Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласында әлеуметтік көмек берілуде

Главная


Қазақстан Республикасының аймағында төтенше жағдай жарияланған уақыттан бастап бүгінгі күнге дейін мемлекет тарапынан, меценаттар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын жерлестерімізге қолдау көрсетілуде. Бүгінгі таңға дейін жалпы 342 отбасыға азық-түлік ретінде көмек берілді. Ағымдағы жылғы 10 сәуірде қалалық кәсіпкерлік бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Nur Otan» партиясының Қапшағай қалалық филиалы мен еріктілер тарапынан кеңейтілген #БІЗБІРГЕМІЗ акциясы ұйымдастырылып, 81 отбасыға әлеуметтік азық-түлік ұсынылды. Айта кетер сәт, бұндай көмекке аз қамтылған отбасылар, мүгедектер, жалғыз қариялар мен көп балалы отбасылар енгізілген. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Барша жомарт жүрек азаматтарға зор алғысымызды білдіреміз! #БІЗБІРГЕМІЗ



Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .