Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласындағы бұқаралық спорт

Главная


 

         Бұқаралық спорт – бұл әр-түрлі жастағы адамдардың денсаулығын нығайту, жұмысқабілеттілігін арттыру, белсенді демалу, физикалық жетістіктерін машықтау үшін өзіндік жүйелі дайындық.
Қапшағай қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында 155 спорттық нысан бар: (17 спорттық зал,8 жүзу бассейні, 3 теннис алаңы, 1 хоккей алаңы, 96 жазықтық құрылыс, өтімділігі 350 адамдық 8 жекеменшік жаттығу залы.
Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын халық саны 16912 адамды құрады немесе халық санынан 28%.
         Балалар мен жасөспірімдер және жастар арасындағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында қалада 16 спорт түрінен 1458 адамды құрайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасауда.

Мамыр айы келесі нәтижелерді алып келді.

Қазақ күресі. - Каскелен қ. Областық турнир. І орын – 2, ІІІ орын – 2.

Еркін күрес. - Ашық турнир, Шелек қ. І орын – 2, ІІ орын – 2, ІІІ орын -2.

Каратэ-до.  - Халықаралық турнир,Астана қаласы, І орын -1, ІІ орын -2, ІІІ орын -4.

Бокс. - Қапшағай, «Отан қорғаушылар күніне арналған»ашық біріншілік І орын-19, ІІ орын-16, ІІІ орын-33.

Дзюдо. - Қапшағай 9-мамырҰлы жеңіс күніне арналған ашық біріншілік І орын-5, ІІ орын-6, ІІІ орын-7.

Желкенді спорт: -  Қ.Р чемпионаты Қапшағай қаласы
І орын – 16 , ІІ орын – 16 , ІІІ орын – 12

         Мүмкіндігі шектеулі адамдарда спортқа белсене араласады, 2017 жылғы 12 – 14 мамыр күндері аралығында Талдықорған қаласында Алматы облысының тірек қимыл аппараты зақымдалған, көз мүшесі зақымдалған мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында V-ші спартакиядасы келесі түрлер бойынша өтті: жеңіл атлетика, жүзу, волейбол отырып ойнау, пауэрлифтинг, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, оқ ату.
Біздің қаламыздан «Қамқор Жүрек» мүгедектер қоғамдық бірлестігі төрағасы Салыкова Лязат басшылығымен команда қатысты.
Біздің команда 2 алтын, 4 күміс және 6 қола алқаларын еншіледі.
Қала спортшыларының ұраны: «Біздің жеңісіміз – саған Қазақстан!»

 

 


 


Бөлiмдер Қапшағай қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы анықтама


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .