Kapshagay.gov.kz

Семинар

Главная


 

   Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, «Қазақстан Стандарттау Институты» РМК-ның қатысуымен қаланың кәсіпкерлеріне арналған семинар өткізілді. 
    Семинарда «Еуразиялық экономикалық одақ аумағына сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімдерді әкелу тәртібі туралы», КО ТР 017/2011 «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», ЕАЭО ТР 041/2017 «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» бекітілген техникалық регламент бойынша ақпарат берілді. ҚР «Стандарттау туралы» Заңының негізгі ережелері түсіндірілді, «Интернет-дүкен», «Е-жоспарлау» интернет-ресурстары бойынша таныстыру ақпараттары берілді. 
    Семинарды өткізудің мақсаты: «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімдерді әкелу тәртібі туралы» шешім жобасын түсіндіру, Еуразиялық экономикалық одақтың сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларының бірыңғай тізілімін және берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік туралы декларациялар бірыңғай тізілімін пайдалану, сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларацияларды бұрмаланғанын анықтау мүмкіндігі. ҚР «Стандарттау туралы» Заңының негізгі ережелерін кәсіпкерлерге жеткізу болып табылады.
    Семинардан кейін «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС мен «Бағашар Мекен» ЖШС-не барып түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және Қазақстандағы техникалық реттеу сұрақтары, стандарттау, өнімнің сәйкестігін растау, аккредиттеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


 


Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .