Kapshagay.gov.kz

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Главная



«Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды»- деп Елбасымыз жылдың басын дәстүрлі түрде өз халқына Жолдауынан бастаған.
Бүгінде елімізде мемлекет басшысының жолдауы белсенді  талқылануда. Себебі жолдау саяси мәселе ғана емес, ол еліміздің  әрбір тұрғынына қатысты мәселе. Жолдау  – мемлекеттің тағдыры, ол  шынайы іс – жоспарға құрылған тарихи құжат.Осыған орай  «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арасында  Қапшағай қаласы прокуратурасының аға прокуроры Б. А. Солтанаеваның қатысуымен 2017 жылдың 09- ақпанында «Елбасы Жолдауы — болашақтың бағыты» атты» дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел негізгі мақсаты – Президенттің алға қойған жоспарлары және тапсырмаларымен таныстыру.
      Президент өзінің Қазақстан  халқына  жолдауында бұрынғыдай әлеуметтік саясаттың әл-ауқатын арттыруға  және адами капиталдың сапасын жақсартуға үлкен рөл бөлген.
     Қазақстандықтардың әл-ауқаты, әлеуметтік жағдайы қарапайым халықтың жүріп-тұруының маңызды индекаторының басты мақсаты  болуы тиіс.
     Кәсіптік білімі жоқ еңбекке жарамды жұмыссыздар мен  өзін-өзі жұмыспен қамтығындар бірінші кезекте тегін білім алады.
     Президент 2017 жылы   зейнетақы мөлшерін және шын мәнінде өмір сүруге болатын  ең төменгі күнкөріс шегін қайта қарастыру. Бұл ретте жұмыс істеуге қабілетті адамның бәрі тек жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу шарты арқылы ғана қолдауға ие болуға тиіс».
Тегін «кәсіптік-техникалық оқыту» жобасы іске асатын болады.
Бұл ретте жұмыс істеуге қабілетті адамның бәрі тек жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу шарты арқылы ғана қолдауға ие болуға тиіс.
«Өрлеу» жобасының негізгі жұмысы - адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту, келешекте отбасы мүшелерінің еңбек ету арқылы, немесе кәсіпкерлік, немесе ауыл шаруашылығын тиімді жүргізу арқылы өзін - өзі қамтамасыз етумен қатар мақсатқа жетуге кедергі болатын ісаралық әрекетті жою.
Сонымен қатар, 2017 жылдың 13-қаңтарында жұмыспен қамту бөлімі мен жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері Кербұлақ, Сарыбұлақ, Шеңгелді ауылдарында, Заречный ауылдық округіндегі «Өрлеу» бағдарламасы туралы отырыс өткізді. Осы жобаға қатысам деушілер қаржылай көмек алушылар тізіміне еңгізілді.
Елбасы өзінің халыққа арнаған Жолдауы арқылы қазақ елінің  келешек күндерге деген шынайы сенімдерін арттырды және Қазақстанның әр-бір азаматы Елбасын қолдайды деп сенеміз.

«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Іңкәрбекова

 

.

10.04.2017



"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .