Kapshagay.gov.kz

«Өрлеу» жобасы бойынша түсіндірулер


Негiзгi>

 

Елбасының «5 институционалды реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 84-ші қадамда «Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру» қарастырылған. Осыған байланысты Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі аз қамтылғандар санатындағы азаматтарды әлеуметтік қорғаудың пассивті моделінен белсенді моделіне ауыстыруды қарастыратын «Өрлеу» жобасын бастаған.

Жалпы, «Өрлеу» жобасы - отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне және «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысқан жағдайда отбасын белсенділендіру әлеуметтік келісімшартына отыру арқылы отбасыларға шартты қаржылай көмек ұсыну бағдарламасы. Бұдан бөлек, жоба жұмысқа орналастыруға, мамандықтарға оқытуға, қайта оқытуға, сол сияқты жастар практикасына қоғамдық жұмысқа және әлеуметтік жұмыс орындарына тартуға ықпал ете алады. Жобаның негізгі мақсаты - шартты қаржылай көмек алған алған аз қамтылған отбасы тек қана жәрдемақы алып қана қоймай, осы жағдайдан шығуға әлеуметтік тұрғыдан бейімделген, кәсіби бағдар алған болуы тиіс.

Шартты ақшалай көмек – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.

Жобаны іске асыру үшін ассисенттер мен консультанттар жұмысқа қабылданады:

1) ассистенттер – шартты ақшалай көмек алу үшін ауылдық округ әкіміне өтініш білдірген үміткермен консультациялар, әңгімелесу өткізу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін уәкілетті орган шарт негізінде тартатын адамдар;

3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар – шартты ақшалай көмек алу үшін уәкілетті органға өтініш білдірген үміткермен консультациялар, әңгімелесу өткізу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін уәкілетті орган шарт негізінде тартатын, халықты әлеуметтік қорғау органдары мен ұйымдарының және өзге де ұйымдардың мамандарымен өзара іс-қимыл жасайтын адамдар;

Шартты ақшалай көмек отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш ай үшін бір мезгілде төленеді.

Әлеуметтік келісімшарт – бір жағынан, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен қамтылған және табысы аз азаматтары мен оралмандар қатарындағы жеке тұлға және екінші жағынан, халықты жұмыспен қамту орталығының арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;

Жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

Шартты ақшалай көмектің біржолғы сомасы отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға пайдаланылуға тиіс.

 

12.04.2016


"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .