Kapshagay.gov.kz

«7-20-25» бағдарламасы бойынша: шарттар, талаптар, есептер туралы АҚПАРАТ

Главная


 

Номиналды пайыздық мөлшерлеме 7%, бастапқы жарна 20%, қарызды өтеу мерзімі 25 жылға дейін.
Жылжымайтын мүлікті тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана сатып алуға болады. Тұрғын үй Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін 25 млн теңгеден, басқа өңірлер үшін 15 млн теңгеден аспауы тиіс. Ипотеканы құрылыс салушыдан кез келген жаңа тұрғын үйді сатып алуға болады. Оған меншік құқығы алғаш рет тіркелуі тиіс. Салынған жылы, тұрғын үй түрі, ел өңірі бойынша шектеулер жоқ.
«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз алғысы келетін әрбір адам «Баспана» ИҰ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған келесі серіктес банктерге жүгінеді:

  • ЦентрКредит Банкі
  • Еуразиялық Банк
  • АТФБанк
  • Цеснабанк
  • Bank RBK
  • Қазақстан Халық банкі
  • Forte Bank

 
«7-20-25» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін жеке тұлға мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының Азаматтығы
  • Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйдің болмауы
  • Кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен тұрақты расталған табыстың болуы
  • Ипотекалық кредиттердің болмауы

«Қапшағай қаласының
құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы                                 М. Демеуқұлов

 

10/06/2019 ж.

 


"Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .