Kapshagay.gov.kz

«Алматы облысы Қапшағай қаласының Заречный ауылында қызметтік тұрғын үймен қосарланған учаскелік полиция пунктін (УПП) салу»

Главная


 

 

         Заречный ауылында жайлы жұмыс ортасын құру және тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар ескерту жұмыстарын жақсартуға, құқық бұзушылардың алдын алуға, сондай ақ ауылдың қоғамдық тәртібін нығайту мақсатында учаскелік полиция пунктінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 
Ғимараттың техникалық сипаттамасы:

  • 1 қабатты жертөлесіз ғимарат бөлмесінің биіктігі – 2,7 м.
  • Үйдің жалпы ауданы – 91,3 ш/м.
  • Жалпы тұрғын ауданы – 69,0 ш/м.
  • Учаскелік пунтімен қызметтік тұрғын үйдің арасы бөлінеді.

Учаскенің ауласы 1,5 м торлы панелдермен қоршалып, қақпа орнатылады.
Учаскелік пункт учаскелік инспекторына және көмекшілеріне арналған жұмыс бөлмелерінен тұрады, сондай ақ тұрғындарды қабылдау бөлмесі, жуынатын бөлме, тамбур, дәліз қарастырылған. Ғимараттың қалған бөлігі тұрғын үйге жоспарланған.
Учаскелік пункт учаскелік инспекторлары және көмекшілерінің қызметін ұйымдастыруға, бекітілген әкімшілік учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын ІІБ-нің басқада қызметтерімен азаматтарға арналған ІІБ-нің ресми үй-жайы болып табылады.



«Қапшағай қаласының                                           М. Демеуқұлов
         Құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы

 

13/04/2018 г.

 


"Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .