Kapshagay.gov.kz

Жақиянова Алтыншаштың шығармашылық өмір жолы

Главная


 

Жақиянова Алтыншаш 1959 жылы 30 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданында дүниеге келді.  Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының филология факультетін бітірген. Семей облысының Ақсуат ауданында «Ақсуат арайы» газетінде әдебиет және мәдениет бөлімінде әдеби қызметкер боп істеді.
Ширек ғасыр ұстаз бола жүріп, «Жүрегімнің жұлдызы», «Арқабай шежіресі», «Жанымның нұры», «Сүмбіле», «Қапшағай толқынында туған жырым», «Құлыншақ» атты жыр кітаптарын және «Қанат жайған Қапшағай», «Менің Мұқағалиым», «Алып тұлға және айдынды қала» атты көркем публицистикалық жинақтарын шығарды.
Алтыншаштың «Сағындым әже», «Асылым анам», «Жан асылым» «Әндерің-ай», «Көңілің қалды ғой менен», «Әнім сенсің Қапшағай», «Қапшағай вальсі» атты өлеңдеріне белгілі  композиторлар ән жазған.     
Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана қорына(http://kazneb.kz)  ақын А.Жақиянованың 7 кітабы енгізілген.
Алтыншаштың өмір белестері мұрағатта сақталып, мұражайы қалалық кітапханаға қойылған.
Бірнеше дүркін ақындар айтысына қатысқан. Оқушыларын облыстық, республикалық деңгейге дейін көтерген.
Қапшағай қаласының бас ақыны, Халықаралық Жазушылар Одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Ақбозат» жыр бәйгесінің бас жүлдегері;
«Білім шапағаты» газеті жариялаған «Зерде» сыйлығының жеңімпазы;
Қалалық «Үздік қазақ тілі мұғалімі – 2012» байқауының бас жүлдегері;
2017, желтоқсан  - республикалық «Балаларға арналған үздік поэзия» номинациясының бас бәйгесін жеңіп алды.


Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .