Kapshagay.gov.kz

Қарттар күні «Алтын уақыт»

Главная



Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес, қарт адамдарға 60 пен 74 жас, кәрілерге 75-89 жас аралығындағылар, ал ұзақ жасаушыларға жасы 90-нан асқандар кіреді.
Қарттардың даналығын қашан да алға ұстап, үлгі-өнеге алып, сонымен қатар рухани демеудің маңызды рөлі бар екенін дәлелдей отырып, қарттардың  өміріне нұр енгізу ол әр адамның міндеті.
Осыдан бірнеше жыл бұрын ардагерлер ұйымының бастамасымен елімізде қарттарды қолдаудың акциясы шыққан еді, содан бері ол дамып, қоғамымызда жаппай қолдауға ие болуда. Қарттарға қайырымдылық көмек берушілердің саны жылдан-жылға көбейіп, әлеуметтік көмек алушылар саны да арта түсуде.
Осыған орай Қапшағай қаласы және өңірі бойынша 2019 жылдың 03-қыркүйегінен бастап Халықаралық қарттар күніне арналған «Мейірім» атты жалпы қалалық акциясы өткізілуде. Акция 2019 жылдың 03 қазанына дейін жалғасатын болады.
Акцияны өткізудің мақсаты Қапшағай қаласы және өңірінде тұратын көмекке мұқтаж  жалғызбасты қарттар мен  мүгедектерге, соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлеріне материалдық, қаржылай немесе азық-түлік пакеттерін тарату арқылы қайырымдылық көмек беріп,  үй жағдайында мерекелерімен құттықтап жан-жақты қолдау көрсету.
1 –қазан қарттар мен мүгедектер күніне орай бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Қапшағай қаласының білім бөліміне қарасты барлық  орта мектептері мен орта-мектеп гимназияларында акция шеңберінде ҰОС және педагогикалық еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлерімен кездесулер, дөңгелек үстелдер, сынып сағаттарын, «Қапшағай қаласының жастар ресурстар орталығы» ұйымдастыруымен ҰОС ардагерлері, топ мүгедектері және жалғызбасты қарт адамдардың үйлерінде жас еріктілердің көмегімен тазалық іс-шараларын және  мемлекеттік коммуналдық мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қапшағай қалалық  емханасы» «Ашық есік күндері» науқаны, үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін жалғызбасты қарттар мен мүгедектерді үй жағдайында медициналық тексеруден өткізілуде, қаланың жеке кәсіпкерлері көмегімен тұрмысы төмен қарт адамдарға  азық-түлік пакеттері мен ауылшаруашылық өнімдерін тарату, сонымен қатар  2019 жылдың 01 қазанында  «DEL MARE» демалыс аймағында  55 қарт адамдарға арналған   мерекелік дастархан жайылып, мерекелік концерт өткізу жоспарлдануда.
Халықаралық қарттар күніне арналған «Мейірім» атты жалпы қалалық акциясын өткізу туралы хабарламалар қаланың мекемелері мен ұйымдарына, жеке кәсіпкерлерге жолданған.
Атқарылған  іс-шаралар туралы мақалалар БАҚ жариялатын болады.


 


"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .