Kapshagay.gov.kz

Қалалық ЖҚ және ӘБ бөлімінің 2019 жылғы 01 шілдесінде атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Главная


«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 01 шілдесіне жылғы қорытындысы бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларды орындау барысында келесі жұмыстарды атқарды.
1245 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде:

  • өнеркәсіп – 132 ж.о.
  • ауыл шаруашылық – 308 ж.о.
  • құрылыс – 86 ж.о.
  • сауда –32 ж.о.
  • басқалары – 687 ж.о.

         Келесі  әлеуметтік көмектер түрлері көрсетілді:
Қапшағай қаласы және өңірі бойынша 481 жанұяларға, оның ішінде 2619 аз қамтылған азаматтарға 105415,0 мың теңге көлемінде жаңа форматтағы әлеуметтік көмек төленді. Соның ішінде 335 адам шартсыз, 2284 адам шартты әлеуметтік қаржылай көмекпен қамтылды.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан еңбекке жарамды отбасы мүшелері, соның ішінде:
Тұрақты жұмысқа - 52 адам ;
Қоғамдық жұмыстарға - 23 адам;
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 9 адам;
Кәсіптік оқуға – 31 адам.
Тұрғын үй көмегі 378 жанұяға тағайындалып, 2941,2 мың теңге төленді.
Мүгедек балаларды үйде оқытатын отбасыларына 37 балаға 1019,3 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді.
Туберкулезбен ауратын 31 адамға 939,2 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
3 Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге ай сайын тұрғын үй өтемақысы түрінде және коммуналдық қызметтерге 136,4 мың теңге төленді.
Қайырымдылық көмек барлығы 160 адамға 3200,0 мың теңге көлемінде  көрсетілді.
9 мамыр күніне 3 Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге 1500,0 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Ауған соғысы ардагерлеріне 108 азаматтарға   7560,0 мың теңге төленді.
Чернобыль апатынан зардап шеккен 27 адамға 1350,0 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді,
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан шипажайға 91 жолдама бөлінді, 46 қол арба, 61 мүгедек протездік-ортопедиалық, сурдо-тифло техникалық құралдарды 20 мүгедек алды.
Міндетті гигиеналық құралмен 150 мүгедек қамтамасыз етілді.
Өздігінен қозғала алмайтын I топ мүгедектеріне 64 жеке көмекші тағайындалды.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 1- меңгеруші, 1- кеңесші, 12 әлеуметтік қызметкер 50 балаға көмек көрсетеді.  
Қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде -1- меңгеруші, 9 әлеуметтік қызметкер 63 адамға көмек көрсетеді.

 

Бөлім басшысы                                                                       Н.Аққойшы


 


"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .