Kapshagay.gov.kz

Кәсіпкерлікті дамытудың ұтымды 10 қадамы

Главная




Үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Үкімет жұмысындағы басым бағыттардың бірі ретінде жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді белгіледі.Елбасы жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлікті дамытуға арналған 10 қадамды ұсынады.Бірінші қадам - шағын несиелеудің көкжиегін кеңейту. Осылайша, Бизнестің жол картасы-2020, Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020, ҚазАгро құралдары арқылы шағын несиелеудің көлемін кеңейту үшін келесі шаралар ұсынылады -сомасы, пайыздық мөлшерлемесі, кепілдік бойынша икемділігі, құжаттарға талаптардың жеңілдетілуі тұрғысынан «Атамекен» ҰКП шағын несиелеу тәжірибесін қолдану;сервистік қызметтер (бухгалтерлік, заңдық және тағы басқа), жобаны сүйемелдеу, бизнес-жоспар жасау, оқыту бойынша мемлекеттік тапсырма түрінде (аудандық КҚО күшейту үшін жыл сайын 3 млрд теңге) «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» барлық мемлекеттік бағдарламалары жөнінен шағын несиелеудің сервистік бөлігіндегі бірыңғай оператор қызметін «Атамекен» ҰКП-ға беру. «ҚазАгро» холдингі құралдары аясындағы сервистік қолдау қызметін табыстау мәселесін аталған холдинг өкілдерімен арнайы жұмыс тобында талқылау ұсынылады; «Атамекен» ҰКП тәжірибесін ескере отырып, өзінің шағын несиелеу жүйесі арқылы, Мемлекет басшысының нұсқауымен жіберілетін жалпы сома көлемінен 2017 жылы 10 млрд теңгені игеруге дайын.

Келесі қадамдар - халықты жаппай кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту, бәсекеге қабілетті бизнесті ұзақмерзімді мемлекеттік тапсырыстар есебінен қолдау, шағын және орта кәсіпкерліктің экспортқа бағдарлануы – экономика өсімінің негізгі драйвері, кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы индустриялық және инвестициялық шешімдер қабылдауға негіз болады, «үкімет бизнес үшін» сервисін құру, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын қайта реттеу. Тоғызыншы қадам - қылмыстық және әкімшілік заңнаманы одан әрі ізгілендіру. Оныншы қадам - барлық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқару органдардың ведомстволық және еншілес құрылымдарында нарық қағидаттарының сақталуына байланысты ревизия жасау.

Жоғарыда айтылған шаралар Мемлекет басшысы белгілеген және жалпы Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарынау  кіру стратегиясына, ЭЫДҰ стандарттарын енгізу ісіне толық сәйкеседі деп есептейміз. Осыған байланысты аталған шараларды Үкіметтің Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі жоспарына енгізуді ұсынамыз.

 


Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі ММ

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .