Kapshagay.gov.kz

Хабарландыру


Негiзгi>

 

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау аясында ағымдағы жылдың маусым- тамыз аралығында 2015 жылы «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесіне қатысу үшін үздік әлеуметтік жобалардын іріктеуі өткізіледі.

Алғашқы үздік әлеуметтік жобалардын іріктеу туры өңірлік деңгейде «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы жүргізіледі.

Іріктелген үздік әлеуметтік жобалардың презентациясы ағымдағы жылдың тамыз айында өткізіледі.

Аталған іс-шараға халықты әлеуметтік қорғау жүйесі шеңберінде қаржыландыру көздеріне қарамастан қызметтерін атқарып жүрген қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, мекемелер, ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Осыған орай, іріктеуді келесі санаттар бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес (жалғанды)жүзеге асыру қажет:

- жетім балалар;

- мүгедектер;

- аз қамтылған және көп балалы отбасылар;

- жұмыссыз және жалғызбасты азаматтар;

- қарт адамдар, ардагерлер және басқа да санаттағы азаматтар.

 

Барлық көрмеге қатысты сұрақтар бойынша «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуға болады. Біздің мекен-жайымыз: Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі № 35 , 5 кабинет, тел: 8 (72772)45941

 


"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .