Kapshagay.gov.kz

«Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылда атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Главная


 

Қалалық ішкі саясат бөлімі жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес, өз жұмысын атқаруда. Аталған жоспарда ішкі саясат саласының негізгі бағыттары қамтылған.
БЮДЖЕТ:
2018 жылы қалалық ішкі саясат бөліміне 22505,0 мың теңге бөлінді. 10379,0 мың теңгесі жергілікті мемлекеттік саясатты жүргізу қызметіне, оның ішінде 6179,0 мың теңге бөлімнің ұстауына, 3000,0 мың теңге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа (1500,0 мың теңгеге «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» ЖҚБ ұтып алды, 3 шара өткізді). БАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін мемлекеттік тапсырыс аясында 12126,0 мың теңге жұмсалды («Нұрлы өлке» газетасының редакциясы «Қапшағай тынысы» ЖШС).
«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР; РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» МАҚАЛАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША:
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында бүгінгі күнге дейін Қапшағай қаласы бойынша жыл басынан бері 182 іс-шара өткізілді. Аталған шараларға 45 000 аса адам қатысты. Қаланың көшелеріне және құрылыстары жүргізіліп жатқан нысандардың аумағына 15 билборд орналастырылды. Жергілікті «Нұрлы өлке» газетінің беттерінде 25 мақала, әлеуметтік желілерде 203 материал жарық көрді.
Аталған бағдарламалық мақаласының аясында жылдың басынан бастап жоспарланған 36 жобадан 31 жүзеге асты, жұмсалған сомма 226,85 млн. теңгені құрады («Атамекен» кіші бағдарламасы аясындағы 5 жоба келесі жылға ауыспалы).
«Атамекен» кіші бағдарламасы аясында (кәсіпкерлік бөлімі) белгіленген 14 жобаның 5-і орындалған жоқ, жүзеге асқан 9 жобаға тартылған қаржы соммасы 194,9 млн. теңгені құрады.
«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша (білім бөлімі) бекітілген 15 жобаның 15 жүзеге асырылды. Жоспар бойынша 134 іс-шара уақытымен өткізілді. Жұмсалған қаражат демеушілік көмегімен 150 мың теңге құрады.
«Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында (мәдениет бөлімі) бекітілген 5 жобаның барлығы орындалды. Бүгінгі күнге дейін 99 іс-шара өткізілген. Қаражат бөлінбеген.
 «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы (ішкі саясат бөлімі) 2 жобадан және 22 іс-шарадан тұрады. 1 жоба демеушілер көмегімен - 1,2 млн. теңғе тартылып, 2 жобаға 1 млн. теңге жұмсалды.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында белгіленген міндеттерді Қапшағай қаласында жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мониторинг жүргізілді.
Жүргізілген мониторинг нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша келесі жұмыстар атқарылды:
1. Бекітілген штаб құрамының жобалық менеджмент негіздері бойынша оқытудан өткен, білікті, сертификатталған мамандар жоқ. Алайда облыстық Рухани Жаңғыру орталығы тарапынан өткізілетін оқытуларға келісім бойынша Қапшағай қаласынан тиісті мамандар оқуға жолданылады.
2. Бекітілген жоспарға сәйкес жалпы орта білім беру мекемелер арасында тиісті түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, жоспарға сәйкес өткізілетін шаралар жүйеге келтірілді.
3. Рухани Жаңғыру аясындағы белгіленген 4 бағыт бойынша жауапты мамандар мен қаржыландыру көздері енгізілді.
4. Атамекен кіші бағдарламасы бойынша жобалардың төлқұжаттары (паспорттары) түгенделіп, толықтырылды.
5. Қала әкімінің ресми интернет-ресурсында арнайы «Рухани Жаңғыру» рубрикасы ашылды (http://www.kapshagay-gov.kz/kaz/ruhani/ruhani.php).
Сонымен қатар, қала әкімдігінен ішкі саясат кабинетінде «Рухани Жаңғыру» бұрыштамасы ашылды. Бағдарлама бойынша мониторинг кестесі мен 11 айлық есеп кестелері орталыққа жолданылды. «100 жаңа есім» бойынша Қапшағай қаласынан – Мақпал Тәжмағамбетова ұсынылған. «100 жаңа есім» сайты арқылы Алматы облысынан ұсынылған кандидаттарға дауыс беру жұмыстары әлеуметтік желілер, БАҚ, хаттар жолдау арқылы жүзеге асырылып, аяқталды.
Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығымен мақаланың кіші бағдарламасы бойынша Қапшағай қаласының жауапты мамандары әрдайым тығыз байланыста.
БҰҚАРАЛЫҚ-АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ САЛАСЫ:
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше. Қала аймағында «Нұрлы өлке» қоғамдық-саяси газетінің, республикалық «Бизнес дайджест» газетінің, «КТВ» қалалық телеарнасы және «Телесервис», «SNI compani» кабельді теледидарының редакциялары орналасқан. Мемлекеттік ақпараттық саясатты «Қапшағай тынысы» ЖШС-нің «Нұрлы өлке» газеті жүзеге асырады. Газет таралымы – 2200 дананы құрайды. Әлеуметтік желілерде қызмет ететін: фейсбукта «Капшагайцы», вконтакте желісіндегі «подслушано в Капшагае» және «Мой Капшагай», инстаграмда «qapshagay», «kapshagay_trofimova» парақшаларында жарық көрген мақалаларға талдау жүргізіліп, сыни ескертпелер болған жағдайда тиісті мемлекеттік органға хабарланады.
Фейсбукте «Информационная служба города Капшагая», инстаграмда «akimatkapshagay», вконтакте «ПРЕСС-ЦЕНТР КАПШАГАЙ» атты әлеуметтік желілерде қала әкімдігінің арнайы парақшалары мен www.kapshagay-gov.kz ресми сайты бар. Парақшаларда Қапшағай қаласының тұрғындарына маңызды ақпараттар жариаланып турады.
Қапшағай қаласының өңірі бойынша 102 баннер орнатылған. Оның ішінде трасса бойында 72 баннер, ал қаланың ішінде 30 баннер орнатылған. Бүгінгі күнде баннер конструкцияларын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. Баннер конструкциялары мемлекеттік стандарттқа сай.
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР БОЙЫНША:
Қала аймағында әділет басқармасы мен мемлекеттік кіріс басқармасының қорында 42 астам мемлекеттік емес ұйымдар тіркелген. Оның 15 уақытша жұмысын тоқтатқан, 10 қалалық қоғамдық-саяси іс-шараларына белсенді қатысады, қалғандары қатыспайды.
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қапшағай қалалық филиалы, «Қапшағай қалалық Ауған соғысы ардагерлерінің кеңесі», «Қамқор жүрек», «Қапшағай самға» мүмкіндігі шектеулі азаматтарының қоғамдық бірлестіктері және «Қапшағай кәрістерінің этно-мәдени орталығының» белсенді атқарып жатқан жұмыстарын белгілеп кетуге болады. Қала аймағында «Нұр Отан» партиясының  қалалық филиалы тіркелген. Сонымен қатар, славян, кәріс және этно-мәдени бірлестіктері өз жұмыстарын атқарады.
ДІН САЛАСЫНДА:
Қапшағай қаласында 17 діни бірлестік тіркелген. Оның ішінде 6 мұсылман мешіті, 2 орыс-православ шіркеуі, 1 Рим-католик приходы мен 8 христиандық-протестанттық діни бірлестіктер бар.
Ашылғаннан бері тіркелмеген (Арна, Қосқұдық, Кербұлақ ауылдық мешіттері) мешіттердің, тіркелу жұмыстары басталып, әрі қарай жалғасуда. Мамыр айынан бастап 700 орындық жаңа «Қапшағай қалалық мешітінің» құрылысы жүргізіліп жатыр. Мешіттің ашылуы желтоқсан айына жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында 57 кездесу өткізілді.
Қала бойынша Египеттің Кайр қаласындағы «Әл-Азһар» Исламтану университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша білім алып жатқан Нұралиұлы Булат және Түркия Республикасы, Қайсери каласы, «Хасеки» академиясында «дінтану» мамандығы бойынша дәріс алып жатқан Бердіғұлов Жанат Төкенұлы атты екі студент бар.
Қалада өзге діни ағымды ұстанатын 64 азаматтар мен азаматшалар бар. Олармен тұрақты түрде тиісті жұмыстар атқарылуда.
Мектепке орамал (хиджаб) киіп келетін мектеп оқушылары жоқ. Діни себептерімен екпеден бас тартқан отбасылар жоқ.
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ:
Жылдың басынан бүгінгі күнге дейін Қапшағай қаласында қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығына пайдасын әкелетін 200-ден астам мәдени, спорт, қайырымдылық іс-шаралары өткізілген.
Қапшағай қаласы мен аймағы бойынша қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру,  ішкі саяси тұрақтылықты сақтау жұмыстары қалалық ішкі саясат бөлімінің басты назарында, демалыс және мереке күндері кезекшілік кестесі құрылып, әр екі сағат сайын облыстық басқармаға есеп беріледі.
«Қапшағай Алтын Алма» тұтынұшылар бағбандық серіктестігінің кейбір мүшелері арасындағы «билік» үшін күресу, таласу мәселесі; «Алтын Алма» және «Алма сити» ойынханаларының құрылтайшыларымен қызметкерлердің алдында айлық ақы бойынша берешектерін өтеу жөнінде мәселе; «Қапшағай су арнасы» МКК №11 кәрізді тазарту құрылғысында 3 азаматтың қайтыс болуы деген жағдайлар жылдың басынан бері орын алды. Жоғарыда көрсетілген қоғамдық-саяси ахуалға тұрақсыздықты әкелген мәселелер бүгінгі күнге дейін өз шешімдерін тапты.
ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАУ:
Елбасы Н. Назарбаевтың ағымдағы жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы бойынша Қапшағай қаласынан 51 адамнан тұратын 8 ақпараттық-насихаттау топтары құрылды. Топтардың жұмыс кестесі бекітілді. Бүгінгі таңға дейін қалалық «Нұрлы Өлке» газетінде 19 мақала, әлеуметтік желілерде 41 мақалалар жарияланып, 21 кездесулер өткізілді. Өткізілген кездесулерге жалпы 2100 жуық адам қатысты. Бүгінгі таңға дейін білім, медицина, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдармен (этномәдени бірлестіктер, жастар, қоғамдық ұйымдар, ақсақалдар, ардагерлер), кәсіпкерлермен кездесу өткізілді. Алдағы уақытта спорт саласындағы, коммуналдық сектордағы қызметкерлермен кездесу және жолдау бойынша дөңгелек үстелдер, форумдар және т.б. шаралар өткізу жоспарланған. Кездесулер бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Елбасының жолдауына байланысты қала аймағында 5 билбордтар орналастырылып, 100 ден астам тарату материалдары (брошюркалар) берілді. Жолдау бойынша мектептер мен колледждерде оқыту барысында тиісті түсініктемелер мен сынып сағаттарын өткізу жұмыстары қарастырылған.
Облыстық ақпараттық-насихаттау тобымен 1 кездесу өткізілді. Топтың жетекшісі - Алматы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы – Ермек Еркенұлы Әмірғалиев. Кездесу Қапшағай қаласы, Шеңгелді ауылдық округі, Шеңгелді ауылындағы мәдениет үйінде 07.11.2018 жылы сағат 11:00де өткізілді. Жиналысқа 200 ден астам адам қатысты, оның ішінде - бюджеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, ақсақалдар, ауыл активі, жастар және БАҚ өкілдері. Сонымен қатар, Елбасының 2018 жылғы 21 қаращадағы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша түсіндіру кестесі және медиа-жоспар әзірленді, әлеуметтік желілерде 14 мақала жарияланып, пікір-үндеулер талқыланды.

 

«Қапшағай қаласының ішкі
саясат бөлімі» ММ басшысы                                                       С. Мұсағитов


Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .