Kapshagay.gov.kz

«Халықаралық қарттар күні»

Главная


       

  


Осыдан 27 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді. Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат - аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып отырады.
Осы мерекеге орай Қапшағай қаласы және өңірі бойынша 1 –қазан қарттар мен мүгедектер күніне орай бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлер тартылып,  «Доброта спасет мир» атты акциясына  қатыстырылды.
2017 жылдың 29 қыркүйегінде «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Фортуна» кафесінің меңгерушісі А.Ш.Молдахметованың демеушілік көрсетуімен 50 адамға арналған  мерекелік дастархан жайылды. «Қапшағай қаласының  мәдениет және тілдерді дамыту» мемлекеттік мекемесі қалалық көркем өнерпаздарымен «Сударушки» мен  «Әжелер» ансамбілінің және т.б. қатысуымен мерекелік концерт өткізді. Кештің барлық қонақтарына сыйлықтар мен гүлдер табыс етілді
Қарттар мен мүгедектер күніне орай бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес берілген тізім бойынша азық-түлік пакеттерін таратып қайырымдылық көрсетті.
Қапшағай қаласы ауруханасы «Ашық есік күні» науқанын өткізіп, жалғызбасты қарттарды үй жағдайында медициналық тексеруден өткізді.
«Қапшағай білім бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне қарасты орта мектептерде «Қарттарды сыйлауды үйренейік» атты ашық сабақтар өткізілді.
Ауыл шаруа-қожалықтарының көмегімен қарттар мен топ мүгедектеріне пияз таратылды.
1-қазанда «Қапшағай қаласының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде қызмет алушы  қарттар мен мүгедектер арналған  мерекелік концерт өткізіліп, мерекелік түскі ас берілді.
Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай 2017 жылдың 23 қыркүйегінде Заречный ауылында мүмкіндігі шектеулі жандардан құралған топтың «Жүректен-жүрекке» атты қайырымдылық концерті өткізілді. 29 қыркүйекте сағат 10:00-де және Арна ауылының мәдениет үйінде 16:00-де қарттарға арналған мерекелік концерт өткізілді. Заречный ауылдық округінде  жалпы саны 140 қарттар мен мүгедектерге азық-түлік пакеттері үлестірілді.  Мерекеге орай округ аймағындағы 3 түзеу мекемесі және орта мектептер өз мекемелерінен зейнетке шыққан азаматтарды құттықтау рәсімін өткізді.
«Ақ орда» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен жалғызбасты қарттардың үйлерінде тазалық іс-шаралары жүргізілді.

        

 

«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және
 әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі



 


"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .