Kapshagay.gov.kz

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды ортаға бейімдеуге көмектесу жайлы өткізілген дөңгелек үстел туралы


Негiзгi>

 

 

2016 жылғы 14 қазанда «Нұр Отан» Партиясы Қапшағай қалалық филиалының мәжіліс залында қылмыстық жазаны және қылмыстық- құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай- ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік – кеңесші органның кеңесінің кезекті мәжілісі дөңгелек үстел ретінде болып өтті. Мәжіліске Кеңес мүшелерінің барлығы дерлік қатысып, «Үміт» Халықаралық орталығы» Қоғамдық Қорының бірлескен бағдарламаларды орындау бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды ортаға бейімдеуге көмектесу тақырыбындағы таныстыруы мен Қапшағай қаласы пробация қызметі бөлімінің жұмысы туралы бастығы - әділет капитаны Б.Жетмекованың кезекті есебі тыңдалды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған «Үміт» Халықаралық орталығы» Қоғамдық Қорының модераторы врач-психиатр Қ.А.Джумурбаева қысқаша Қордың 2001 жылдан бастап жетім балаларға, Алматы қаласы және Алматы облысындағы ЛА-155/4, п.Жауғашты, ЛА-155/6 мекемелерінен шыққан сәтсіз отбасыларда тәрбиеленген балаларға әр жақты әлеуметтік көмектер көрсетумен айналысатындығын, қазіргі кезде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған ересек азаматтар мен әйелдермен де оңтайландыру жұмыстарын жүргізетіндіктері жайлы мәлімдеді. Қор өз миссиясын орындау барысында Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам Бағдарламасындағы келесі қадамдарды да басшылыққа алады.

33-қадам. Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Осындай азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жасау.
      34-қадам. МЕМЛЕКЕТ-ЖЕКЕМЕНШІК СЕРІКТЕСТІГІН ДАМЫТУ ШЕҢБЕРІНДЕ пенитенциярлық инфрақұрылымды жаңғырту. Пенитенциярлық мекемелерді салуға, ұстауға және басқаруға жекеменшік секторды тарту жөнінде ұсыныстарды екшеу және халықаралық тәжірибені зерттеу.

97-қадам. Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы АЗАМАТТАРДЫҢ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ ҮДЕРІСІНЕ ҚАТЫСУ МҮМКІНДІГІН КЕҢЕЙТУ. МЕМЛЕКЕТКЕ ТӘН ЕМЕС ҚЫЗМЕТТЕРДІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАҒА және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру. Үкімет мемлекетке тән емес және басы артық қызметтерді қысқарту есебінен неғұрлым ықшам бола түседі.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қапшағай қалалық прокуратурасының аға прокуроры Б.Ә.Солтанаева: бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды ортаға бейімдеуге байланысты қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту Орталығы» мемлекеттік мекемесінің маманына, «Қапшағай қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманына сұрақтар қойды. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтардың төл құжаттарын қалпына келтіру мәселесіндегі туындайтын қиыншылықтар жайлы, ортада бейімделуге психологтардың көмектері қажеттілігі жайлы, Оңалту Орталығын салуға Арна селосының аймағынан берілген жер учаскесін ауыстыру (өндірістік аймақта Оңалту Орталығын салуға болмайтындығына байланысты) туралы көптеген мәселелер талқыланды.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды ортаға бейімдеуге көмектесу жайлы өткен дөңгелек үстелге қатысушылар Қылмыстық жазаны және қылмыстық- құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай- ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік – кеңесші орган мүшелерінен жұмыс тобы құрылсын деген ШЕШІМ қабылдады.

 

 

27.10.2016


"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .