Kapshagay.gov.kz

Нысан: «Алматы облысы, Қапшағай қаласында дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысы»

Главная


 

 

Қапшағай қаласын және өңілрерін дамыту, денсаулықты нығайту және қала тұрғындарының спорттық қабілеттерін арттыру мақсатында, дене шынықтыру – сауықтыру шараларын жүзеге асыру үшін жаттығулар жасауға қолайлы орта және спорт кешенін салу қала тұрғындарының басты мәселелерінің бірі болып тұр. 
Құрылысқа арналған жер учаскесі Алматы облысы, Қапшағай қаласы, «Демалыс» саябақ аумағы, № 6 «А» жер учаскесінде орналасқан.
Учаскенің аумағында:  дене шынықтыру – сауықтыру кешені, футбол алаңы, баскетбол және волейбол алаңдары, жеке көлікке арналған, сондай-ақ мүгедектерге арналған автотұрақ, кәріздік сорғыш бекеті мен трансформаторлық қосалқы станциясы қарастырылған.
Сейсмикаға қарсы антисейсмикалық жалғанған, «А, В, С» үш блогынан тұратын кұрделі формалы ғимарат болып табылады.
Құрылыс ұзақтығының есептеріне сәйкес, құрылыс жұмыстарының кезеңі 14 айды құрайды. Жобалау сметалық құжаттамасы «Геодезия сервис» ЖШС-гі жобалау ұйымымен әзірленген, қазіргі таңда жобалау сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамада қарастырылуда.

 

«Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы

М. Демеуқұлов

 

15/08/2018 ж.

 


"Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .