Kapshagay.gov.kz

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа механизмдері туралы

Главная



Біріншіден, 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50%-дан 70%-ға дейін, яғни  14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін арттырылды.
Екіншіден, ай сайын аз қамтылған отбасының әрбір баласына күнкөріс деңгейінің 70%-ы мөлшерінде кепілдендірілген көмек (20 789 теңге) көрсетілетін болады. Отбасының ересек мүшелері үшін АӘК мөлшері  бұрынғыдай есептеледі.
Үшіншіден,  Жиынтық табысты есептеу қағидалары өзгерді.           1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға және «Күміс алқа»және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақылар алып тасталады.
Бұл көмек мөлшерін орта есеппен 40%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Анасы мен 4 баласынан тұратын, еңбек қызметінен түсетін табысы жоқ, тек 10 504 теңгені (1.01.2018 ж. дейін тағайындалған жағдайда) құрайтын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын нақты бір отбасыны мысал ретінде алайық.
Жаңа критерийлерді ескергенде бұл отбасының тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек 103 945 теңгені құрайды, қолданыстағы атаулы әлеуметтік көмек  жүйесі бойынша  63 741 теңгемен салыстырғанда  63%-ға өседі.
Біздің алдымызда тағы бір міндет - көп балалы отбасыларды жұмыспен қамту шараларын кеңейту міндеті тұр.
Біріншіден, көп балалы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету, оларға отбасылық  бизнес ашу, табысын арттыру үшін жаңа бизнес-идеяларға 505 мың теңге  мөлшерінде өтеусіз негізде мемлекеттік гранттар беріледі.
Көп балалы отбасылар мен мүгедектігі бар адамдар арасында кәсіпкерлікті дамытуға микрокредитте беріледі.
Екіншіден, ауылдық жерлердегі аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін сұранысқа ие кәсіптерге қысқа мерзімді оқыту ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, жекелеген жұмыс түрлері бойынша жалақысы субсидияланатын үйде орындалатын әлеуметтік жұмыс орындары ашылады. Бұл бала күтімі мен еңбек қызметін қоса атқаруға,  сондай-ақ қосымша табыс көзін алуға мүмкіндік береді.
Осылайша, халықты әлеуметтік қорғау және өмір сүру сапасын арттыру шаралары азаматтардың өміріндегі барлық салаларды қамтитын кешенді тәсілді ескере отырып, кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.

Бөлім басшысы                                                         Н.Аққойшы


 


"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .