Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласында 2018 жылдың 9 айы бойынша өнеркәсіптік өндірістің, инвестицияларды тарту және шағын-орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы МӘЛІМЕТ

Главная




2018 жылдың 9 айында өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 47,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 4,7 млрд. теңгеге өсті. Қаланың облыстық өнеркәсіптегі салыстырмалы үлесі 7,5% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінің жалпы өндіріс көлеміндегі үлесі 76,6% немесе 36,6 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес уақытынан 6,7 млрд. теңгеге артық.

2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға тартылған инвестицияның жалпы көлемі 18,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,4 млрд. теңгеге өсті. Нақты көлем индексі – 100,1%. Жалпы инвестиция көлемінде 94,9% немесе 17,2 млрд. теңге бюджеттен тыс қаражаттар (кәсіпорының меншікті  қаражаты – 10382 млн. теңге, банк несиелері – 462,5 млн. теңге, заемдық қаражаттар – 6353,7 млн. теңге).

Аймақтағы өнеркәсіп саласы мен инвестиция тартуды дамыту мақсатында, бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылуда:
1. Индустрияландыру картасы шеңберіңде ағымдағы жылдың маусым айында «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-нің азық-түлік өнімдерін шығару зауыты іске қосылып, өндірістің 3 линиясы жұмыс істеуде: 1-линия – «Роллтон» тез жасалатын кеспе өндірісі, 2-линия – ыдыстағы тез жасалатын кеспе өндірісі, 3-линия «Роллтон-Домашний» приправасын шығару. Макарондық өнімдерді шығаратын 4-линияны ағымдағы жылдың қазан айында іске қосу жоспарланған. Жоба бойынша 11,3 млрд. теңге инвестиция тартылды (2018ж.-5,9 млрд. теңге). Қазіргі уақытта кәсіпорында 360 адам жұмыспен қамтылған.

2. «ВЭС Сарыбұлақ», «ВЭС Сарыбұлақ-2» ЖШС-нің жел электр станцияларының құрылысы аяқталып, іске қосылды. Станция аумағына жалпы қуаты 9,0 МВт 11 жел генераторы құрылып, жоба бойынша 3,2 млрд. теңге инвестиция игерілді.
Қазіргі уақытта «ВЭС Кербұлақ» ЖШС-нің жел электр станциясының құрылыс-монтаждық жұмыстары жүргізілуде, жоба аясында мұнда 12 жел генераторы орнатылады. Әзірге жобаға 674,7 млн. теңге қаражат инвестиция тартылды.

3. «ENEVERSE KUNKUAT» ЖШС-нің қуаты 150 МВт күн электростанциясының құрылыс-монтаждық жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны – 32,3 млрд. теңге. Ағымдағы жылдың басынан 2,8 млрд. теңге инвестиция игерілді.
1-кезеңде 100 МВт – 274 га, іске қосу мерзімі – 2019ж. 1-тоқсаны;
2-кезеңде 50 МВт – 126 га, іске қосу мерзімі – 2019ж. 3-тоқсаны.

4. «Кумсуат Фарм» ЖШС-нің медициналық бағыттағы өнімдерді шығару цехының құрылысы жалғасуда. Аталған жоба «Өндіріс» өңдеу өнеркәсібін қолдау бағдарламасы арқылы қаржыланады. Жобаның жалпы құны – 735,0 млн. теңге, жоба бойынша 62,5 млн. теңге инвестиция игерілді.

5. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «LST market» ЖШС-нің жылыжай кешенін 3 га кеңейту жобасы іске асырылды, 630,0 млн. теңге инвестиция тартылды.

6. Ағымдағы жылдың қараша айында «Solar Power Kapshagay» ЖШС-нің қуаты 50 МВт күн электростанциясының құрылысын бастау жоспарланған. Жобаның құны – 25,1 млрд. теңге.

2018 жылы жобаларды іске асыру және өндірістерді кеңейту есебінен өнеркәсіптік өндіріс көлемі 59,0 млрд. теңгеге көбейту жоспарланған. Өнеркәсіпте 395 жаңа жұмыс орны құрылады.
Тартылатын инвестиция көлемін 26,4 млрд. теңгеге жеткізіп, 2017 жылдың жоспарлы көрсеткішінен 2,6 млрд. теңгеге ұлғайту жоспарланған.

2018 жылдың 1 қазанына қалада шағын және орта бизнестің 3971 белсенді субъектісі қызмет жасайды, онда 16,5 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл белсенді жұмыспен қамтылған халықтың 49,6%-ы.
2018 жылдың 9 айында сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің көлемі – 9,5 млрд. теңгені құрады.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерден бюджетке түскен төлемдердің сомасы – 3,0 млрд. теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,5%-ға артық.

Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары да белсенді іске асырылуда.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында жалпы сомасы 448,0 млн. теңгеге 3 жобаға несие беріліп, субсидияланды («LST market» ЖШС, «Қапшағай Мұнай» ЖШС, «СД и КО» ЖШС).
Бағдарлама аясында банктің кредиттеріне кепілдік беру бойынша жалпы сомасы 215,7 млн. теңгеге 3 жоба мақұлданды («Кумсуат Фарм» ЖШС, «Қапшағай Мұнай» ЖШС, «СД и КО» ЖШС).
2018 жылы бағдарлама аясында шағын және орта бизнес субъектілері үшін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша 4 жоба Алматы облысының кәсіпкерлік және  индустриялық-инновациялық даму басқармасының қарауына берілді:
- «LST market» ЖШС-нің жылыжай кешенін газдандыру-64,8 млн. теңге;
- «Green Land Alatau» ЖШС-нің жылыжай кешенін газбен жабдықтау-31,3 млн. теңге;
- «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-нің зауытына темір жол салу-702,9 млн. теңге;
- «ENEVERSE KUNKUAT» ЖШС-нің күн электр станциясына 220 кВ электр желісін салу-259,6 млн. теңге.
Аталған жобалар 2019 жылға облыстық, республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін қарастыру үстінде.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 40,0 млн. теңгеге 10 шағын несие берілді.
Бағдарламаның екінші бағыты аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 59 адам оқытылды.

Жұмыс істеп тұрған және кәсіпкерлікке ынтасы бар азаматтар үшін «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін толық форматты Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы белсенді жұмыс жасауда. Орталық тек Қапшағай қаласының кәсіпкерлеріне ғана емес, сонымен қатар Балқаш ауданының кәсіпкерлеріне де қызмет көрсетеді. Жыл басынан қала тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар бойынша - 1010 кеңес, оның ішінде 60 - онлайн-кеңес берілді. 418 - тегін сервистік қызмет көрсетілді, 49 бизнес жоспар әзірленді.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 4 кәсіпкер «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша біліктіліктерін арттырды, «Аға сеньорлар» жобасына 1 кәсіпкер қатысты.

 

 


 


Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .