Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің Назарына!

Главная


Қапшағай қаласының
ауыл  шаруашылығы тауарын өндірушілердің
Назарына!

Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау туралы

          Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы  "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы  № 31 бұйрығына сәйкес,  «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі төмендегіні хабарлайды:
«Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға  аталмыш хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап,  тиісті жылдың 1 желтоқсанына дейін өтінімдер қабылдайды.
Субсидиялар алушылар
Субсидиялар ағымдағы жылы және өткен жылғы 4 (төртінші) тоқсанда тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштарға жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауылшартауарөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне төленеді.
Субсидиялар алу шарттары
       Субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленеді:
      1) ауылшартауарөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құнымен сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтiнiмді:
        қаланың ауыл шаруашылығы бөліміне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына қағаз түрінде;
      не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде беруіне болады.
      Ауылшартауарөндіруші немесе ауылшаркооперативі тыңайтқышты шарт негізінде тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтiнiмді:
      бөлімге немесе Мемлекеттік корпорацияға қағаз түрінде;
      не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде береді.
      Бұл жағдайда, субсидиялар тыңайтқыштарды өндірушіге төленеді;
      2) ауылшартауарөндірушіде немесе ауылшаркооперативінде жерді пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.
      Ауылшаркооперативінде жерді пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болмаған жағдайда, ауылшаркооперативі ауылшаркооперативінің мүшелері болып табылатын ауылшартауарөндірушілердің субсидия алуына өтінім немесе төлеу туралы өтінім береді. Бұл ретте ауылшартауарөндірушілер субсидия алушылар болып табылады.
      Жерді пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бар ауылшаркооперативі өтінімді немесе төлеу туралы өтінімді өз жер учаскелеріне, сондай-ақ ауылшаркооперативі мүшелерінің жер учаскелеріне сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алуға береді. Бұл ретте ауылшаркооперативі және ауылшартауарөндіруші субсидия алушылар болып табылады.

Басым ауыл шаруашылық дақылдарын субсидиялау туралы!

         Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы  "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы № 29 бұйрығына сәйкес,  «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі төмендегіні хабарлайды:

Субсидиялар алушылар

         Субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – ауылшартауарөндіруші) және (немесе) ауыл шаруашылығы кооперативтеріне осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес жыл сайын басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндіру шығындарын ішінара өтеуге бөлiнедi.

Субсидияларды алу шарттары

      Субсидиялар Министрлікпен келісім бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысымен белгіленген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша 1 тоннаға және (немесе) субсидиялар нормалары бойынша 1 гектарға төленеді.
      Субсидияларды төлеу мынадай шарттарды сақтаған кезде жүзеге асырылады:
      Майлы дақылдар бойынша – қайта өңдеу кәсіпорнына қайта өңдеуге тапсырылған майлы дәндердің 1 тоннасына 100 %.
      Майлы дақылдардың әр түрі бойынша субсидиялар нормалары өңірлердегі олардың басымдығына қарай сараланып белгіленеді;
      Егістікте және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін себілген бірінші жылы өсіп жатқан көп жылдық шөптер бойынша – биылғы жылғы көктемнің немесе өткен жылғы күздің егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға 100 %;
      Қант қызылшасы (фабрикалық) бойынша - қант зауытына қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасының 1 тоннасына 100 %;
      Қорғалған топырақ жағдайында өңдеп өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары бойынша – жылыжай типіне және кіші типіне қарай сараланған және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қорғалған топырақта көкөнiс дақылдарын өндіруді субсидиялау схемасына сәйкес бiр гектарға көзделген субсидиялардың жылдық нормасы бойынша.
         Бұл ретте жалпы қорғалған топырақтағы көкөнiс дақылдарының екіден аспайтын дақыл айналымы субсидияланады: бiрiншiсi – аталмыш хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап тиісті 15 маусымға дейiн және екiншiсi – 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейiн (қысқы-жазғы және күзгi-қысқы кезеңдер). Дақыл айналымының белгіленген басталу және аяқталу күндерінен 15 күнге ауытқуға жол беріледі.
      Субсидиялар егiстiк жерде өңдеп өсiрiлетiн себілген басым ауыл шаруашылығы дақылдарының алаңдарына және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшiн егiлген көп жылдық шөптердiң алаңдарына ғана төленедi.
      Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінімді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған қаланың ауылшартауарөндірушілері және (немесе) ауылшаркооперативтері тiзiмiне қосу үшін қаланың ауыл шаруашылығы бөлімі аталмыш хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап, қабылдаудың соңғы күні тиісті жылдың 1 желтоқсанынан ерте болмауы тиіс мерзімде өтінім қабылдайды.
       Ауылшартауарөндірушілер және (немесе) ауылшаркооперативтері осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімдерде өтiнiмді және нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банк не Ұлттық почта операторы анықтамасын бір данада ұсынады. Бұл ретте өтінім мен анықтама:
      бөлімге не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына қағаз түрінде;
      не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде беріледі.
      Өнімнің 1 тоннасына субсидиялар алу үшін ауылшартауарөндірушілер және (немесе) ауылшаркооперативтері өтінімде қосымша:
      қайта өңдеу кәсіпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы шарттардың;
      қайта өңдеу кәсіпорны шеккен шығындарын (өтінім беру сәтіне) растайтын төлем құжаттарының бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.

 

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау туралы!

 

             Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 16 мамырдағы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" № 218 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 34 бұйрығының № 1 қосымшасына сәйкес «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары» бекітілген бұйрығына сәйкес, "Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі"  мемлекеттік мекемесі келесіні хабарлайды:
"Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі"  мемлекеттік мекемесі,
1) сатып алынған субсидияланатын тұқымдарға субсидиялар алу үшін жаздық дақылдар бойынша – тиісті жылғы 30 шілдеге дейінгі, көп жылдық шөптер бойынша – тиісті жылғы 1 қыркүйекке дейінгі, күздік дақылдар бойынша – тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:
2) сатып алынған субсидияланатын тұқымдарға тиесілі субсидияларды алу үшін (элиталық тұқым шаруашылығына немесе тұқым шаруашылығына субсидиялар алу құқығын берген жағдайда) жаздық дақылдар бойынша – тиісті жылғы 30 шілдеге дейінгі, көп жылдық шөптер бойынша – тиісті жылғы 1 қыркүйекке дейінгі, күздік дақылдар бойынша – тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:
3) егіске пайдаланылған өзі өндірген тұқымдарға субсидиялар алу үшін – жаздық дақылдар бойынша тиісті жылғы 30 шілдеге дейінгі, көп жылдық шөптер бойынша – тиісті жылғы 1 қыркүйекке дейінгі, күздік дақылдар бойынша – тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:
4) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін өсіруге субсидиялар алу үшін – тиісті жылғы 30 шілдеге дейінгі мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, нысандар бойынша Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға өтінімдер қабылдайды. 
Субсидия алушылар
Субсидиялар:
      1) бірегей тұқым өндірушілердің (бұдан әрі – оригинатор) бірегей тұқымдардың нақты өндірген көлемдеріне жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге;
      2) элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының (бұдан әрі – элиттұқымшар) нақты сатып алған бірегей тұқымдарына жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге;
      3) элиттұқымшар бір уақытта оригинатор болып табылған жағдайда, элиттұқымшардың егіске нақты пайдаланған өзі өндірген бірегей тұқымдарына кеткен шығындарын ішінара өтеуге. Бұл ретте, элиттұқымшардың шығындарын ішінара өтеу элиталық тұқымдардың жоспарлы өндіру қөлемін қамтамасыз ету үшін бірегей тұқымдардың ғылыми негізделген қажеттілігін есепке ала отырып жүргізіледі;
      4) тұқым өсіру шаруашылықтарының (бұдан әрі – тұқымшар) және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі – ауылшартауарөндiрушiлер) нақты сатып алған элиталық тұқымдарына жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге;
      5) тұқымшар бір уақытта элиттұқымшар болып табылған жағдайда, тұқымшарлардың егіске нақты пайдаланған өзі өндірген элиталық тұқымдарына кеткен шығындарын ішінара өтеуге. Бұл ретте, тұқымшардың шығындарын ішінара өтеу элиталық тұқымдардың жоспарлы өндіру көлемін қамтамасыз ету үшін элиталық тұқымдардың ғылыми негізділген қажеттілігін есепке ала отырып жүрізіледі;
      6) ауылшартауарөндiрушiлердің майлы дақылдардың, көпжылдық және біржылдық шөптердің, арпаның, күріштің, картоптың және мақтаның нақты сатып алынған бірінші көбейтілген тұқымдарына (бұдан әрі – бірінші көбейтілген тұқымдар) жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге;
      7) ауылшартауарөндiрушiлердің жүгерінің, қант қызылшасының, рапстың, күнбағыстың және мақтаның нақты сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына (бұдан әрі – бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары) жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге;
      8) ауылшартауарөндiрушiлердің жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін (бұдан әрі – элиталық көшеттер) нақты сатып алуға жұмсаған шығындарын ішінара өтеуге арналады.

 

 

 

 

 

 

 

Жеміс-жидек, жүзім өсірумен айналысатын ауыл шаруашылық құрылымдарына!

 

            Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27  қаңтардағы «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/168 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» № 33 бұйрығына сәйкес, «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Субсидияны алу шарттары
         Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
      1) аталмыш хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап,  тиісті жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде Бөлімге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өндірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға арналған субсидияларды алуға өтінім;
      2) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу талаптарына сәйкес жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу.
      Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруге субсидиялар мынадай шарттар кезде төленеді:
      1) аталмыш хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап,  тиісті жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде Бөлімге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өндірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруге арналған субсидияларды алуға өтінімдер қабылдайды.
      2) екінші вегетацияның – аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен және книп-баум көшеттерімен отырызылғандар үшін, екінші-үшінші вегетацияның – жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылғандар үшін, екінші-үшінші-төртінші вегетацияның – биік бойлы телітушілердің көшеттерімен отырығызылғандар үшін, екіншіден бастап жетінші вегетацияны қоса алғанда – алманың "Апорт" сорты бойынша өсіру сақталған кезде беріледі.
      Егер де бұрынғы жылдары отырғызылған жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттер ішінара жойылған және АӨК субъектісі оларды меншікті қаражатының есебінен қалпына келтірген жағдайда субсидиялар АӨК субъектісіне нақты сақталып қалған көпжылдық көшеттердің алаңына ғана (көпжылдық көшеттердің өздігінен қалпына келтірілген алқаптарын есепке алмағанда) тиесілі болады.
Субсидияны алушылар, Алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызған және оларды кейінгі жылдары өсіруді жүзеге асырған АӨК субъектілері субсидия алушылар болып табылады.

 

Мал шаруашылығымен айналысатын
ауыл шаруашылық құрылымдарына!

 

           Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы"  № 30 бұйрығына сәйкес, субсидиялауға жататын бағыттар бойынша:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға;
2) мал шаруашылығы өнiмдiлiгi мен өнiм сапасын арттыруға "Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, аталмыш хабарландыру жарияланған күннен бастап, ағымдағы жылдың 20 қарашасына дейін  өтінімдер қабылдайды.

 

«Нұрлы өлке» қоғамдық-саяси газетінің 2 маусым 2017 жылғы №22 (431) басылымының 8  беттіндегі хабарландыруға қосымша ақпарат:
2017 жылғы 24 мамырдағы Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының  №43-43/1070 хатына сәйкес, 1 гектарға арналған дақылдарды қаржыландыру а.ғ.ж. 10 шілдеде (5 күн басқармада субсидия жүргізіледі) аяқталуына байланысты, Қапшағай қаласының ауыл шаруашылық бөлімі басым дақылдарды өндіруді субсидиялауға өтінімдерді  2017 жылдың 2 маусымынан 7 шілдесіне дейін қабылдайды.   

 

      Өтінімдерді қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Қапшағай қ., Жамбыл к-сі, 13  Әкімшілік ғимараты (5-қабат, 506-кабинет) "Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі "ММ  тел: 8/27272/41388

 


Ауыл шаруашылық  


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .