Kapshagay.gov.kz

Алматы облысында "Darmen"тегін мобильді қосымшасы іске қосылды

Главная


Алматы облысында тегін "Darmen" мобильді қосымшасы іске қосылды, оның жобасын Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Алматы қаласының Даму орталығымен және Smart Almaty тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде "I2NIK" ЖШС қазақстандық әзірлеуші компаниясымен бірлесіп іске асырды.
Бұл мобильді қосымша​ Android​ Және​ IOS​ операциялық жүйесі базасында смартфондар мен планшеттердің барлық иегерлерін мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеу үшін қолжетімді.
"Darmen" әзірлеу үшін Жапония мен АҚШ-тағы мобильді қосымша арқылы халықты хабардар ету тәжірибесі зерделенді.​ Бұл қосымша бірнеше секунд ішінде облыстың ТЖ қаупі мен туындауы, оның ішінде дауылды ескерту туралы халықты жаппай хабардар етуге мүмкіндік береді. Бұдан әрі жер сілкінісі туралы ерте хабарлау жүйесін енгізу кезінде осы қосымша алдағы жер сілкінісі туралы хабарлайтын болады.
Облыстың ТЖД "Қазгидромет" қызметінен, Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициядан жедел мәліметтерді алғаннан кейін хабарлама қалыптастырады. Одан әрі ТЖД жедел кезекшісі жүйеге деректерді енгізеді, ол Push-хабарлама қосымшасын пайдаланушыларға дереу жібереді.
Мобильді қосымша тәжірибелі пайдаланудан өтті және бұрын қолданылған SMS –хабарлаумен салыстырғанда хабарламаларды жедел жеткізуде жоғары тиімділікті көрсетті.
Қосымшаны​ App Store,​ Play Market​ ұялы телефондарына арналған қосымшалар дүкендерінен жүктеп алуға болады.
​Қапшағайқаласының ТЖ бөлімі


Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .