Kapshagay.gov.kz

«Алматы облысы Қапшағай қаласында көпфунционалды спорт кешенінің құрылысы және оны пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша қызығушылық таныту сұранысы

Главная


 

«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Алматы облысы Қапшағай қаласында көпфунционалды спорт кешенінің құрылысы және оны пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындаудың басталғаны туралы хабарлайды және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру ережелерінің» 12 тармақшасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерін тарту мақсатында, жобаны талқылауға әлеуетті жекеше әріптестерді шақырады.
Жобаның атауы:
«Алматы облысы Қапшағай қаласында көпфунционалды спорт кешенінің құрылысы және оны пайдалану».
Аймақ: Алматы облысы, Қапшағай қаласы.
Саласы: дене шынықтыру және спорт.
Жобаның шарттары: көпфунционалды спорт кешенінің құрылысы және оны пайдалану, оның ішіне кіретіні: мұз айдыны, футбол алаңы, тренажерлық зал және жекпе-жек залдары.
Жобаның шамалық құны: 1 000,0 млн. теңге.
Жобаны іске асыру уақыты: 3 жылдан 30 жылға дейін.
Жекеше әріптесті анықтау тәсілі: бірэтапты конкурс.
Шығындарды өтеу көздері:   Шығындарды өтеу көздері Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 9 бабына сәйкес, жақтардың келісімімен анықталады.

Толық ақпаратты келесі мекен-жай бойынша алуға болады:
«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі 222, байланыс телефондары 8 (7282) 25-43-11.
«Алматы облысының мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту аймақтық орталығы» ЖШС, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі 113, байланыс телефондары 8 (7282) 32-90-79, моб. +7 701 117 35 35.
Жоба бойынша ұсыныстар 2018 жылдың 20 шілдесіне дейін қабылданады. 


 


Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .