Kapshagay.gov.kz

Қараша желтоқсан айындағы жүргізілген іс-шаралар жайлы ақпарат

Главная



 

 

 

        2016 жылы 23 қараша айында  «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ішінен құрылған мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде психологиялық тренинг өткізілді.   
Тренингті № 2 орта мектеп психологы Терниязова Жанар Қуанышевна жүргізді.Оған мүмкіндігі шектеулі балалармен олардың ата-аналары қатысты. Түрлі –тәсілдер қолдана отырып балаларды, достыққа, бірлікке, бауырмалдылыққа баулитын кеңестер берді.  
2016 жылы 24 қараша айында «Қапшағай самға» мүгедектер қоғамының төрағасы  Абдулдаев. М  ұйымдастырылуымен «Біз бақытты отбасы» атты байқау өтті. Байқаудың мақсаты: үлгілі отбасы тәжірибесін насихаттау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық өмірге тарту, етене араластыру, әр адамның өмірге деген қызығушылығын арттырып, өз орнын табуға ықпал жасау. Байқау үш кезеңнен құрылған:
1. Таныстыру.
2. Өз отбасындағы жылулықты қалай білдіреді. Өз мүмкіндіктеріне сай көрініс құру, ән айту, би билеу болып табылады.
3. Ас адамның арқауы, сүйікті асын дайындау кезеңдері.
Жеңімпаздар анықталып салтанатты түрде сыйлықтар табысталды.
2016 жылы 25 қараша айында «Қапшағай самға» мүгедектер қоғамының төрағасы Абдулдаев.М ұйымдастырумен «Шексіз талант» атты байқау өтті.
Байқауға ән салу, би билеу, сурет салу, қол өнер шеберлері қатысты. Мүмкіндігі шектеулі балалар өнердің әр саласы бойынша дайындалып белсене қатысты.  Байқауға қатысқан әр бала өз мүмкіндіктерінше өнерлерін көрсете білді. Балалар номинация бойынша бағалы сыйлықтармен  марапатталды.
2016 жылы 28 қараша айында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ішінен құрылған мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде  мүмкіндігі шектеулі балалар арасында спорттық ойындар  шашки, шахмат өтті. Балалар ойынға белсене қатысты, 1-2-3 орындар иегерлеріне бағалы сыйлықтар,  басқа балаларға да ынталандыру сыйлықтары табысталды.
2016 жылы 7 желтоқсан айында «Қапшағай самға» мүгедектер қоғамының  төрағасы Абдулдаев.М ұйымдастыруымен  Психологиялық тренинг – танымдық белсенділікті дамыту құралы ретінде өтті. Психологиялық тренингті  қарттар үйінің психологі Абиева Мөлдір жүргізді.
Психологиялық тренингтің ең маңызды мәселесі -өзінің жеке даралық қасиеттері арқылы тұлғаның өзін-өзі ашуына көмек беруде мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысумен қызықты және әсерлі өтті.   


      Бөлім басшысы                                                            А .Іңкәрбекова

 

 

22.11.2016



"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .