Kapshagay.gov.kz

Қапшағай өңірінде күзгі жиын-терім науқаны жоғары деңгейде өтуде

Главная


 

«Еңбегіне қарай өнбегі» демекші өңірдің шаруалары күзгі жиын-терім науқанын бастап кетті. Шаруалар көктемнің ерте кешінен қамдалып, жаз бойына күтіп-бапталған өнімдерінен мол өнім аламыз деген үмітте.
Биыл өңірдің шаруашылықтары 7390 тонна арпа, 4718 тонна дәндік жүгері, 6650 тонна майлы дақылдар, 117 мың тонна көкеністер жинауды жоспарлап отыр.
Осыған қажетті ауыл шаруашылығы техникалары, комбайндар барлығы дерлік дайын.
Өңірімізде, қант қызылшасы дақылын өсіру қарқыны да жоғарлауда.
Қант қызылшасы – елімізде қант алуға арналған негізгі шикізат, оның өндірілу деңгейі елдің азық-түліктік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
Ішкі нарықты отандық шикізаттан алынған қантпен толтыру, импорттық шикізатқа тәуелділікті төмендету, қант қызылшасын өндіретін шаруашылықтарға жұмысын алға бастыру үшін қолдау жасау белгіленгенін де атап айтуымыз керек.
Биылғы жылы жергілікті диқандар тың технологияларды қолдана отырып 800 гектар жерге қант қызылшасы дақылын егіп, өнімділігі 370 центнерден тәтті түбір алуды көздеп отыр.
Егін жинаумен қатар, жем – азық дайындау да белсенді жүргізілуде. Күзгі науқан кезіндегі ауа райы да диқандардың көңілінен шығуда. Шаруалардың ендігі басты мақсат – қамбаларды дәнге толтырып, егінді уақытылы жинап алу.


Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .