Kapshagay.gov.kz

«Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-сі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында келесі бағыттар бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізетінін хабарлайды:

Главная


 

1. «COLORFEST» жастар фестивалін өткізу. Қатысушылардың құрамы және конкурс бағдарламасы тапсырыс берушімен келісіледі. Ұйымдастырушы тарап музыканттар мен жүргізушілерді, реквизиттерді және сценарийді дайындауға міндетті. Жоба бойынша мәлімет бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен таралуы тиіс. Жоба шеңберіндегі барлық ақпарат  қаржыландыру көздеріне сілтемесін беруі тиіс (Қапшағай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі).

 

2. Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен шаралар өткізу. Жарысқа қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар беруді ұйымдастыру. Спорттық шараға қатысушылардың құрамы және іс-шаралардың бағдарламасы тапсырыс берушімен келісіледі. Жоба бойынша атқарылған жұмыстар БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталуы тиіс.  Жоба бойынша жасалған барлық ақпаратта қаржыландыру көзіне сілтеме жасалуы тиіс (Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі).

 

3. Қапшағай қаласының аймағында діни экстремизм мен терроризм көріністерін алдын-алуға бағытталған шаралар өткізу. Қала жастары мен орта және кәсіптік білім беру мекемелерінің дінтану пәнінің мұғалімдеріне арналған семинар өткізу, «Діни экстремисттік ұйымдардың іс-әрекеттері және олардың құрамына кріп кетпеудің жолдары» атты кездесу ұйымдастыру, қалалық мемлекеттік мекемелерінің және кәсіпорындарының, сонымен қатар, ауылдық округ әкімдігінің, білім беру мекемелерінің жауапты қызметкерлерімен экстремисттік және террорлық әрекеттер кезінде қорғанудың жолдары атты семинар өткізу, «Діни экстремисттік ұйымдардың іс-әрекеттері және олардың құрамына кріп кетпеудің жолдары» атты кездесу ұйымдастыру, Қапшағай қаласының аймағында  тіркелген деструктивтік діни бағытты ұстанатын азаматтармен оларды дәстүрлі дінге қайтару бойынша кездесу жүргізу.


Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .