Kapshagay.gov.kz

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы

Главная


 

Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік саясатты қалыптастыру және ең мұқтаждарға көмек көрсетуді күшейту туралы бұйрығына сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, шарттылық қағидаттарына және әлеуметтік келісімшарт жасасуға негізделген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде күнкөріс деңгейінің 50% -ынан төмен табысы бар отбасыларға еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына міндетті түрде қатысады.
Қапшағай қаласы аймағы бойынша 2018 жылдың бірінші тоқсанында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекпен 95 отбасынан шыққан 485 аз қамтылған азаматтар қамтылды. Олардың ішінде 114 шартсыз ақшалай жәрдемақы алушылар, 371 адам шартты  ақшалай көмек алады.
2018 жылдың бірінші тоқсанында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен 18 адам тұрақты жұмысқа келесі кәсіпорындарға «Коксу», «КазМегаГаз», «Технодом Сервис», «АС-2013», «D-LUXE» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне, «Идыров» жеке кәсіркерлігіне  орналастырылды, 17 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға газбенэлектрмен дәнекерлеуші, аспаз- кондитер, электромонтер, тракторист мамандықтары бойынша «Қапшағай қаласының көпсалалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық мекемесіне жіберілді, 1 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Әлеуметтік көмек көрсету
секторының меңгерушісі              А.Әмреева


 


"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .