Kapshagay.gov.kz

ҮЕҰ ӨКІЛДЕРІНЕ ХАБАРЛАМА!!!

Главная


«Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-сі 2020 жылғы 31 наурызға дейін ҮЕҰ дерекқорына кезекті есепті кезең өтетінін хабарлайды.
2018 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсынуға тиісті ұйымдардың тізбесі нақтыланған.
Анықтама:
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41 бабының 5 тармағына сәйкес:
Жекеше мекеме, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға, еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларға, саяси партиялар, діни бірлестіктер және кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделген коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы                            12 шілдедегі № 68 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілгенҮЕҰ өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну Қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) өзгерістер енгізілді.
Осылайша, Қағиданың 7-1-тармағына сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы                     25 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабына сәйкес есепті кезең басталғанға дейін және есепті кезең ішінде өз қызметін қайта бастамаған, сондай-ақ тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған үкіметтік емес ұйымдар үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсынбайды».
Жалпы, ҮЕҰ дерекқоры бойынша барлық ақпарат infonpo.gov.kz интернет-порталында орналастырылған.
Анықтама:infonpo.gov.kzбасты бетте ҮЕҰ дерекқорына мәліметтер ұсыну нысаны, ҮЕҰ үшін нұсқаулық, бейне нұсқаулық орналастырылған.
НҚА бөлімінде: «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығы, Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорын қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар.
Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген Қағиданың 9-тармағына сәйкес ҮЕҰ дерекқорына ұсынылған мәліметтердің уақытылығы, толықтығы және нақтылығы тексеріледі. Ескертулер болған жағдайда мәліметтер ҮЕҰ-ға пысықтау үшін қайтарылады.
Осыған байланысты, ҮЕҰ өкілдерін кезекті есепті кезең (2019 жыл) бойынша мәліметтерді мерзімін бұзбай infonpo.gov.kz интернет-порталына тапсыруға шақырамыз.

 




Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .