    3.14.   Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету.

4. Бас маманның жауапкершілігі

4.1. Әкімшілік мемлекеттiк қызметшi өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы №321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану туралы ережесіне сәйкес тәртiптiк жазаға тартылады. 

«Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі

Міндеттері:

Ø  Бөлімнің қаржылық жұмысына болжау жасау және оны талдау;

Ø  Бөлімнің қаржыландыру жоспарын жасау және оған толықтырулар мен өозгерістер енгізу;

Ø  Бөлімнің бюджеттік өтінімін жасау;

Ø  Мемлекеттік сатып алу жұмысы мен қызметіне дайындық жасау, келісімшарт дайындау, келісімшарттарды тіркеу, бюджеттік қордың бағдарламалар бойынша орындалуын қадағалау;

Ø  Іс-қағазадарды жүргізу және есепке алу;

Ø  Келісімшарттардың уақытылы орындалуын қадағалау;

Ø  Бөлінген қаржыны уақтылы игеру;

Ø  Салық органына тиісті нысандар есебін уақтылы өткізу;

Ø  Бюджетке тиісті салықтар мен төлемдерді уақтылы аудару;

Ø  Бөлімге жүктелген функциялардың, міндеттердің құқықтарының орындалуы үшін, күшіндегі заңға сәйкес осы көрсетілген міндеттердің үлестірілуіне қарай тәртіптік жауапкершілік жүктеледі.

Лауазымдық нұсқаулық

«Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім инспекторы

Міндеттері:

Ø  Бөлімнің іс қағаздарын жүргізу;

Ø  Іс номенклатурасын жасау;

Ø  Жоғарғы органдардың және азаматтардан келген арыз-шағым, өтініш хаттарына уақытылы жауап берілуін қадағалау;

Ø  Бөлімнің кадр мәселесіне қатысты жұмыстарды атқару;

Ø  Жоғарғы мекемелерден түскен тапсырмалар бойынша мәлiметтердi дер кезiнде беру;

Ø  Бөлімдегі құжаттар жұмысының әдістерін және формаларын жетілдіру;

Ø  Осы қызмет жүктелген функциялар орындау үшiн келесідей арнайы дағдылар қажет: Word, Excel бағдарламалары бар компьютерде жұмыс iстей білу, мемлекеттiк және шет тiлiн білу;

Ø  Жоғарғы инстанциялардан және тағы басқа мемлекеттiк органдарға берiлетiн мәлiметтердiң дер кезiнде орындау;

Ø  Пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

Ø  Бөлімге жүктелген функциялардың, міндеттердің құқықтарының орындалуы үшін, күшіндегі заңға сәйкес осы көрсетілген міндеттердің үлестірілуіне қарай тәртіптік жауапкершілік жүктеледі;

Ø  Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеу;

Ø  Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету;

 

 

Жасалған жұмыстар туралы ақпарат

 

Жүргізушінің және жаяу жүргіншілердің қозғалыс және жол қозғалысы тәртібіндегі азаматтар үшін бейне рубрикасы >>> (12 бейне)



Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен Межквартальная - 1 шағынаудандағы 25,26 үйлерге кіреберіс жол


2019 жылы Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен Межквартальная - 1 шағынаудандағы 25,26 үйлерге кіреберіс жол (Жамбыл көшесінен Қонаев көшесіне дейін, ХҚКО), Межквартальная - 2 шағынаудандағы Жамбыл көшесінен...

 



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа Үкіметті жасақтау барысында «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде халықты әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға байланысты, соның ішінде көп балалы аналарға қолдау көрсету бойынша қойылған тапсырмасын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 06 мамыр айынан бастап Қапшағай қаласы бойынша көп балалы аналар ...

 



Қапшағай қаласы және ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жағдайы және оны күтіп ұстау туралы АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарының орындау мақсатында «Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен келесідей жұмыстар атқарылды:...

 



«ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекті) жарнама орналастыруға рұқсат беру мемлекеттік қызметін пайдалану тәртібі. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетiледi. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады....

 



 

«ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетiледi. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО); 3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал), www.elicense.kz порталы арқылы жүзеге асырылады....

 



ХАБАРЛАНДЫРУ

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамы және жобалаушы мекеме өкілдерімен бірлесіп «Орталық - Оңтүстік» дәлізін күрделі жөндеу» жобасы аясында республикалық маңызы бар «Астана-Қарағанды- Балқаш-Алматы» автомобиль жолының «Қапшағай- Күрті» 0-67 шақырым бөлігінің техникалық - экономикалық негіздемесін (ТЭН)....

 


«Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпараты.

Автомобиль жолдарына жолақтарын жүргізу, велосипедшілерге арналған жолақтар жүргізу жұмыстары және жол белгілерін орнату бойынша 2727,66 м2 жол және велосипед жолақтары жасалынды, 16 дана жасанды жол кедергісі және 53 жол белгісі орнатылды; Қапшағай қаласындағы ұзындығы 0,7км Набережная көшесінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Шеңгелді ауылдық округі, Қосқұдық ауылының ұзындығы 2,40 км ....

 



Елбасы реформалары - болсын!

   Халқымыздың «100 Нақты қадам» бағдарламасына сай Қазақстан керемет мақсатпен –барлығы үшін жоғары дамыған заманауи заңдары жүзеге асатын, экономикалық мемлекет құруға баяу жылжу үстінде. Соның бір ажырамас

 



Капшага- Алматы 1 поездның жүру кестесі

   2017 жылдың тамыз айынан бастап Алматы облысында Алматы-1 – Капшагай поезд маршрутын жүргізді. Жол ақысы 80 тенге құрайды. № 6955/6956/6957/6958 Алматы-1 - Қапшағай пойызы Алматы-1, Медеу, Байсерке, Кайрат, Жетыген,

 


Жол ережелері!

   «Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі тарапынан 2016 жылы жол қауіпсіздігі мен жолаушылар тасымалы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда «Қапшағай қаласы оқу бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 


читать   Азаматтар үшін жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер бейне тақырыбы >>

/08 Қараша 2016 г./   


читать Қапшағай қаласы Абай көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарының жүруіне байланысты қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты уақытша 2-ші шағынаудандағы Шағынауданаралық көшесі арқылы болатындығын хабарлаймыз.>>

/05 Қазан 2016 г./   


читать    «Жұмыспен қамту картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шеңгелді ауылындағы автомобиль жолдарына ағымдағы шұңқыр жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы жеті көшеге жөндеу жұмыстарын атқару жоспарланған

/05 Қазан 2016 г./   


ж.


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары
ҚР Рәмiздерi
Азаматтық бюджет
Қалалық қызметтер
icon Бұқаралық ақпараттар құралдары үшiн ақпарат
Қаланың кәсiпорындары

 

akorda

Astana20




«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына енгізілген өзгерістер



ІЗДЕСТІРУ ЖАРИЯЛАУ!

Дулат Серикханович Оразаев, 19.09.1987 жылы туылған .
Елдос Айдынұлы Емлс, 23.01.1993 жылы туылған

/ 14.10.2019/

obyav

Қапшағай ҚПБ ЖПҚБ УПИ 2019 жылдың 3-ші тоқсанында халық алдында есеп беру кестесі ...

/ 20.09.2019/

obyav

Құрметті Қапшағай қаласының, Шеңгелді және Заречное ауылдық округтерінің тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ағымдағы жылдың 9 қыркүйектегі №1-5-2-74/3349-И және Алматы облысы ПД нұсқауын орындау үшін Қапшағай аумағында халық арасында Жергілікті полиция қызметінің және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді тығыз қарым-қатынас орнату, сондай-ақ қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде экстремизм және терроризм көріністерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, 2019 жылдың 15 қыркүйектен 10 желтоқсан аралықта Қапшағай аумағында «Учаске» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

/ 20.09.2019 ж./

obyav

Құрметті Қапшағай қаласының, Шеңгелді және Заречное ауылдық округтерінің тұрғындары!

2019 жылы жалпыұлттық халық санағын жүргізуге дайындық жұмыстарына байланысты, қалалық көші-қон полиция бөлімінде өздеріңіздің мекен-жайларыңызды тексеріп (ХҚКО ғимараты, 1-ші қабатында), сонымен қатар бөтен адамдарды (тіркелген, бірақ тұрмайтын адамдарды) тіркеуден шығаруға шаралар қабылдауларыңызды сұраймыз.

                                Қала әкімшілігінің ұйымдастыру комитеті

/ 29.08.2019 ж./

obyav

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! 2019 жылдың 29 тамыз күні қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай салтанатты іс-шаралар өткізіледі. Басталуы сағат 17.00-де.

/ 27.08.2019/

obyav

2019 жылғы 29 тамызда сағат 15.00 ден 17.00 дейін Алматы облысының прокуроры А.С.Жылқыбаев Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының ғимаратында (Қапшағай қаласы Степная көшесі 6 үй) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді. Жеке қабылдауға алдын-ала жазылу Қапшағай қаласының прокуратурасында 8 (72772) 4-17-01, 4-52-95 телефондары арқылы жүзеге асырылады.

/ 26.08.2019/

obyav

2019 жылғы 29 тамызда сағат 11.00 ден 13.00 дейін Алматы облысының прокуроры А.С.Жылқыбаев Қапшағай қаласы прокуратурасының ғимаратында (Қапшағай қаласы Степная көшесі 6 үй) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді. Жеке қабылдауға алдын-ала жазылу Қапшағай қаласының прокуратурасында 8 (72772) 4-64-55, 4-14-78 телефондары арқылы жүзеге асырылады.

/ 26.08.2019/

obyav

Қапшағай қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Шеңгелді ауылдық округі әкімдігіне кандидат ретінде...

/ 21.08.2019/

obyav

Жеке меншік мектептердің құрылысы туралы әлеуметтік проморолик....

/ 09.08.2019/

obyav

Қапшағай қаласының бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларын көпшілік талқылаудың басталуы туралы хабарлама >>>

/ 08.08.2019/

obyav

Қапшағай қаласындағы жекеменшік балабақшаларда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы хабарлама.....

/ 07.08.2019/

 

Барлық хабарландырулар>>

Қапшағай қаласының әкiмшiлiгi, 040800
Барлық құқықтар қорғалған © 2007-2019


Сайтты кұру және қолдау -
Ақпаратты пайдаланған кезде сайтқа сiлтеме жасау мiндеттi тұрде