Kapshagay.gov.kz

2016 жылы 17 қарашада спорттық ойын түрінен өткен ашық көрсетілім жайлы ақпарат

Главная



 
2016 жылы 17 қарашада Қапшағай қаласының жасөспірімдер спорт мектебінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап Тэквандо, Бокс, Еркін күрес спорт түрлерінен ашық көрсетілімдер өткізілді.
Спорт мектебінің жаттықтырушылары әр спорт түрі туралы және спорт түрлерінің жеңімпаздары жайлы толық ақпарат берді.
Тэквондо ойынын көрсету барысында балалардың ойын кезінде өзін -өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлылыққа, батылдылыққа, ұйымшылдылыққа тәрбиелейтінін айтып жеткізді.
Еркін күрес ойынын көрсету барысында төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасының артуына тәрбелейтінін балаларға түсіндіріп өтті.
Жаттықтырушылар балаларға салауатты өмір салтын ұстау жайлы әңгімелеп берді.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысумен өткен бұл іс-шара балалардың көңілінен шықты. Балаларға спорт мектебі ұжымы,өздерінің сыйлықтарын табыстады.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың атынын Қапшағай қаласының жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушыларына және басшысы Н.Нуратовқа осы іс-шараны ұйымдастырғаныүшін алғысымызды білдіреміз.


      Бөлім басшысы                                                            А .Іңкәрбекова

 

 

22.11.2016



"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .