Kapshagay.gov.kz

Нысан: «Алматы облысы, Қапшағай қаласында 900 орындық орта мектеп салу»

Главная


 

 

Тапсырыс беруші «Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 2019 жылдың І-ші тоқсанына Алматы облысы, Қапшағай қаласы, 10 шағын аудан, №1 учаскесі мекен-жайында 900 орынға арналған орта мектебінің құрылысын салу жоспарлануда. 
Жобалаушы «Геодезия Сервис» ЖШС-мен 2017 жылы 17 мамырда №110140010796/170024/00 мердігерлік шартының негізінде «Алматы облысы, Қапшағай қаласында 900 орындық орта мектеп салу» нысанының жобалау сметалық құжаттамалары толығымен әзірленіп, аталған жобаға 2018 жылы 25 маусымда №18-0115/18-ші мемлекеттік ведомствадан тыс сараптаманың оң шешімі алынды.
Қазіргі таңда 2019 жылдың І-ші тоқсанына аталған нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу мақсатында «Алматы облыстық құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесімен  Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігіне бюджеттен қаражат бөлу туралы бюджеттік өтінім жолданды.  
Алдағы уақытта «Алматы облысы, Қапшағай қаласында 900 орындық орта мектеп салу» нысаны бойынша бюджеттік қаражат бөлінгеннен соң, мердігер ұйымын анықтауға конкурс жарияланып, мердігер ұйымы анықталғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталатын болады.

 

 

29/08/2018 ж.

 


"Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .