Kapshagay.gov.kz

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халыққа түсіндіру жұмыстары туралы

Главная



«Қапшағай қаласының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен бөлім басшысы мен қызметкері, Жұмыспен қамту Орталығының директоры мен қызметкерлері, Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы,  Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қапшағай қалалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынынан дәрігері Қапшағай қаласы мен ауылдық елді-мекендердің тұрғындарына жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы, сондай-ақ, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын, медициналық сақтандыру, 2019 жылдан бастап қолданысқа енген Біріңғай жиынтық төлем мәселелерін түсіндіру бойынша құрылған ақпараттық – түсіндіру тобы өңірлерге шығу кестесіне сәйкес 2019 жылдың 24 -25 қаңтары аралығында Шеңгелі және Заречный ауылдық округтерінде болып халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қайтты.
Елбасының және ҚР үкіметінің ұстанған басты саясаттарының бірі мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсету болып табылады. Осы орайда жергілікті атқарушы органдар тарапынан тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді  уақытылы, сапалы көрсету басты мақсат.
1. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің бұрынғы әлеуметтік төлем түрлерінен өзгешелігі – аз қамтамасыз етілген азаматтарға немесе отбасыларға берілетін атаулы  әлеуметтік көмек кешенді болып, өз ішіне 3 түрлі  мемлекеттік қолдауды алып отыр, олар:
1) атаулы әлеуметтік көмек төлемі;
 2) жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, яғни
а)   жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына жолдау;
ә) тұруына, жол жүрісіне, біржолғы ыстық тамағына (техникалық және  кәсіптік оқу орындарында білім алған жағдайда) шығыстарды өтей отырып, оқуға жіберу және мемлекет есебінен шәкіртақы төлеу;
б) мемлекет есебінен еңбекақысын субсидиялай отырып, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға жіберу;
в) жеке ісін ашуға немесе бизнесін кеңейтуге микрокредит беру; 
3) әлеуметтік қызметке мұқтаж жандарға мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету. Қызметтерді үкіметтік емес ұйымдар, әлеуметтік қызметкерлер және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік ұйымдар көрсете алады.
Осылайша, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларға немесе азаматтарға қолдау көрсете отырып, кедейшілік шегінен шығару үшін кешенді қарастыруды көздейді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 %-ынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.
Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мүмкіндіктері шектеулі адамадардың немесе егде жастағы зейнеткерлердің отбасылары) немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептерге байланысты жұмыспен қамту шараларына қатыса алмайтын  отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі балалары бар жалғыз басты ана) көрсетілетін болады. Мұндай отбасыларға жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту шараларына қатысу міндетті емес. Мұндай аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек қандай да бір шартсыз тоқсан сайын тағайындалып, ай сайын төленеді.
Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті кем дегенде бір мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға ұсынылады, бұл орайда қойылатын шарт – жұмыспен қамтудың белсенді шараларына олардың міндетті түрде қатысуы, яғни жұмыспен қамту орталығы ұсынған жұмыстарға баруға міндетті. Бұл жерде атап өтетін жәйт, адамға жай ақшалай көмек беріліп қана қоймай, оның жұмысқа тұруы үшін көмек көрсетіледі, түрлі қайта даярлау және біліктілігін арттыру  курстарына жібереді және шағын несие береді. Осылайша, отбасының кедейшілік шегінен шығуға  ынталандырылады.
Алматы облысы бойынша 2019 жылдың 1 тоқсанына кедейлік шегінің мөлшері 14849 теңге (ең төменгі күнкөріс деңгейі)  – 29698 теңге.

  1. Тұрғын үй көмегі.

 Аталған жерлерде тұрақты тұратын аз қамтылған азаматтар үшін тұрғын үйді  күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызмет шығындарын ішінара өтеуге арналған тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
3.   Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың  ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу  бойынша тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалған.
4. Өмірлік қиын жағдай туындағанда (туберкулез ауруымен ауырғанда) жанұя табысын ескере отырып үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалған.
5. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына (мұғалімдер, медицина саласының қызметкерлері, мал шараушылығы мамандары, әлеуметтік қызметкерлер) отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек (көмірге) көрсетіледі.  
6. Мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қорғау мақсатында, мүгедекті оңалтудың жеке  бағдарламасына сай, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасынан санаторлық-курорттық шипажайға, протездік-ортопедиалық көмектерге жолдамалар, мүгедектігі бар тұлғаларға  қол арбалар, сурдо-тифло техникалық құралдар бөлінеді. Мүгедектігі бар тұлғалар міндетті гигиеналық құралменде қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде қосымша копменсаторлық құралдармен де қамтамасыз ету мүмкіндігі бар, атап айтқанда: катетер, сіңіргіш жаялықтар (пеленки), тері тазалағыштар (очиститель для кожи), иіс сіңіргіштер (нейтрализатор запаха), қорғағыш кремдер (защитный крем), герметик пастасы, мүгедектер үшін санитарлық жабдықталған кресло-орындықтар, ұнтақ сорғыштар, дәретхана және жуынатын бөлмелері үшін тірек жиналмалы тұтқалар. Аталған құралдарды емдеуші дәрігердің анықтамасы негізінде медициналық сараптамалық комиссияның тұжырымдамасымен алуға болады. 

Әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі
А.Әмреева


 


"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .