Kapshagay.gov.kz

«Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Главная


 

Қалалық ішкі саясат бөлімі жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес, өз жұмысын атқаруда. Аталған жоспарда ішкі саясат саласының негізгі бағыттары қамтылған.
Жылдың басынан бүгінгі күнге дейін Қапшағай қаласында қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығына пайдасын әкелетін 200-ден астам мәдени, спорт, қайырымдылық іс-шаралары өткізілген.
2018 жылы қалалық ішкі саясат бөліміне 22505,0 мың теңге бөлінді. 10379,0 мың теңгесі жергілікті мемлекеттік саясатты жүргізу қызметіне, оның ішінде 6179,0 мың теңге бөлімнің ұстауына, 3000,0 мың теңге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа (1500,0 мың теңгеге «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» ЖҚБ ұтып алды, 3 шара өткізді). БАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін мемлекеттік тапсырыс аясында 12126,0 мың теңге жұмсалды («Нұрлы өлке» газетасының редакциясы «Қапшағай тынысы» ЖШС).
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында бүгінгі күнге дейін Қапшағай қаласы бойынша жыл басынан бері 155 іс-шара өткізілді. Аталған шараларға 42 000 аса адам қатысты. Әлеуметтік желілерде 172 материал жарық көрді.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше. Қала аймағында «Нұрлы өлке» қоғамдық-саяси газетінің, республикалық «Бизнес дайджест» газетінің, «КТВ» қалалық телеарнасы және «Телесервис», «SNI compani» кабельді теледидарының редакциялары орналасқан. Мемлекеттік ақпараттық саясатты «Қапшағай тынысы» ЖШС-нің «Нұрлы өлке» газеті жүзеге асырады. Газет таралымы – 2400 дананы құрайды. Әлеуметтік желілерде қызмет ететін: фейсбукта «Капшагайцы», вконтакте желісіндегі «подслушано в Капшагае» және «Мой Капшагай», инстаграмда «qapshagay», «kapshagay_trofimova» парақшаларында жарық көрген мақалаларға талдау жүргізіліп, сыни ескертпелер болған жағдайда тиісті мемлекеттік органға хабарланады.
Фейсбукте «Информационная служба города Капшагая», инстаграмда «akimatkapshagay», вконтакте «ПРЕСС-ЦЕНТР КАПШАГАЙ» атты әлеуметтік желілерде қала әкімдігінің арнайы парақшалары мен www.kapshagay-gov.kz ресми сайты бар. Парақшаларда Қапшағай қаласының тұрғындарына маңызды ақпараттар жарияланып тұрады.
Қапшағай қаласының өңірі бойынша 102 баннер орнатылған. Оның ішінде трассада 72 баннер, ал қаланың ішінде 30 баннер орнатылған. Бүгінгі күнде баннер конструкцияларын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. Баннер конструкциялары мемлекеттік стандарттқа сай.
Қала аймағында әділет басқармасы мен мемлекеттік кіріс басқармасының қорында 42 астам мемлекеттік емес ұйымдар тіркелген. Оның 15 уақытша жұмысын тоқтатқан, 10 қалалық қоғамдық-саяси іс-шараларына белсенді қатысады, қалғандары қатыспайды.
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қапшағай қалалық филиалы, «Қапшағай қалалық Ауған соғысы ардагерлерінің кеңесі», «Қамқор жүрек», «Қапшағай самға» мүмкіндігі шектеулі азаматтарының қоғамдық бірлестіктері және «Қапшағай кәрістерінің этно-мәдени орталығының» белсенді атқарып жатқан жұмыстарын белгілеп кетуге болады. Қала аймағында «Нұр Отан» партиясының  қалалық филиалы тіркелген. Сонымен қатар, славян, кәріс және этно-мәдени бірлестіктері өз жұмыстарын атқарады.
Қапшағай қаласында 17 діни бірлестік тіркелген. Оның ішінде 6 мұсылман мешіті, 2 орыс-православ шіркеуі, 1 Рим-католик приходы мен 8 христиандық-протестанттық діни бірлестіктер бар.
Ашылғаннан бері тіркелмеген (Арна, Қосқұдық, Кербұлақ ауылдық мешіттері) мешіттердің, тіркелу жұмыстары атқарылған. Тамыз айынан бастап 600 орындық жаңа «Қапшағай қалалық мешітінің» құрылысы жүргізіліп жатыр. Мешіттің ашылуы желтоқсан айына жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында 57 кездесу өткізілді.
Қала бойынша Египеттің Кайр қаласындағы «Әл-Азһар» Исламтану университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша білім алып жатқан Нұралиұлы Булат және Түркия Республикасы, Қайсери каласы, «Хасеки» академиясында «дінтану» мамандығы бойынша дәріс алып жатқан Бердіғұлов Жанат Төкенұлы атты екі студент бар.
Қалада өзге діни ағымды ұстанатын 64 азаматтар мен азаматшалар бар. Олармен тұрақты түрде тиісті жұмыстар атқарылуда.
Мектепке орамал (хиджаб) киіп келетін мектеп оқушылары жоқ. Діни себептерімен екпеден бас тартқан отбасылар жоқ.
«Қапшағай Алтын Алма» тұтынұшылар бағбандық серіктестігінің кейбір мүшелері арасындағы «билік» үшін күресу, таласу мәселесі; «Алтын Алма» және «Алма сити» ойынханаларының құрылтайшыларымен қызметкерлердің алдында айлық ақы бойынша берешектерін өтеу жөнінде мәселе; «Қапшағай су арнасы» МКК №11 кәрізді тазарту құрылғысында 3 азаматтың қайтыс болуы деген жағдайлар жылдың басынан бері орын алды. Жоғарыда көрсетілген қоғамдық-саяси ахуалға тұрақсыздықты әкелкен мәселелер бүгінгі күнге дейін өз шешімдерін тапты.
Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Шеңгелді, Сарыбұлақ, Кербұлақ, Ақөзек, Қосқұдық, Заречный, Арна ауылдарында және Қапшағай қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламаны түсіндіру бойынша «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен «Рухани керуен» атты акция өткізілді. Акция барысында Елбасының мақаласы тұрғындар арасында түсіндіріліп арнайы дайындалған брошюралар табысталды. Әлеуметтік аз қамтылғандарға азық түлік пакеттері табысталды.
2018 жылдың 9 маусым күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Сакралды география» жобасын орындау мақсатында «Таңбалы тас» шатқалына танымдық экспедициясына Қапшағай қаласының жастары қатысты.
2018 жылдың 22 маусым күні Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Қапшағай қаласының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мәжіліс залында қала әкімі Т. Қайнарбеков  БАҚ қызметкерлерін құттықтап, сыйлықтар табыстады.
27 маусым күні Қапшағай қаласының Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Аяла алақан» тақырыбында «Қапшағай самға» мен «Қамқор Жүрек» мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастыруымен  қайырымдылық концерт өтті.
6 шілде күні Қапшағай қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Еліміздің Елордасы - Астана қаласының 20 жылдығына орай және 31 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні мейрамын мерекелеу қала әкімінің өкімімен бекітілген қалалық іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылып өткізілді. Мерекелік салтанатты шарада қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. 
23 шілде-03 тамыз айларының аралығында Қапшағай қаласында «Адал жол – честный путь» атты сыбайлас-жемқорлыққа қарсы марафон аясында түрлі іс-шаралар өткізілді.
25 қыркүйек күні мемлекеттік емес ұйымдар және діни бірлестіктердің өкілдерімен қалалық әкімдіктің мәжіліс залында жиналыс өтті. Кездесу барысында ұйымдардың болашаққа жұмыс жоспары талқыланды.
2018 жылдың 09 қазанында Қапшағай қаласы және аймағы бойынша Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы бойынша насихаттау мен түсіндіру мақсатында құрамы 46 адамнан тұратын 8 ақпараттық-насихаттау топтары құрылды. Аталған топтардың  қаламыздағы мекемелер мен кәсіпорындарына  шығу кестесі бекітілді. Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндіруге қажетті әдістемелік материалдар ақпараттық топтарының жетекшілеріне таратылып берілді. Ақпараттық насихаттау топтары қызмет етуін қалалық активтен кейін шығу кестесіне сәйкес бастайды.
Қапшағай қаласы мен аймағы бойынша қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру,  ішкі саяси тұрақтылықты сақтау жұмыстары қалалық ішкі саясат бөлімінің басты назарында.

 

«Қапшағай қаласының ішкі
саясат бөлімі» ММ басшысы                                                       С. Мұсағитов


Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .