Kapshagay.gov.kz

Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушыларды телевизиялық абоненттiк жалғамалармен қамтамасыз етудің тәртібін түсіндіру туралы

Главная


 

«Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 42-бабының 9-тармағына сәйкес,  «Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттiк жалғамалармен қамтамасыз ету қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қарашадағы № 677 қаулысымен «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз ету тәртібі белгіленді.
1. Жергілікті атқарушы орган цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға толығымен ауысқанға дейін атқарушы орган мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды жалғамалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
2. Жалғамалармен қамтамасыз ету өтініш берушіге ақысыз негізде жеткізу және орнату нысанында жүргізіледі.
3. Жалғамалармен қамтамасыз ету жеке өзінің атынан немесе отбасының және өзімен үнемі бірге тұратын басқа да адамдардың атынан өтініш жасаған бір өтініш берушіге бір жалғама деген есеппен жүргізіледі.
Жалғамалармен қамтамасыз ету біржолғы болып табылады және ол берілгеннен кейін оны алған өтініш берушіге, оның отбасы мүшелеріне және онымен үнемі бірге тұратын басқа да адамдарға берілмейді.
4. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар өтінішті атқарушы органға, ал ауылдық жерде – ауыл әкіміне өтініш береді.
Өтінішке өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі, өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама қоса беріледі. Салыстырып тексерілгеннен кейін, жеке куәлігінің түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Ауылдық округтің әкімі өтінішті құжаттармен бірге алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушы органға жібереді.

 

Бөлім басшысы          Н.Аққойшы


 


"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .