Kapshagay.gov.kz

«Қапшағай қаласының құрылыс» бөлімі ММ

Главная


 

      

2016 жылдан бастап Қапшағай қаласы бойынша жеке тұрғын үйлердің құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық құрылымды дамытуға  төрт жоба іске асырылуда (№ 12А, 12Б, Арна, Арна-2 кезек ы/а).

2017 жылы:

  • Қапшағай қаласындағы 12 «Б» ықшамауданы, «Киікбай Строй-Сервис» ЖШС, су құбыры, кәріздік жүйелері, электржабдықтау желілері және көше-жол желілері жүргізіледі. Аяқталу мерзімі – 2017 жылдың шілде айы.
  • «Арна» ықшамауданы, «Астанаинжкомстрой» ЖШС, су құбыры, кәріздік жүйелері, электржабдықтау желілері және көше-жол желілері жүргізіледі. Аяқталу мерзімі– 2017 жылдың тамыз айы.
  • Арна 2-кезек», «Фирма Еламан» ЖШС, су құбыры, кәріздік жүйелері, электржабдықтау желілері және көше-жол желілері жүргізіледі. Аяқталу мерзімі – 2017 жылдың шілде айы.

2017 жылы ауданы 112,8 гектарды құрайтын 489 жер учаскесі үшін 75,4 км инженерлік желілер жүргізілмек. Барлық үш ықшамауданда  келесі жұмыс түрлері жасалынады: су құбыры – 16,2 км, кәріздік жүйелері – 16,3 км, электржабдықтау желілері – 42,9 км, көше-жол жүйелері – 16,8 км, көшелер мен жолдардың, подъездер мен тротуарлардың асфальттық жабынының жалпы ауданы – 150 564,0 ш.м. 

  • Ақөзек ауылындағы 120 орынға арналған орта мектептің құрылысы басталды. 21.04.2017 жылғы №110140010796/170020/00  мердігерлік келісім шарт негізінде бас мердігер «Фирма Еламан» ЖШС болып табылады. ГСЛ №004181  18.04.2001 ж. Құрылыс мерзімі 6 ай – мамыр-қазан 2017 жыл.

2017 жылғы 1 маусымға құрылыс салу алаңын жобалау және тазалау жұмыстары жасалды, қазандық дайындау және фундамент орнату жұмыстары аяқталды, бетонды колонадан қаңқасын жасау жүргізіліп жатыр, техникалық қабаттың қабырғаларын орнату басталды, кешенді трансформаторлық подстанцияны монтаждау аяқталды.
Құрылыс жұмыстары графикке сәйкес орындалуда.

  • Қапшағай қаласы, «Демалыс» аллеясындағы  900 орынға арналған орта мектеп құрылысының жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін электрондық ашық конкурс түрінде мемлекеттік сатып алулар жарияланды. Жобалаушы – «Геодезия Сервис».

 

03/06/2017 г.

 


"Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .