Kapshagay.gov.kz

Қапшағайда кәсіпкер-меценаттар тарапынан тұрғын үйге кезекте тұрғандарға 30 пәтер сатып алынды

Главная


Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов қала тұрғындарына 30 пәтер алуға сертификаттар табыстады. Сертификаттар кезекте тұрған көпбалалы аналарға, жетім балалар мен 1,2 топтағы мүгедектерге берілді. Аталған пәтерлер «7-20-25» бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан «Teniz Towers» тұрғын үй кешенінен «Eneverse Kunkuat» ЖШС-нің басшылығы Болат Абилов пен Ораз Жандосов кәсіпкерлерінің жеке қаражаттарынан сатып алынды. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2020 жылғы мамыр айы.
Облыс басшысы Амандық Баталов тұрғындарды құттықтай отырып, облыс деңгейінде тұрғын үймен қамту бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатқанын белгілеп өтті. Онымен қоса бұл жұмыстарды жүзеге асыруға өңір меценаттарының да қолдау көрсететіндігін жеткізді.
Тұрғындар тарапынан «Қамқор  жүрек» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ляззат Салыкова мен көпбалалы ана Кеулимжаева Светлана көрсетіліп отырған көмекке зор алғыстарын білдіре отырып, қоныс иегерлерін жаңа пәтерлерімен құттықтады.
Алматы облысының әкімі Қапшағай қаласындағы «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде салынған «Balsu-Lux» тұрғын кешенінің құрылысымен танысты. Бұл объектінің құрылыс жұмыстары 2017 жылғы сәуір айында «Термомакс» ЖШС-мен басталған.
Сонымен қатар, Амандық Ғаббасұлы Баталов «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің әкімшілік ғимаратын көрді. Бұл ғимаратта бүгінгі таңда барлығы 12 мекеме жұмыс атқаруда. Олардың ішінде үкіметтік емес ұйымдар да бар. Облыс әкімі мүмкіндігі шектеулі балалар орталығының жұмысымен танысып, «Қапшағай Самға» және «Қамқор жүрек» қоғамдық бірлестік төрағаларымен жүздесті.

 




Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .