Kapshagay.gov.kz

Алғашқы «Ұлы дала ханшайымы» атты сұлулуқ пен дарындылар ұлттық байқауы.

Главная



 

2016 жылдың 12-қарашасындамемлекетіміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласында Алғашқы «Ұлы дала ханшайымы» атты сұлулуқ пен дарындылар ұлттық байқауы өткізілді.
Байқау «Алма-Ата» «Әйелдер клубы» қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырылып,шет ел үлгісінде, Қазақстан көлемінде өткізілді.
Байқау талаптары бойынша 21-ден 50 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі қыздар мен әйел адамдары өздерінің сыртқы және ішкі рухани әдімілігін көрсете білу керек болған.
Қатал іріктеу кезеңінен өткен тоғыз қатысушыларды хореограф, психолог және тағы басқа мамандар бір ай көлемінде дайындады.
Алматы облысы бойынша Қапшағай қаласының «Қамқор жүрек» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Салықова Ляззат Иманғалиқызы қатысып, «Мисс талан және креатив» номинациясы бойынша титул және көрермен көзайымы жүлдегері атанды.
Сонымен қатар алғыс хат, бағалы сыйлықтармен марапатталып, Москва қаржы Университетінің өзі таңдаған мамандығы бойынша тегін жоғарғы білім алуына мүмкіндік алды.
Байқаудың басқа байқаулардаң айырмашылығы қол-арбаға мұқтаж мүмкіндігі шектеулі қыздар өздерінің кешкі көйлектерін көрсете отырып,би билеп,ән салып өздерін Голливуд жұлдыздарындай танытты.
Байқау соңында көрермендерге ұлттық киіммен шыққан сәттер мен «Фэшн парк» көрсетілімі және «Путишествие в Голливуд» жобасы  сыйлыққа тартылды.
Сонымен қатар көрермендер Қазақстан және Ресей жұлдыздары Анна Седакова, Жәмилия Серкебаева, Беркут пен Айша, «Үркер» тобының әншісі Айдос Сағат, «Ринго» тобының әншісі Рафаэльдің концертін тамашалады.
«Ұлы дала ханшайымы» байқауы  2016 жылдың тарихында мүмкіндігі шектеулі қыздар мен әйел жандарының  «алғашқы қарлығашы» ретінде із қалдырды.
Осындай байқаулар болашақта әр жыл сайын өткізіліп отырады деп үміттенеміз.
Салықова Ляззат Иманғалиқызына, біз  Қапшағай қаласының тұрғындары сізді мақтан тұта отырып, шын жүректен жеткен жетістіктеріңізбен құттықтаймыз!
Сізге  деніңізге саулық, бастаған игі істеріңізге табыс тілей отырып, биік шыңдардың жеңістерінің иегері атануыңызға тілектеспіз!

 

 

 

17.11.2016



"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .