Kapshagay.gov.kz

Қапшағайда көпбалалы отбасыларға пәтерлер берілді

Главная


 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан Халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында және Қапшағай қаласына 49 жыл толу мерекесіне орай, 2019 жылғы 19 қыркүйек күні көпбалалы 15 отбасы баспаналы болды. Олардың ішінде Шеңгелді ауылдық округінде 3 үй, Заречный ауылдық округінде 1 пәтер және 1 үй, Қапшағай қаласында 10 пәтерлердің кілттері табысталды. Ұсынылған пәтерлер бюджет тарапынан, сондай-ақ меценаттар тарапынан сатып алынды. Бұндай көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету жұмыстары бұдан әрі жалғасатын болады. Аталған шаралар қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталып отыр.


Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .