Kapshagay.gov.kz

Кәсіпкерлердің назарына!!!

Главная


 

Ағымдағы жылдың 28-30 сәуір аралығында Алматы қаласында Тимирязев көшесі 42 мекен-жайы бойынша "Атакент"  Халықаралық көрме орталығында  5-ші халықаралық «Central Asia Reklam»  жарнама, полиграфия, технологиялар мен материалдар көрмесі және 4-ші «KazPromo» промоматериалдар мен жарнамалық кәдесыйлар көрмесі өтеді.
Халықаралық көрме В2В кең форматты іс-шара болып табылады. Көрмеде құрал-жабдықтар, полиграфиялық қызметтер, сыртқы жарнама жасау, шығыс материалдары, кеңсе жабдықтары, кеңсе тауарлары, өнеркәсіптік өнімдер ұсынылады.
Аталған шараға қатысуға қызығушылық танытқан тұлғалар болған жағдайда, толық ақпарат алу үшін «Central Asia Trade Exhibitions» компаниясынан 8 727-266-96-80 телефоны арқылы шара ұйымдастырушынан немесе www.houseware.kz  сайтынан толық ақпаратты  алуға болатынын хабарлаймыз.  


 


Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .