Kapshagay.gov.kz

ХАБАРЛАНДЫРУ

Главная



          

 

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау аясында ағымдағы жылдың маусым- тамыз аралығында 2017 жылы «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесіне қатысу үшін үздік әлеуметтік жобалардын іріктеуі өткізіледі.
Алғашқы үздік әлеуметтік жобалардын іріктеу туры өңірлік деңгейде  қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүргізіледі.


Іріктелген үздік әлеуметтік жобалардың презентациясы ағымдағы жылдың тамыз айында өткізіледі.
Аталған іс шараға халықты әлеуметтік қорғау жүйесі шеңберінде қаржыландыру көздеріне қарамастан қызметтерін атқарып жүрген қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, мекемелер, ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.
Осыған орай, іріктеуді келесі санаттар бойынша жүзеге асыру қажет:
- жетім балалар;
- мүгедектер;
- аз қамтылған және көп балалы отбасылар;
- жұмыссыз және жалғызбасты азаматтар;
- қарт адамдар, ардагерлер және басқа да санаттағы азаматтар.
Барлық қатысты сұрақтар бойынша «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімі» мемлекеттік мекемесінен білуге болады. Мекен-жайы: Қапшағай қаласы, Қойшыманов көшесі, 7 үй, байланыс телефондары: 8/72772/79193

27.04.2017



"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .